Талдықорған: +24°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЗА АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕР КҮН ЖАҚЫН

05.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ТАЗА АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕР КҮН ЖАҚЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Текеліде 30 жылдық мәселенің күрмеуі тарқатылар күн жақын. Осынша жыл қала тұрғындары ауызсудың зардабын тартып келген. Әсіресе, көктемде лай суды місе тұтып, тіршілік нәрінің барына шүкіршілік етіп жүрген. Моноқалада желі жоқ емес, бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар өзегінде әр тұрғынның ауызсуға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.


Бірақ, тұтас қалаға Қора өзенінен берілетін су көпшілік білетіндей тау мұздықтарынан не жерасты бұлақтарынан бастау алады. Әдетте көктемде өзен тасқындап, лайланып ағады. Су мол кезде. Жазғытұрым уақытта су тазартқыш құрылымның лайлы суды тазартуға шамасы келмей қалатын. Кеңес заманында салынған қондырғылар әбден ескірген еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне сапарында мәселені түбегейлі шешуді, қала тұрғындарын сапалы һәм таза ауызсумен қамтуды тапсырған болатын. Содан бері Текеліде тынымсыз тіршілік басталды. Бастысы – Президент пәрменін жүйелі орындау. Жуырда моноқаладағы аталмыш мәселені шешуге бағытталған қарымды қарекетті көзбен көріп, жұмыс барысын бағамдап келген едік, соны баяндайық…

Жалпы, жергілікті әкімдік тұрғындарға таза ауызсуды қолжетімді ету мәселесін шешуге әуелден-ақ кіріскен еді. Мәселен, тіршілік нәрін өзеннен алғаннан гөрі жер астынан тарту жайын да қарастырған. Арнайы мамандар зерттеп-зерделеу жүргізгеннен кейін 2018 жылы тау бөктерінен 3 ұңғыма бұрғыланып, қалаға су желісін тарту керек болған. Осы мақсатта өткен жылы бюджеттен 993,6 млн. теңге қаралды. Екі жылға жоспарланған жұмыс биыл қазан айында аяқталады деп күтілуде. Текелі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалымжан Қызылбаевтың айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған.

– Жаз айының қолайсыз ыстығына қарамастан мердігер «ҚазЕвроСтрой» серіктестігінің жұмысшылары тынымсыз тірлік етуде. Қала бойынша 4 бригада күніге 10 сағаттан жұмыс істеп жатыр. Межеленгендей, қала тұрғындары қазан айында толықтай таза ауызсуды тұтынады. Бірақ, тұрғындар ауызсуды үнемдеуді білмейді. Мәселен, қала бойынша қыста күніне 7 мың текше метр су тұтынса, жазда 12 мың текше метрден асып жығылады. Тұрғындар судың да сұрауы барын ескерсе, баубақша суаруды доғарса деген тілегіміз де жоқ емес, – дейді Ғалымжан Төлегенұлы.

Бөлім басшысының сөзінше, ауызсу 355 мм. диаметрлік желі арқылы су сақтау қоймасынан қалаға беріледі. Ұзындығы 9 шақырым. Ал, үш ұңғымадан қоймаға дейін тағы 6,5 шақырым тартылған. «ҚазЕвроСтрой» серіктестігінің су желісін салып жатқан құрылыс бригадасының жұмысымен де таныстық. Қанат Сәрсекенов бастаған дәнекерлеушілер арнайы техникамен жер қазуда қиыншылық болып жатқанын алға тартты.

– Қарамағымдағы төрт жігітпен ауызсу желісін бір-біріне жалғаймыз. Қазір жер қазуда қиындықтар бар. Текелі қаласы тау бөктерінде орналасқан. Жер түгел тас. Соған қарамастан межелі уақытта жұмысты аяқтауға тырысып жатырмыз. Бізге жүктелгені желіні топырақ астына көміп кету ғана емес, оның ұзақ әрі ешқандай ақаусыз болуы маңызды. Сондықтан тасты топырақты қазып алып, содан соң желінің астыүстіне 30-40 сантиметр жұмсақ топырақ салып, қайта көмеміз. Текелілік тұрғындар тынымсыз тірлігімізге қарап разылығын білдіруде, – деді учаске бригадирі Қанат Сәрсекенов.

Таулы аймақта қыстың қатқыл келетінін ескерген құрылысшылар желіні 2 метр тереңдікке орналастыруда. Бір қызығы, біз барған кезде жер қазатын трактор беймәлім кабельге тап болған. Интернет не электр желісі екенін анықтау үшін біршама уақыт жұмыс та кідірді. Учаске бригадирі Қанат Сәрсекенов құзырлы мекемелерге байланысқа шығып, желінің ескі екенін анықтағаннан кейін ғана жұмысты одан әрі жалғастырды. Ауызсу желісін тартушылардың айтуынша кеңес заманында тартылған ескі сым-темірлер жер астында көп екен.

Мұнан соң, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалымжан Қызылбаев бізді бастап су сақтау қоймасына апарды. Қаладан 9 шақырым жердегі қойманың жұмысы 90 пайыз аяқталған. 1500 текше метрге жуық бетон қолданылған екі қоймада 3 мың текше метрден су сақталады. Бөлім басшысының сөзінше, қазір нысанды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Әуелі қоймаға су лық толтырылып, дәріленеді. Сосын су қайта ағызылады. Осындай тазарту әдісі 3-4 мәрте қайталанады. Ғалымжан Қызылбаев бірер күнде 4 су сорғы насосы орнатылатынын да айтып қалды.

– Қазір ұңғымадағы су зертханаға жөнелтілді. Қала тұрғындары таза ауызсудан тапшылық көрмейді. Қажет болған жағдайда Шажа өзенінен де су тартуды көздеп отырмыз. Барлық жұмыс жоспарға сай қазан айында аяқталып, тұрғындар таза ауызсуға қол жеткізеді. Сол үшін 4 бригададан құрылған 25 адам, 7 техника тынымсыз жұмыс жүргізуде. Жоғарыда айтқанымыздай, қалада қауырт тіршілік. Ауызсу желісінен бөлек, газдандыру жұмыстары қатар жүруде, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Сонымен, Мемлекет басшысының тапсырмасы Текелі қаласында қазан айында толық жүзеге асады. 30 мың қала халқы енді таза ауызсуды мәселе деп білмейтін болады. Бастысы, қазіргі қарқынды құрылыс жұмыстары сәтті болсын. Біздің тілек осы.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.