Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЗАЛЫҚ — ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ

03.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ

«Тазалық – иманның жартысы» деген тәмсіл бар атажұртта. Жетісу өңірінің жұртшылығы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысты. Біздің назарымызға бұл жолы Ескелді ауданы мен Текелі қаласындағы тазалық жұмыстары ілінді.


«Табиғатты аялау – тәрбиеден». Осы мәйекті сөзді ұстанған Ескелді ауданының жұртшылығы әдеттегідей сенбіде қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға кірісті. Жұрттан қалмай ағаш отырғызды, көше сыпырды, бабалар ұлағатының бір мысқалы саналатын ескерткіштердің айналасын абаттандырды. Аудан әкімі Елдос Ахметов бастаған «Таза Қазақстан» акциясының қатысушылары көгалдандыру жұмыстарын жандандырды.

Жуық арада Қарабұлақ ауылының маңында саялы бақ ауданға көрік бере түспек. Себебі, бұрын топырақ пен мал қиы тау болып үйіліп жататын аудан орталығының бір қақпасы маңы абаттандырылуда. Оған себепкер мұндағы меценаттығымен танылған Герман Нам басқаратын «Нам. Г. Н» шаруа қожалығы. Құрылымның көмегімен аудан әкімдігі 3 гектар аумақты тазартып, 5 мың түп жасыл желек орналастыруда. Қазір қоршаулы жерге жоспарлы көшеттің 50 пайызы егілген. Оның көктеп-көгеруіне жауапкершілікті «Нам. Г. Н» шаруа қожалығы мойнына алған. Жерді өңдеп, ағаш егуге қолайлы еткен де осы шаруашылық. Өткен сенбіде аудандық әкімдік құрылымның өкілдері, білім бөлімінің қызметкерлері осы маңға 600 түп терек, шаған ағашы және 200 түп алма көшетін отырғызды. 100-ге жуық адам қатысқан шараның басы-қасында аудан әкімі өзі жүрді. Көппен бірге туған өлкесін гүлдендіруге Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ержан Байсалбек те атсалысты. Мұнда көшет отырғызу жұмыстары жүріп жатқанын ести сала өз еркімен көппен бірге білек сыбана келіпті.

 – «Таза Қазақстан» акциясы тек әкімдіктің не бюджеттік мекеменің атқаратын шаруасы емес, жалпыхалықтық шара ғой. Мұндай ауқымды істі қолға алған аудан атқамінерлеріне алғыс білдіру керек. Қазір жастар қоршаған ортаға бейжай қарайды. Бұрын әкелеріміз «Бір ағаш сындыру – адам өлтіргенмен бірдей» деп үнемі көктемде үй маңайын көркейтуге күш салатын, ағаш егіп, көркейтетін. Сол әкемізден алған тәлімді келер ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек. «Тазалық – отбасынан басталады» деген сөз рас. Еліміздің әрбір азаматы балаларын өзі өмір сүретін аумақты таза ұстауға, табиғатты аялауға үйретсе, мұндай сенбілік шаралары болмас та еді. Бастысы, біз ұрпақ үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруымыз керек, – дейді Е. Байсалбек.

Ескелді ауданында ағаш көшеттерін отырғызудан басқа ауыл-ауылда сенбілік қарқынды жүргізілді. Бас-аяғы осы сенбілікке 14500 ескелділік тұрғын атсалысты. Нәтижесінде 3 мыңнан аса көшет отырғызылып, 107 мың шаршы метр жер және 250 шақырым арық пен канал тазартылып, 610 тонна күл-қоқыс шығарылды. 

Текелі қаласында да көктемгі абаттандыру жұмыстарына тұрғындар білек сыбана кірісіп, қалаға кірер тұсқа көшеттер отырғызып жатыр екен. Текеліде «Таза Қазақстанның» қарқын алуына орай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Жұмағалиевтің айтуынша, сенбілікке 200 адам, 12 техника жұмылдырылыпты. Қатысушылар қала кіреберісіне 100 түп көшет отырғызып, қалалық парк маңындағы ескі ағаштарды кесіп, қоғамдық орынды әрледі. Сол күні текеліліктер 15 тонна, ал «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 70 тонна күл-қоқыс шығарыпты.

Фармуш Намысбаев та көппен бірге Текеліні көркейтуге араласып жүр. Өз еркімен сенбілікке белсене қатысушының сөзінше, табиғаты әсем қаланы таза ұстауға әрбір тұрғын атсалысуы тиіс.
 – Текелі – Жетісу өңірінің жақұты. Ол жарқырай түсуі үшін әрбір тұрғын тазалық жұмыстарына белсенді қатысуы тиіс. Бәріміз қолайлы қалада өмір сүруге құқылымыз. Сондықтан тұрғындарды жақұтты қаланы таза ұстауға шақырамын, – дейді Ф. Намысбаев.

Жалпы, қоршаған ортаны таза ұстау үшін тазалық мәдениеті қалыптасуы керек. Ол үшін сана таза болуы тиіс. Тек өз ауласы мен өз үйін таза ұстаудан қала да, дала да көркеймейді және сенбі сайын жалауын желбіретер сенбілік ұйымдастырылмайды. Айтпақшы, «Таза Қазақстан» акциясының мұндай ауқымда өткізілуі тазалық мәдениеті мен сана тазалығының қалыптасуына мұрындық болары сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

18.07.2025
Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

18.07.2025
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.