Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТОЙ ТАРҚАМАСЫН ДЕСЕК

29.08.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзат атаулы бір ғана вирустың қауызында ауа қармап қалған мына заманда тойшылдыққа ойшылдықпен қараудың жөні бар. «Қырықтың бірі Қыдыр» деп түйсінген көне түріктерден тамыр тартқан ақ дастарқаннан дәм татқызу, алқа-қотан отыра қуанышты бөлісу – берік дәстүріміз. Бабаларымыздың нанымдарына сәйкес  «Қыдыр» мәңгілік өмірдің құпиясын меңгерген ерекше пайғамбар бейнесінде қабылданған. Және оның жоқ-жітіктерге жәрдем етеріне құлай иланған. 


Осыдан барып сол көктен келер берекені көп болып жинала бөліскенді құп көрген. Күнкөрісі төмендерге ас-ауқат тарату мемлекеттің мойнындағы борышқа саналған.  Орхон жазба ескерткіштерінде  Көктүрік қағанның: «Аш халықтың қарнын тойдырдым, сыртын да тон-киімсіз қалдырмадым» деп тұжырымдауы байырғы бұл қағидаттың көрінісі. Міне, осындай мемлекет пен халықтың бірлік-тірлігінің алтын арқауына айналған аманаттық міндеттің, саф салтымыздың  мән-маңызын қазіргідей кетіріп алғандығымыз – ең алдымен билік басындағылар мен зиялы қауымға сын. Бұлақ – басынан тұнбай тұр! Ұлттық құндылықтар жайына қалды. Ысырапшылдық пен бақталастық, дарақылық пен астамшылдық, жемқорлық дегендеріңіз, тіпті мына өлім шашқан пандемия тұсында да пәрмендеп, тайраңдай басымызға шығып кетті емес пе?! Бұл енді бүгіндікке таусылмас әңгіме.

Іргелі мекемелерде басшылық еткен, қуаныш-тойлардың үнемі төрінен табылар, дәулеті де сәулеті бір басына жетерлік Болат есімді азаматпен көршілеспіз. Қазір зейнеткер. Бұдан он шақты жыл бұрын ұлын үйлендірді. Әмісе той құрметіне бөленіп жүрген ағамыз кемінде үш жүз адамның басын құраған шығар-ау деп барғанбыз ғой. Сізге өтірік, бізге шын, бар-жоғы жүз-ақ адам! Құдалары, туыс-жекжаттары, көрші-көлең мен жастар. Тіпті өзінің беделді қызмет орнынан да ешкімді ұшыратпадық. Әбден іріктелген, әрине. Бәріміз аң-таңбыз, кафенің өзі көнетоз – «Қарагөз». Ың-шың жоқ. Абай хакім айтпақшы, бірін-бірі тосып сөйлеген қонақтар. Мұндайда көңілің де көтеріңкі, асың да жұғымды. Ойың да ұшқыр.Толғана сөйлеп, шырқата ән сап, арқа-жарқа болдық та қалдық күтпеген жерден. Отағасының өзі де бәйбішесін қолтығына қысып алып айнала отырғандармен бас түйістіре сырласып, қысылмай билеп дегендей, тойдың сәнін келтірді. Сондағы бір құрдасының: «Әй, Бөке, не деген әулие адамсың! Біз той жасасақ қой, бір ай бұрын әкімдер мен басшыларды шақырамыз да, соншама уақыт келе ме, келмей ме деп қарадай басымыз шарадай болады. Әгәрәки, әлгілер тойға, құдай оңдап, келе қалса, той бітпей кетіп қала ма деп есік торуылдап, жүрегіміз ауырып, есіміз шығады! Ал сен болсаң, бұл қазақта той жасаған бір өзің секілді, құдалармен қалжыңдасып, құдашалармен би билеп, алдымен өзің тойлап жүрсің. Сен шақырсаң мың адам келер еді-ау. Жарадың енді, оздың бізден, әбден оздың!» – деп арқасынан қаққаны әлі есімнен кетпейді. 

Бұл дәуірде «Той – Тәңірдің қазынасы» дегенімізде, той үстіндегі сый-сияпаттан бұрын ізгі тілек, ақ бата, отбасы арқылы желіс тартар елдікке тән береке-бірлікті айтсақ керек. Ағайындықты арттырар ықшам түрдегі тағылымды тойға ел ішінде бетбұрыс та жасалып жатыр. Бұған ішің жылиды. Құр мақтан, даңғазалықпен жеткен жеріміз белгілі. Асылы, ақыл дегеніміз – ақылсыз қадамдардың көмбесі. Ақылға келелік.  Есжияр тіршілікке көшіп, бәрінен бұрын Отанымыздың рухтық һәм ұлттық ұстынын арттыралық! Тойымыз да көш-көркімен осы шептен табылып жатса, қанеки!

Әміре ӘРІН 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.