Талдықорған: +14°C
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда бес жаңа әлеуметтік нысан ашылды

17.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда бес жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жалпы саны 5 жаңа нысан ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Қаратал ауданының Ортатөбе және Қанабек ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт, Тастөбе ауылында мәдениет үйі, Қаражиде ауылында спорт кешені ашылды. Мұндай нысандар аталған елді мекендерде бұған дейін болмаған. Сондықтан жаңа ғимараттардың ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі қадамдардың бірі деуге болады. Бұл қуанышты жаңалыққа орай ауыл тұрғындары пікір білдірді.

– Ауылымызда фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылғанына өте қуаныштымын. Бұрын толыққанды ем алу үшін көрші ауылға баруға мәжбүр болатынбыз. Өйткені бізде ескі ғимаратта отырған медициналық пункт қана болды. Енді қажетті сапалы медициналық көмекті өз ауылымыздан ала аламыз. Бұл — біз үшін үлкен жеңілдік, жақсы жаңалық, – деді Қанабек ауылының тұрғыны Дилнар Бүйрекбай.

Ал спорт кешенінің жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын қаражиделіктер қуана жеткізді.

– Бүгін жаңа спорт кешені ашылып отыр. Бұрын ауылымызда мұндай нысан болмаған. Енді балаларымыз бен немерелеріміз осы спорт кешенінде спорт түрлерінен жаттығып, денсаулықтарын шыңдауға мүмкіндік алды. Осындай игі істі жүзеге асырған барша азаматтарға алғыс айтамын, – дейді Қаражиде ауылының тұрғыны Ақпар Әбиров.

Қуанышты жаңалық Көксу ауданына да жетіп, мұнда Бозтоған ауылында 150 орындық мәдениет үйі ашылды. Нысанның құрылысы өткен жылдың көктемінде басталған болатын. Бұған дейін 1100-ден астам тұрғыны бар бұл елді мекенде мұндай мәдени ошақ болмаған, ал балаларға арналған барлық үйірме сабақтары жергілікті мектеп ғимаратында өткізіліп келген.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовтің айтуынша, жаңа мәдениет үйі ауыл жастары үшін маңызды даму орталығына айналады:

– Мұндай нысандар – жай ғана ғимарат емес, таланттарды дамытуға, дәстүрді сақтауға, рухани құндылықтарды нығайтуға арналған кеңістік. Бозтоған ауылындағы мәдениет үйі жастар үшін рухани даму орталығына айналатынына сенімдімін. Мұнда үйірмелер, шығармашылық студиялар жұмыс істеп, концерттер, кездесулер мен мерекелік шаралар өтетін болады. Ауыл үшін бұл – мәдени өмірдің жаңа парағы, – деді ол.

Жергілікті тұрғын Дариға Жаманбаланова да қуанышын бөлісті:

– Біз бұл күнді ұзақ күттік. Құрылысқа күш-жігері мен қаражатын салған барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Енді балаларымыз үйдің қасында музыкамен, бимен айналысып, өнерін шыңдайтын болады. Бұл – жастарымыздың болашағына жасалған маңызды инвестиция, – деді ол шынайы ризашылығын білдіріп.

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

13.04.2026
Президент бірқатар Елшіні тағайындады

Президент бірқатар Елшіні тағайындады

13.04.2026
Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

13.04.2026
Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.