Талдықорған: +1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР

25.05.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Ойпырмай-ай, «Елу жылда ел жаңа» деп ежелден халқымыз айтатын жарты ғасыр уақыт өтіп-ақ кетіпті-ау. Талдықорған аймағы екінші рет қайта облыс болып 1968  жылдың бірінші жартысында құрылған. Осыған орай «Октябрь туы» газетінің редакциясы ұйымдастырылып, оның алғашқы санын, әлем халқы мейрамдап атап өтетін бірінші мамыр бейбітшілік күні жарқыратып қызыл бояумен жариялап жұмыс істей бастады.

 

    Ол кезде жиырманың ішіндегі тепсе темір үзетін жас жігіттерміз. Біздің шалалығымызды толықтап жүрген бөлім меңгерушілерінің өздері отыз жастағы азаматтар. Тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері Құлатай Қалиев пен Тыным Рысқалиев елуге енді ғана қадам басқан қадірлі ақсақалдарымыз еді. Бас редакторымыз Баянжан Мәдиев танымы мол, жастарға туған ағасындай қамқорлықпен қараған өте мейірімді жан болатын. Жастар жазған материалдарға үстемелеп қаламақы қойғызып,  өздерімен әңгімелесіп, тұрмыс ағымындағы кездесіп қалған кейбір қиындықтардың жігін ажыратпай тапқырлықпен шешімін тауып, қиюластырып отыратын-ды. Сондай сәттердің  біреуін ғана атап өтейін.
   Редактордан бастап барлық шығармашылық қызметкерлер пәтермен қамтамасыз етіле қоймаған 1968 жылдың жазғы айлары. Қаладағы тұрған жолдамамен немесе өзге облыстардан ауысып келген журналистерден басқасы түгелдей қонақүйге қоныстанған-ды. Семейден Кенжехан Боқасов, Ақсуаттан Руслан Нұртазин, Шымкенттен Файзолла Нысанбаев және менімен төртеуіміз бір бөлмеде тұратынбыз. Маусым айының орта шенінде қонақүйдің директоры бөлмемізге келіп:
– Сіздер басқа жақтан пәтер тауып алыңыздар. Қазақстан Орталық Комитетінен біздің облыстық партия комитетіне үш коммунист қызметке келіпті. Сіздердің бөлмелеріңізді сол азаматтарға босатып беруге мәжбүрміз, ренжімеңіздер, – деп шығып кетті.
   Бас редакторымызбен бірінші орынбасары Жұрғали Ертілесов екінші орынбасары Жанайдар Мусин осы қонақүйдің екінші қабатындағы бөлмелердің біреуінде тұратын. Соларға барып жағдаймызды айттық. Костюмін иығына іле шыққан бас редакторымыз дереу қонақүйдің директорына барып, істің мән-жайын түсініп келді-дағы: – Уақытша, меншікті үйлерден  пәтер тауып тұрақтаныңдар. Кейінірек бір амалын табармыз, – деді. Күн жарықта пәтер іздеп төрт жігіт қаланың төрт жағына қарай шаба жөнелдік.  Сол түні баспаханадағы корректорлар отыратын бөлмеде, әрқайсымыз кез келген столды төсек етіп, қонып шықтық. Сөйтіп үш күн пәтер іздеп таба алмадық. Сұрастырған барлық меншікті үйлердің ауласындағы жазғы ас бөлмелері мен еңсесі биігірек құс ұяларын біз сияқты қызметке келген өзге саладағы мамандар жөндеуден өткізіп, пәтерақыларын мерзімінен бұрын төлеп қоныстанып алыпты. Не істерімізді білмей, салымыз суға кеткендей төртінші күні редакцияға келгенімізде, көңіл-күйімізді әудем жерден аңғарған редактор:
