Талдықорған: -2°C
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тасқаладан шыққан Тасқамал

Кез келген спорттың белгілі бір тұсында құлдырау мен шарықтау түйісіп, спортшының ерік-жігері таразыға түспек. Тәртіп пен еңбеккерлік, болашаққа деген сенім мен үміттің күші алға жетелейді.

07.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Тасқаладан шыққан Тасқамал
WhatsAppTelegramFacebook

Бір сәтте бәріне қол сілтеп, сүйікті спортыңды сыртынан ғана бақылап, өзгелерге жанашырлық танытқаныңмен, іштегі мызғымас ұстаныммен ғажайып күш аласұрып, жай таптырмасы анық. Бүгінгі кейіпкеріміз спорттан бір мезетте қол үзіп, кейіннен қайта оралып, ел алдында абыройы артқан жандардың бірі. Оның футболдағы жолы кейінгілерге үлгі.

Қаптал арқылы қорғанысқа жауап беріп, шабуылға да үлес қосып жүретін (футбол тілінде қапталдағы қорғау- шы – фулбек/ оң қапталдағы қорғаушы – райт бэк) ойыншының алаңдағы еңбегі орасан. Кейінгі жылдары фулбекті барынша ұтымды пайдаланып, қос қапталдағы қорғаушы арқылы ойын тағдырын шешіп кететін командалар көбейді. Биыл Алматының «Қайрат» командасы өз тарихында айтулы нәтижеге қол жеткізіп, зор табысқа кенелді. Белгілі бір құрлық қана емес, Әлем көз тіге қарайтын УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнап жүр. Команданың алаңдағы нәтижесіне әсер етіп, бар күш-жігерін салып, жетістікке жету жолында аянып қалмағандардың бірі – Еркін Тапалов.

Үлкен футболшы болып қалыптасу үшін талай қиындықпен сын сәттен сүрінбей, шыдамдылық таныту қажет. Бұл тұрғыда кейіпкеріміздің өмірдерегі дәлел. Еркін 1993 жылы 3 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында дүниеге келген. Туған ауылында 9-сыныпқа дейін тұрды. Бала жастан допқа деген қызығушылығы алабөтен болған Еркіннің алғашқы бапкері – Мағзом Искалиев. «Ақжайық» командасының түлегі. Кәсіби карьерасын 2011 жылы 17 жасында бастады. Бірінші лигадағы «Ақжайықтың» ойыншысының сол сәттегі жалақысы 30 мың теңге болды. Қосымша жұмыс істеп, оқуын, жүріп-тұруын да өзі реттеді. Еркіннің жолын ашып, қалыптасуына септігін тигізген сол кезде Дмитрий Огай баптаған «Жетісу» командасы. Таразыға таңдау түсіп, басты қызығушылық жолында барын берген Еркіннің сол сәттегі іс-әрекеті бүгінде көптің аузында. «Ақжайықтың» негізгі командасына шақырту сиреп, жұмыссыз қалған тұста аталған команданың балаларға арналған үйірмесінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Еркін ол кезде бар болғаны 25-те еді. Спорттағы мансабының бұралаң жолға түсіп, таңдау мен таразыға жүгінген сәтінде 2019 жылы «Жетісудан» түскен шақыртуды ойланбастан қабылдады. Талдықорғандықтар сапында 21 ойын өткізіп, негізгі ойыншылардың біріне айналды. Сол жылы Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған Талғат Байсуфинов жетісулықтардың қатарында көзге түскен Еркінді шақыртып, әуелі Түркияда болған Молдовамен жолдастық кездесуде (2019 жылдың 21 ақпаны), одан кейін 2021 жылы Финляндиямен болған ресми кездесуде алаңға шықты («Астана Аренада» болған ойында 76 минутта Марат Быстровты ауыстырды). Еркін Тапалов бүгінге дейін жалпы Ұлттық құраманың 20 кездесуіне (5 Әлем чемпионатына іріктеу ойыны, 7 Еуропа чемпионатына іріктеу кездесу, УЕФА Ұлттар лигасында 2 және 6 жолдастық кездесу) қатысып, 1 голдық пас берді.

