Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТИІЛ ҚҰДІРЕТІ

29.08.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бір ауылда бай мен кедей баласы өмір сүріпті. Екеуі ауыл молдасынан дәріс алып, оқу-жазуды үйреніп жүреді. Молда оқытатын медресе ауылдың шетінде болыпты. Бай ұлы жаяу жүрмес үшін астына тай беріп, шешесі базардан ең сәнді әрі қымбат матадан тігілген дайын киімдер кигізіп қояды. Байдың баласы Балпаң не ішем, не жеймін демейді, шешесі баласының қарны ашып қалмас үшін күнде тәттілерді дорбасына салып береді екен. 

Кедей өзінің Кемеңгер деген баласына мінгізер тайы болмапты. Кедейдің әйелі баласына базардан арзан, бірақ жылы әрі қолайлы матадан өзі киім тігіп беріпті. Сабаққа барар алдында баласына бір түйір құрт қана беруге шамасы жетіпті. 

Арада жарты жылдай уақыт өтеді. Бұл кезде бай баласы Балпаң мен кедейдің баласы Кемеңгер араб, парсы, түрік тілін үйреніп, кітап оқитын дәрежеге жетіпті. Бір күні бай мақтанғысы келіп, баласының оқуға жарап қалғандығын ауылға жайып, тілашар тойын жасапты. Бұл тойға ауылдың тайлы-таяғы қалмай келіпті. Ауыл балаларына әріп тануды үйреткен молданы да шақырып, сый-сияпат көрсетіпті. Бай көптің көзінше:
– Қане, Балпаң, кітапты оқы, – деп бұйырады. Балпаң кітаптағы жазуларды ежіктеп оқып шығады. Жұрт бай баласының сауаты ашылыпты деп күбірлеседі. 
– Қане, Балпаң, дәптеріңе жазу жаз, – дейді бай маңғазданып. Бай баласы дәптеріне әріптердің бірін үлкен, бірін кішілеу қылып жаза бастайды. Әріптері бірде оңға, бірде солға жантайып кетіпті. 
– Қане, Балпаң, жаттаған тақпағыңды айт, – дейді бай жұртқа «Менің баламның қабілетін көрдіңдер ме?» дегендей шікірейе түседі. Балпаң молда үйреткен тақпағын айтып келе жатып, мүдіріп қалады. Бай қабағын шытып:
– Қане, тақпағыңды қайтадан қайтала! – дейді. Балпаң тақпақты айтып, бел ортасына келгенде қайта жаңылысады. Сол кезде кедейдің ұлы Кемеңгер досының мүдіріп қалған жерінен тақпақты жалғастырып әкетеді. 
 Байдың маңдайынан суық тер бұрқ ете түседі. Бай баласын қиындықтан құтқарып қалған Кемеңгерге жұрт дән риза болады. 
– Бәлі, бұл да молдадан оқитын бала ғой. 
– Өзі зерек екен. 
– Жазу мен оқуын байқап көрейікші, – деп жұрт ұлардай шулап кетеді. Кемеңгер кітапты судыратып оқиды. Жаңбырдан соң жіпке тізілген мөлдір маржан моншақтай қылып әріптерді жазады. Халық талабы зор баланы құрметтеп, ортаға отырғызады. Қариялар батасын беріп, ақ тілегін жаудырады. Басқа ауылдан келген жомарт байлар балаға тай, ақтылы қой сыйлап жібереді. Біреулері қамшы, екіншілері жаңа киім алу үшін ақша береді. 
 Бай той жасап, бар құрметтің кедейдің баласына жасалғанын қызғанып қалады. Іштарлығын көрсеткісі келмей, өтірік жымиып, кедей баласының арқасынан қағып қойды.
– Бұл менің баламмен бірге оқиды. Балпаң баламның досы, – дейді бай. Бұрын Кемеңгерді кедейдің баласы деп менсінбеуші еді, енді туғанындай сыйлай бастайды. 
– Балаңның досы жақсы екен, – деп жұрт риза болып, мол дастарқанға жайғасады. 
 Той тарқаған соң байдың қызғанышы өрши түседі. Бірақ біреудің жетістігін құр қызғанғаннан не пайда? Қайта сол секілді болу керек қой? Балпаңның ұнжырғасы түсіп, сабаққа барғысы келмей қалады. 
