Талдықорған: +14°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Талдықорған жайлы, қауіпсіз, жасыл қалаға айналады

20.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Талдықорған жайлы, қауіпсіз, жасыл қалаға айналады
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығының бүгінгі бейнесін, халқының әлеуметтік тұрмысын, өндірісті өңірдің тыныс-тіршілігінің өсу деңгейін еліміздің даму көрсеткіштеріне қосқан үлесі арқылы да бағамдауға болады. Десе де жүзеге асырылатын іс өте көп. Біржылдық жұмыстың нәтижесін бағалаған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесті.

ТОЛАЙЫМ ТІРЛІК БАР

Қаланың өндірістік әлеуетін ілгерілетуде де ауыз толтырып айтар тірлік бар. Өткен 11 айда 166,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Биыл жаңа ірі жобалардың қатарында газбетон блоктарын шығаратын «Стальбетон», электр энергетикалық жабдықтарды өндіретін зауыт, «Дәмді» кондитерлік цехы ашылды. Сонымен қатар «Алмас Керамикс» серіктестігі өндірісін кеңейту шаралары жүзеге асырылып, «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауытының жаңа желісі іске қосылды.

Жалпы, экономиканың локомотиві – шағын және орта кәсіпкерлік нысандары десек, жаңсақ болмас. Талдықорған қаласында 21 мыңға жуық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес бар. Қала халқының біршама бөлігі осы саладан нәпақа тауып жүр. Бизнес субъектілерінен 27 млрд. теңге салық жиналып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артты. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау аясында биыл 2,8 млрд. теңгеге 49 жоба қаржыландырылды.

Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыруда шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру маңызды екенін тілге тиек етті.

Осы жылдың 11 айында қаланың ауыл шаруашылығында 31 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Биыл 7 мың тонна күнбағыс майын шығаратын «Aspan Industry» зауыты іске қосылды. Қалада жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін 21 нысан, сүт өнімдерін өңдейтін 2 және майлы дақылдарды қайта өңдейтін 4 зауыт бар. Маусымаралық кезеңде қала тұрғындарын 300 тоннаға жуық көкөніспен қамтамасыз ететін 7 жылыжай жұмыс істейді. Халықты уақытында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуда, баға тұрақтылығын қалыптастыруда да ауыз толтырып айтар жетістік бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстау және қала халқын қажетті өніммен қамтамасыз ету мақсатында өнімді сақтауға арналған сыйымдылығы 6 мың тонна болатын қойма жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда баға тұрақтылығын сақтау аса маңызды, – деді Бейбіт Исабаев.

ӨТІНІШ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен жылы аймақ басшысы халықпен кездесуінде қаланы дамытудың 3 негізгі бағытын атап өткен болатын. Олар – жайлы, қауіпсіз және жасыл қала құру. Осыған байланысты қаланың 2025 жылғы даму бюджеті 1,9 есеге ұлғайтылды. 2024 жылы 36 млрд. теңге болса, 2025 жылы 68 млрд. теңгеге жетті. Облыс әкімінің айтуынша, келесі жылдың бюджеті тағы 40 пайызға ұлғаяды.

Халықтың сапалы өмір сүруі үшін жолдың да маңызы зор. Биыл «Солтүстік Батыс», «Құлагер», «Бірлік» шағынаудандарында 62 көшеге жол салынды. Оның ішінде 11 көшеге екінші қабат асфальт төсеу және абаттандыру жұмыстары келер жылы аяқталады. «Шығыс» шағынауданында 7 көшеге күрделі жөндеу, ал Қабанбай батыр, Жансүгіров, Рүстембеков, Гагарин және Ақтөбе ықшам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келер жылы 8 көшеге орта мерзімді жөндеу жұмыстары басталады. Осындай ауқымды жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттандырарлық жолдардың үлесі 89%-дан 91%-ға өсті.