 – Қар жауған қабақтарың пәтер таба алмаған адамдардың сыңайын көрсетіп тұр. Қапаланбаңдар, жаңа үй құрылыс трестің бастығымен кездесіп, сендердің жағдайларыңды айтып едім.  Ол «бір айдың орамында жатақханадан бір бөлме босатып пайдалануларыңа берейін» деп уәде етті. Оның айтқаны іске асқанға дейін әрқайсың бірден жиналмалы төсек, көрпе жастық сатып алып, менің жұмыс бөлмемде түнеп жүріңдер. Мінекей, сыртқы есік пен бөлмемнің кілті. Сеніп тапсырам. Өтінерім редакцияда тамақтанбай әдеттегідей асханаға барыңыздар, – деді.
Мұндай ұсынысты күтпеген біз сілейіп тұрып қалдық. Артынша есімізді жинап, қасымыздағы Кенжехан:
– Бәке, біреулер көріп қалып, обкомға жеткізіп, жұмыс бөлмесін жатақханаға айландырыпты деп сізге сөгіс келтіріп жүрмей ме? Ұсынысыңыз көңілімізге орныққанымен осындай жайттарды ойлап, кейін қалай болады деп аптығып тұрмыз, – деді.
– Қысылған қысқа мерзімде қолданылатын тәуекел амал ғой. Ешкімге жарияламай сақтықпен түней беріңдер. Төсек-орын сатып алуға қаржыларың болмаса, бухгалтериядан аванс ретінде жазғызып берейін, – деді бізге сеніммен қарап:
– Тиын-тебеніміз бар, әуреленбеңіз, – деп рақметті үсті-үстіне жаудырып бөлмеден шыға бердік. Айтқандай, бір айдан соң жатақханаға ауысып, әрқайсымыз пәтермен қамтамасыз етілгенімізге дейін студенттер секілді үш жыл бірге тұрдық. Есіме алған осынау көрініс төртеуміз үшін қарлы асудан өткенмен тең болды. Өйткені редактор қамқорлық жасап сол кезде жұмыс бөлмесіне бір ай бізді түнетпесе, баспана табылмағанның салдарынан әрқайсымыз еріксіз ауылдарымызға қайтып кетер едік.
   “Аштықтағы құйқаның дәмі таңдайдан кетпес” деп бабаларымыз айтқандай, осынау оқиға көңіліме ерекше ұялап, көгілдір экранға бейнеленгендей көз алдымда қалып қойды.
   Жұмсақ жүректі, кең пейілді адал ағамыз маңдаймызға сыймай сол жылы қыркүйек айында жүрегі кенеттен тоқтап мәңгілікке көз жұмды. Жаратқан иемізге де жақсы адам қажет шығар деп қабырғамыз қайысып қала бердік.
Жетпісінші жылдардың екінші жартысында «Октябрь туы» газетіне қызметке орналасқан журналистердің алпыс пайыздан астамы өткен елу жыл ішінде біртіндеп Жер-ананың құшағына енді. Атап айтқанда, Жұрғали Ертілесов, Жанайдар Мусин, Қыдуар Мертенов, Сәкен Иманасов, Серік Қалиев, Мырзатай Кеңбейілов, Жұмақан Майтжанов, Сүйіндік Өнербеков, Кенжехан Боқасов, Файзолла Нысанбаев, Құлатай Қалиев, Тыным Рысқалиев, Шұғай Өсіпов, Иманұс Иманқұлов, Уәлихан Шыңғысұлы, Қабдырахман Көбеев, Серік Жортанов, Қанат Асқаров, Жеңіс Оспанов, Жапар Біләлов, Сейітқали Арғынбаев, Ерік Ержанов, Жарылқасын Егембердиев, Әбен Дәуренбеков, Жұматай Жақыпбаев, Қабажан Елеусізов, Рафик Есімжанов, Құттыбек Баяндин, Тәкен Әліпбаев, Нұрғали Омарқұлов, Тұрарбек Омарбеков, Жамау Бұхарбаев, Ахат Кемал сынды журналистер марқұм болды. Көбі зейнеттік жасқа толмай көз жұмды.
    Өмірдің ащысы мен тұщысын басымыздан бірге өткерген сол достарымды бүгін ерекше есіме алып, Құран бағыштап жүремін. Олардың рухтарына иман байлығын тілеп,  Пайғамбарымыздың шапағатына бөленуін сұраймын.  Барлығының жұмақта болуларын қалап, осынау шағын ғана естелігімді арнадым.

М. Тахиров,
зейнеткер журналист

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.