– Армандар орындалады, ол үшін тынбай жұмыс істеу керек. Бала кезімде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаймын деп ойламаппын. Алаңда құраманың жейдесін киіп, өз елім үшін күресемін деген арман болды. Алаңға шыққан кезде жанкүйерлерге толы стадионды көресіз. Өзіңізді нағыз футболшы ретінде сезінесіз. Әнұран айтқан тұста кеудені қуаныш кернейді. Сол сәтте бірден балалық шағымызды, ауламызды, стадионды, теледидарды, Қазақстан құрамасында ойнауды армандағанымызды еске түсіремін, – дейді Еркін Тапалов.

Еркіннің футболшы есебінде қалыптасып, ел чемпионатындағы мықтылардың санатына қосылуына ықпал еткен «Жетісу» футбол клубының өзіндік орны бар. Одан кейін алты жылда жеті клубта ойнады (2020 – «Каспий» 2 ойын, 2020 – «Шахтер» 12 ойын, 1 гол, 2021 – «Ақжайық» 25 ойын, 2 гол, 2022 – «Тұран» 9 ойын, 2022-23 – «Қызылжар» 36 ойын, 2024 – «Тобыл» 19 ойын, 2 гол және 2025 жылдан бастап «Қайрат» 17 ойын, 1 гол). Ойыншылардың құнын көрсетіп, олардың бағасын бағамдап отыратын әйгілі transfermarkt сайты Еркін Тапаловты 300 мың еуро деп көрсеткен. Ел чемпионатындағы ең бағалы қорғаушылардың санатына кіреді. Бұл Еркіннің еңбеккерлігін көрсетеді. Командаластары да және онымен жұмыс істеген бапкерлер де үнемі мақтап, әмбебаптығын айтып, жанкештілігін алға тартады.

– Тапалов – тұрақты әрі еңбекқор ойыншы. Қазақстан құрамасы мен Премьер-лига үшін сенімді қорғаныс, – дейді футбол жанкүйері Жандос Алиайдаров.

Бүгінде отыздан асып, алаң ортасында ойқастап жүрген Еркіннің іс-әрекетіне, шұғыл шешіміне сүйсініп, оң баға беретіндер көп. «Қайрат» командасы Еркінмен келісімшарт мерізімін 2026 жылдың соңына дейін ұзартты. Биылғы маусымда Алматының командасы қатысқан барлық турнирде 50 пайыздан артық ойындарға қатысып, негізгі құрамның басты ойыншысына айналды.

– Адам үнемі армандау керек. Алға қойған мақсатыңа жету үшін аянып қалмау қажет. Жетістікке жету жолы қашанда қиын. Еңбек – бәрін жеңбек. Қателесуден қорықпау керек. Өйткені ол өмірлік сабақ болады. Футболшы бол, шахтер бол, актер бол, өз ісіңе бекемдік танытып, ерік-жігерді аямаған абзал. Сонда ғана арманың саған жақындай түседі, – дейді спортшы.

Еркіннің жолы кейінгі көкқанаттарға үлгі. Ал бүгінгі жетістігі, әйгілі «Реалға» қарсы ойыны, «Интермен» болған матч кейін аңыз іспеттес өрбімек. Ауылдағы қарапайым құрылыс саласындағы мамандардың баласы Еуропа алаңдарында доп теуіп, қазақ футболының дамуы үшін өзінше үлес қосып жүргеніне қуанамыз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

Жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді

02.03.2026
Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

Қолжетімді баспана: 35 отбасы үйлі болды

02.03.2026
Жетісуда спорт залы бар Мәдениет үйі ашылды

Жетісуда спорт залы бар Мәдениет үйі ашылды

02.03.2026
Жаңа Конституция цифрлық құқықты арттырады

Жаңа Конституция цифрлық құқықты арттырады

02.03.2026
«Жетісу» командасының бапкері келісімшартын ұзартты

«Бір ұлттың темірқазығы». Сербиялық маман таныған Абай

02.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.