Тұрғындардың өтініші бойынша «Береке» коттедж қалашығынан Алматы – Өскемен трассасына тікелей шығу мақсатында «АКЛ» базары маңында жол айырығын салу жұмыстары келесі жылы басталатынын айтқан облыс басшысы қаладағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатынын жеткізді. Қала бойынша қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 1275 бейнекамера бар, оның 165-і биыл орнатылды. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 160 «Mergen», 75 «Target-ai» камералары, қала тазалығын қадағалайтын 20 фототұзақ іске қосылды. Жаңа 8 бағдаршам және оқушылар қауіпсіздігі үшін мектеп маңындағы 12 жаяу жүргіншілер жолына жарық шамдары орнатылды.

Ауызсу сапасын жақсарту мақсатында Еркін ауылының негізгі көшелерінде 4,2 шақырым су құбыры салынып жатыр. Ауылішілік жолдар да кезең-кезеңімен жөнделіп, халық игілігіне берілуде. Мәселен, «Көктал» және 3-бөлімше тұрғын алабында 56 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Келесі жылы Еркін ауылдық округінің 5 көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі. 2026 жылы Еркін ауылының 18 көшесін жарықтандыруға қаражат бөлінген.

Биыл «Ынтымақ» тұрғын алабында 44 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталып, «Жастар-1», «Жастар-3» тұрғын алабында 60 көшеге асфальт төселіп, алдағы 2 жылда жалпы 74 көшеге асфальт салынып, «Жастар-2» тұрғын алабында 12 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл Өтенай ауылында 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асты.

– Талдықорған қаласын дамытудың кешенді жоспары бекітіліп, онда тұрғын үй құрылысына, коммуналдық инфрақұрылымды – жылу, су, газбен жабдықтау желілерін жаңғырту, жол салу, аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, көшелерді жарықтандыруға баса назар аударылды. Талдықорған халқының саны 200 мыңнан асты. Халық санының өсуіне байланысты инфрақұрылым мен тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл облыс орталығындағы автомобиль жолдарын салуға, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға 13,8 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты, – деген облыс басшысы қала әкіміне қала жолдарын жақсарту мақсатында істеліп жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылауды және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

БАСПАНАҒА «ОТБАСЫ БАНК» ЖАУАПТЫ

Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен, білім және медициналық сапалы қызметпен қамту, қаладағы саябақтарды жаңғырту жайында атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Жалпы, облыс орталығында ең өзекті тұрғын үй мәселесі екені бесенеден белгілі. Бүгінде баспана кезегінде 20 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Өткен жылы 1 283 баспана беріліп, тұрғын үй кезегі 9%-ға қысқарған. Ал биыл 1 429 тұрғын үй беру жоспарлануда.

«Береке» коттедж қалашығында 107 үйдің, «Самұрық-Қазынаның» демеушілігімен сыйға берілген 180 пәтерлі 3 үйдің құрылысы аяқталды. Бюджет қаражаты есебінен оңтүстік-батыс ауданында 170 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үй аяқталуға жақын.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 386 тұрғын үй сатып алып, апатты үйлерде тұрып жатқан азаматтарға 19 баспана табысталды.

– Халықтың жайлы өмір сүруі үшін ең басты – баспана қажет. Біз осы тұрғыда барынша жақсы жұмыс істеп келеміз. Бірақ соңғы уақытта қаладағы құрылысы біткен, дайын үйлер тұрғындардың қолына тимей отыр. Себеп – осы жылдың 24 мамырынан кезекке қою және тұрғын үй беру функциясы жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банк» құзырына өтті. Енді тұрғын үйлер осы банк арқылы беріледі. Бізге әлі де тұрғындар келіп, баспана сұрағанда мән-жайды айтып түсіндіреміз. «Отбасы банк» тарапынан құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді қабылдау және кезекпен беру мәселесі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты республика бойынша кешеуілдеп отыр. Қазір халық алдында, Жасұлан Мұратұлы, бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтыңыз. Халықпен ашық жұмыс істеулеріңіз керек. Қарапайым халық баспана беру ісімен сіздердің айналысып жатқандықтарыңызды білмейді. Неге түсіндіру жұмыстарын жүргізбейсіздер? Халықты алдамаңыздар, – деген аймақ басшысы жүйесіз жұмысқа көңілі толмай «Отбасы банк» филиалының директорын мінберге шақырды. Алайда толық әрі нақты жауап қата алмаған жауапты тұлға заңнамадағы кеткен кемшіліктерге байланысты баспана беру ісі біршама кешеуілдеп жатқандығын айтып, бұл кемшілік жойылатынын жеткізді.

