Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тіл тазалығы керек

30 наурыз 2024
КҮЛТӨБЕ
Тіл тазалығы керек
WhatsAppTelegramFacebook

Өткеннен сабақ алу, нәтиже шығару жақсы тәрбие көрген қоғамның ғана қолынан келеді. Себебі, бұрынғының қателігі мен жетістігін ажырата алмайтын орта дұрыс пен бұрысты білмей қателікке ұрынуы бек мүмкін. Әйгілі АҚШ қарулы күштерінің ардагері, адмирал Хайман Риковер: «Басқалардың қателігінен сабақ алу керек. Олардың барлығын өз бетімен жасау үшін ұзақ өмір сүру мүмкін емес» – дейді. Рас сөз.


Осыған орай бізде мемлекеттің басты белгісі – тілдің дұрыс қалыптасуына керекті факторларды салыстырып, қажетті бағыттарды айқындадық. Соның бірі – іс-қағаздарының қазақша жазылуы. Бұл бағыттағы жұмыстың басталып кеткеніне біраз болды. Соған қарамастан кейде мемлекеттік тілдің бүгежектеп қалатынын байқап жүрміз. Әсіресе, азаматтардың көпшілігі сот жүйесіне жазатын арыз-шағымын ресми тілде жеткізуге пейілді екенін көргенде қайран қаламыз. Бұған кеңестік идеологияны кінәлай беруге болар. Бірақ адам өзінің туған тілін білуі, құрметтеуі керек емес пе?! Яғни, кез келген жан өз елінің мемлекеттік тіліне жанашырлық танытып, ұлы мен қызын ана тілінде тәрбиелеуге талпынса алынбайтын асу болмайды.

Жалпы, мемлекеттік тіл мәселесі бізге дейін де талқыланып, көптің қабылдауына ұсынылып отырған. Мысалы, әйгілі ақын, сазгер, Алаш арысы Сәкен Сейфуллин өткен ғасырдың бас кезінде: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…» – депті. Тура ақ пен қызылдың қақтығысынан кейін орнаған кеңестік биліктің оспадарсыз әрекетін көріп, қазақты бір уыс бидай үшін итжеккенге айдатқанына куә болған қайраткер бұл сөзді ашынғаннан айтқанын және әлі күнге өміршеңдігін байқау қиын емес.

Бүгіннің биігінен көз салсақ, өзін зиялы деп есептейтін, алайда ана тіліне немқұрайды қарайтындарды әрі ана тілін бұзып сөйлейтіндерді көптеп кездестіреміз. Осындай келеңсіз жайттар, туған тілді шұбарлайтын әрекеттер соңғы кездері жиі кездесіп жүр. Оны түзету өзіміздің қолымызда. Сондықтан ана тіліміздің тазалығын сақтауға үлес қосайық, ағайын!

Думан ДОШКЕЕВ,
Талдықорған қалалық 
мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.