Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекетін айыптады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Шабуыл салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай нұқсан келген.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді ақтауға болмайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін айтты.





