Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бірқатар дипломатиялық өкілдіктерде кадрлық өзгерістер болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының шешімімен:
-
Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
-
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
-
Дәулет Қасекенұлы Батырашев, Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, енді бұл қызметін Босния және Герцеговина мен Черногориядағы Елші қызметімен қоса атқаратын болады;
-
Әнуарбек Серікұлы Ахметов, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Тунис Республикасындағы Елші қызметін де қоса атқаратын болды.





