Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби дүниеге келді, оның ішінде 7 егіз. Жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей болды – 362 ұл және 363 қыз.
Мереке күні перзентханалардың медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді.
Ата-аналарды отбасыларындағы қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.
Дереккөз: BAQ.KZ