Бүгінде тұрғындар тарапынан құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің сапасының төмендігіне байланысты шағымдар азаймай тұр. Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағынаудандары мен «Береке» коттедж қалашығының құрылысындағы кемшіліктер күні бүгінге дейін жойылмады. Осыған орай облыс әкімі қала басшысына мердігер тарапынан жіберілген кемшіліктерді дер кезінде жойып, тиісті шаралар қабылдауды қатаң тапсырды.

Қаланың көркін бұзған «сақалды құрылыстар» да әкім назарынан тыс қалмады. Қала келбетін бұзып 2023 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Лидер» серіктестігінің 108 пәтерлі 4 үйіне, 2024 жылдан тоқтап тұрған «Amanat First Construction» серіктестігінің 129 пәтерлі 3 үйіне техникалық қорытындылар жасалып, жобалары қайта түзетілуде.

Оңтүстік-батыс тұрғын алабында тұрғын үйді жобалау, магистральдық-инженерлік желілерді салу, соның ішінде жылу, сумен жабдықтау, электр, кәріз желісін жүргізу жұмыстары басталды. Қала әкіміне құрылысы созылып келе жатқан нысандарды аяқтауды, келешекте мұндай жағдайдың орын алуына жол бермеу керектігін айтты.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ

Қаланың қарқынды дамуын ескере отырып тұрғындарды сумен, жарықпен және жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала беретінін айтқан облыс басшысы «Басқуат» қазандығындағы жүктемені азайту және тиімдірек және экологиялық таза энергия көздеріне көшу бойынша ілгерілеушіліктер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жаңа ықшамаудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін келесі жылы табиғи газды пайдаланатын қуаты 49 Гкал/сағ. қазандықтың құрылысы аяқталып, инвестор жалпы қуаттылығы 70 Гкал/сағ. газтурбиналық электр стансысы құрылысының бірінші кезеңін қаржыландыруда. Жұмыс 2026 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде «Басқуат» қазандығындағы жүктеме 50 пайызға азаяды.

Халықты көгілдір отынмен қамту да өзекті мәселенің бірі. Осыған байланысты Мойнақ ауылы мен «Жастар-3» шағынауданында газ тарату желілерінің құрылысы биыл аяқталып, округтің барлық елді мекен 100% көгілдір отынға қол жеткізді. Ендігі кезекте газға тұрғындар өздері қосылуы қажет.

Соңғы жылдары қала шетінде орналасқан 12 саяжай елді мекендерінің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазір он саяжай елді мекені ауызсумен толық қамтылып, көгілдір отынға да қол жеткізуде. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын тауып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған нақты және жүйелі шаралар жүзеге асырылатын болады.
Облыс әкімінің орынбасары Әсет Серікұлы мен қала басшысы Ернат Дүйсенбекұлына инвесторлармен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру және жылу және электр қуатын бөлу бойынша жол картасын дайындауды тапсырған әкім:

– «Береке» саяжай қоғамдастығында қуаттылығы 17 Гкал/сағат қазандық қондырғысының құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жұмыс келесі жылы басталады. Осылайша, 2028 жылға қарай қала жылу энергиясының жаңа көздерімен толық қамтамасыз етілетін болады. 2026-2029 жылдары қаланың ұзындығы 7,6 шақырым 60%-дан астам тозығы жеткен жылу магистралін кезең-кезеңімен қайта жаңғырту жоспарлануда. Өткен аптада Жансүгіров көшесінде 1980 жылдары орнатылған диаметрі 700 мм. құбыр жарылып, ондаған үй бірнеше сағат бойы жылусыз қалды. Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында Жансүгіров көшесіндегі құбырларды ауыстыру жобасының жобалық- сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаны қаржыландыру мәселесі келесі жылы шешіледі, – деді.