 Бай дастарқан басында қымыз сораптап отырып, ұзақ ойланады. «Менің баламның кедей баласынан еш кемдігі жоқ. Қайта сабаққа бару үшін астына тай мінгіздім, шешесі әдемі киімдерді сатып әперіп кигізді, қарны тоқ, уайымы жоқ, одан басқа не керек?» деп ойлайды. Ол кедей баласының мұндай жетістікке қалай жеткенін білгісі келеді. Сөйтіп, кедей отбасының не кереметі барын білмек болып, бай таңертең киіз үйдің сыртына жасырынып, тың тыңдайды. Қараса, кедей баласы Кемеңгерді молдадан дәріс алуға шығарып салып тұр екен. 
– Сабағыңды жақсы оқы, балам! Мен саған сенемін! – дейді әкесі. 
– Әке, мен де ұстаз секілді мықты боламын деп ойлайсыз ба? – дейді Кемеңгер. 
– Әрине, балам. Сен әлі үлкен ғалым боласың. Сен мықтысың! Осы бетіңнен тайма! – деп кедей күлімсіреп, баласының арқасынан қағады. Бала мейірлене күліп, зор құлшыныспен сабағына аттанады. Бай ойланып, үйіне кетіп қалады. Бай түске таман кедейдің баласы сабақтан қайтып келе жатқанын көріп, қайта жасырынып қалады. 
– Күнің қалай өтті, балам? – деп сұрайды кедей. Баласының қабағы тұнжырап, селқос келе жатыр еді. 
– Әке, қалым жақсы. Сабағым жақсы өтті. Бірақ көрші ауылдың балалары Балпаң екеумізге тиісті. Мен досымды қорғап, балалармен күресе кеткенде жейдемнің түймелері үзіліп кетті, – дейді Кемеңгер. 
– Ештеңе етпейді. Досыңа көмектескенің жақсы болған екен. Қорықпа, мен үнемі сенің жаныңдамын, балам, – деп кедей баласын бауырына басты.
 Кедей отбасы дастарқанға отырды. Бай көршісі сырттан, ашық ши арасынан қарап тұрса, үстелдің үстінде үш кесе саумал, бес-алты бауырсақ, үш-төрт құрт-ірімшік ғана жатыр екен. Кедей қолын жайып:
– Е, Жаратқан ием! Отбасыма мол ас-ауқат бергенің үшін шүкірлік қылам, – деп айтып, бетін сипайды. 
 «Қайдағы мол дастарқан, ана тамақты менің балам бір өзі жеп қояды ғой» деп ойлайды. Ас ішіліп болған соң кедей аулада жомарт жандар сыйлаған тайға баласын отырғызып, үйрете бастайды. Сәлден соң баласы жүгенді өзі ұстап, әрі-бері жүре бастайды. 
– Жарайсың, балам! Сені мақтан тұтамын! – деп әкесі баласының мерейін өсіріп қояды. Шешесі де баласының атқа отырғанын көріп:
– Балам, қалай? Бәрі жақсы ма? Менің құлыным өскенде жерден теңге алатын мықты шабандоз болады, – деп сенімділігін арттыра түседі. Кемеңгер атқа отыруды үйреніп болған соң үйге кіріп, шешесіне қолғабыс жасайды. 
– Көмегің үшін көп рахмет, балам! – дейді шешесі. – Бүгін не істегің келеді?
– Әкеме, сізге арнап батпырауық жасап едім, соны бірге ұшырайықшы, – дейді баласы. 
 Үшеуі далаға шығып, батпырауықтарды желмен тү-у биікке ұшырады. 
– Балам, сені қатты жақсы көреміз, – дейді Кемеңгердің әке-шешесі. Бала бұл сөздерге қатты қуанып қалады. 
 Кедей отбасының бақытты сәттерін бақылап тұрған бай таңданып, ойланып қалады. Ол үйіне қайтып келе жатып, «Бұл неткен қарапайым сөздер. Жоқ, бұл қарапайым сөздер емес, бұл сиқырлы, керемет сөздер! Мен балама мұндай сөздердің бірін де айтпаппын-ау!» деп өкінеді. Сөйтіп, бай үйіне келген соң баласын қайта тәрбиелей бастапты. 

Асхат ӨМІРБАЕВ  

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.