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

Халықпен кездесу барысында аймақ басшысы биыл қалада «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру және абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгенін атады. Десе де, қалада қоқысты қайта өңдеу мәселесі шешілмей келе жатқаны белгілі. Облыс әкімі енді жеке инвестор есебінен қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және жағу кешенін салуды жоспарлап отырғанын айтты. «Жасыл Жетісу» ЖШС Талдықорған қаласының және жақын маңдағы аудандар мен Текелі қаласында жылына 120 мың тоннаға дейінгі қалдықтарын қайта өңдеп, қосымша электр және жылу энергиясын өндіретін зауыт салынатынын жеткізді. Қазіргі уақытта арнайы зауытқа 3,3 гектар жер учаскесі бөлініп, жеке инвестормен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба жоспар бойынша 2026-2027 жылдары жүзеге асырылмақ.

Соңғы екі жылда ұзақ жыл бойы абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген «Ұлан», «Жұлдыз» және «Жетісу» шағынаудандарының 39 ауласы абаттандырылып, 20 көпқабатты үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді. Күні бүгінге дейін қала бойынша 39 көпқабатты үйдің шатыры ауыстырылып, жаңа 20 балалар алаңы орнатылды. Енді келесі жылы Жансүгіров көшесіндегі 30 үй жөндеуден өтіп, шатырлары, аулалары жаңартылмақ. «Құлагер» шағынауданында заманауи саябақ және «Бірлік» шағынауданында сквер салынып, қаланың жасыл қорын ұлғайту мақсатында 12 мың көшет отырғызылды. Келесі жылы «Жастар», «Ардагерлер» саябақтары және Қаратал өзенінің жағалауындағы ағаштар мен жасыл желектерді жазғы мезгілде суару үшін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылатын болады. Ернат Дүйсенбекұлы, жыл сайын қаламызды көркейту, жасыл қалаға айналдыру мақсатында мыңдаған көшеттер, гүлдер отырғызғанымен дер кезінде суару жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан суару жұмыстарын дұрыс жолға қоюды және қала тазалығын бақылауды тапсырамын, – деді облыс басшысы.

Білім беру саласында биыл 5 жекеменшік балабақша ашылып, «Батыс» тұрғын алабында 1 200 орынды мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім берілген. Денсаулық сақтау саласында биыл Өтенай ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

– Өңірге қажетті медициналық кадрларды тарту мақсатында 2024-2025 жылдары қалаға жұмысқа келген 24 дәрігерге 120 млн. теңге көтермеақы берілді. Алайда әлі де 78 дәрігер жетіспейді. Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, білікті мамандарды жұмысқа орналастыруды қарастыру керек. Ал Еркін ауылында 150 орынды Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін көркем гимнастикаға арналған ғимараттың құрылысы аяқталып, жас спортшыларды қуантамыз, – деген облыс әкімі жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын тиянақты қадағалау қажеттігін ескертті.

Келелі кездесудегі сұрақтың әлқиссасы пәтер кезегі мен баспаналы болу және көпқабатты үйдің шатырын ауыстырып, балалар ойнайтын алаң салу төңірегінен басталды. Облыс, қала әкімінің жұмысына қанағаттанып алғыс жаудырған тұрғынның да қарасы көп болды.

Тұрғындар тарапынан қаланы абаттандыру жұмыстары жөнінде де сауал жолданды. Еркін ауылындағы Ащысай көшесінің сын көтермеуі, Төлебаев көшесіне жүргінші жолын жасау, апатты үйлердің құрылысы, қаланың қақ ортасында орналасқан шағынаудандардың алдында балалар асыр салып ойнайтын алаңның жоқтығы да айтылды. Қала халқы жабық спорт кешенін салуға ұсыныс та білдірді.

Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарды тыңдаған аймақ басшысы Заң аясында барлығына тұшымды жауап беріп, алдағы уақытта өтініштер орындалатынын жеткізді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026
Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.