Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӘРБИЕ БАСЫ «ТӘЙТ» ЕДІ

11.02.2024
КҮЛТӨБЕ
ТӘРБИЕ БАСЫ "ТӘЙТ" ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Осы біз кімді тәрбиелеудеміз? Келешектің кілтін кімге тапсырамыз? Ұлт ұстазы Ахаң «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген еді. Бала заман тізгінін кім ұстайды? Орынды сұраққа тиісінше жауап іздемес үшін әрі салдарын таразыламас бұрын себебін анықтайықшы. 


Сөзіміз нық болсын, әлеуметтік желіні бір шолып шығайық. Қазір желі деген жақсы болды. Талай жұрт желпініп жүр, елітіп жүр. Әйтеуір көргенін істеп бағуда. Дені жастар. Жын қуған бақсыдай аласұрады келіп. Тренд деген жақсы болды, бір-бірінен көрген сан құйтырқыны қайталауда. Ең сорақысы, бірін-бірі аяп жатқан жоқ. Әлеуметтік желілерде әлсін-әлсін бесіктен белі жаңа шыққан жасөспірімдердің тентектік видеолары қаптап кетті. Құдды жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай. Бірі – өз қатарласына үстемдік жүргізіп жатса, бірі – замандасының «үстінде» атой салуда. «Атың шықпаса жер өрте» дегендей, мұның бәріне себеп отбасындағы тыйымның осалдығы.

«Тәрбие – тал бесіктен». Мұны біз емес, бізге дейінгілер айтқан. Бірақ, мәнін әлі бұзған жоқ, бұзбайды да. Себебі, қазақтың кескін-келбеті, болмыс-бітімі осы қоғамдық институтта қалыптасады. Отбасындағы әке-ана, ата-әже, туған-туыс дәрістерінің жөнді берілмеуі ұрпақты ұрындырып жүр. Оның үстіне талай жыл жетегінде жүргізген «Өз күніңді өзің көр» ұраны да санды қалай соқсаң да өз миссиясын орындағандай. Хош, бұрынғының қазағының басты тәлімі әке еді, шаңырақтың еркегі еді. Осы таңда ерлердің тәлімі тентіреп жүргендей. Өйткені қоғамда отбасын емес, өз басын әрең алып жүрген замандас жетеді. Әрмен тарқатсақ, бұрындары қазақта еркектің екі түрі бар: ер және ез. Қазір үшеу: ез, тоз және ер. Езіміз үйде не тірлігі жоқ, әйелінің иініне мініп, шарап ішкеніне мәз еркек. Тоз дегеніміз – әйелдің тірлігін келіншегі бола тұра істейтін, өсек айтып, қатын-қалашпен басы піспейтін еркек деуге ауыз бармас екінші топ. Ерді айтпасақ та түсінікті. Ерлердің азайып, ез бен тоздың көбейген шағына табан тіреудеміз. «Еркек түлкі түз сақтайды, ұрғашы түлкі ін сақтайды» деген бар еді. Әйел түздің, еркек өздің (өзім) қамын ойлап кеткенде іннің жайы не болмақ?

Мұның бәрі қайдан пайда болды? Жаһанданудан көрудің түк мәні жоқ. Үш боладыны ұмытқаннан шыққан дерт, төбеден емес, етек пен балақтан енген сырқат. Тәрбиенің басы «тәйт» еді, оны тыйып қойдық. Қойғанда жеткеніміз осы ма? Үйде отырып бала тапқан қыз, әкені сабаған ұл, ананы бетінен алған бойжеткен, отбасын қастерлемеген бозбала… Үш боладыны тарқатып айтайық, «тәйт, жаман болады!». Тәртіпсіздік жасағанның тыйымы осы еді. Екіншісі, «тәйт, ұят болады!». Ерсі қылықтың тыйымы бұл. «Обал болады!». Алдына «тәйтті» салмаса да барын біліп, қиянат жасауды доғарушы едік. Өйткені «тәйт» талапшыл, тәртіпшіл, қатқыл әкенің сөзі еді.

Ұятты да, обалды да, жаман боладыны да былай қойып, «тәйтті» ұмыттық. Ендігі сауал, елдің ертеңі қалай болмақ? Ертеңді алыстан емес, бүгіннен қарауға болады. Бүгін мен ертең сабақтасып тұрған дүние, ата мен бала сықылды. Бүгін қандай тәрбие берілді, ертең соның жемісін көреміз. Бұл – бір. Өмірдің негізгі қағидасы – даму. Бүгінгі тәлімді көрген жан оны ертеңге дамыта жеткізбек. Кәміл сеніңіз, кезінде үйінде отырып бала тапты деген ерсі көрінетін еді. Қазір ше? Құлақ әбден үйренді. Бір емес, бірнешеуін үйінде туып, не әкесін, не тегін білмейтін ұрпақты өсірудеміз. Ертең бұл жай қалай болмақ? Елестетейік, отбасы деген дүние болмайды. Бәрі көкек, әке де, шеше де көкек болмақ. Бала өсіретін орталық ашуымыз да бек мүмкін. Жаңа ғана дүниеге келген сәби сол орталыққа өткізілетін болады. Себебі, ұрпақты жауапсыздыққа тәрбиелеудеміз. Қоғам былай тұрсын, бала алдындағы әкелік, шешелік жауапкершілік жоғалып барады. Өзін сыйламаушылық, өркөкіректік, тәкаппарлық бала алдында адами борышты жоқ етуде. Өзін сыйламаған жан өзгені сыйлап қарық ете ме? Өзін сыйламаған жан торғайы өлгенде топан су қаптағандай күңіренеді деуші едік. Солай болмаса игі.

Бала – болашақтың берік қабырғасы. Отбасы институтында әке мен шеше бала тәрбиесінің іргетасы. Біреуі өз міндетін жөнді атқармаса, келешектің қабырғасы қисаяды, тіпті, қирайды. Шыны керек, қазір қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай жүрген заман. Қиыннан қиыстыру да аса қиын. «Әлемде тоғызыншы орынды алар жеріміз бар, оның бетінде бір илеу құмырсқа сықылды тарыдай шашылған қазағы бар. Тәрбиеміз табалдырықта еңкілдеп тұр. Тәрбиесіз берілген білімнің оңдырмайтынын айтыпты бұрынғының кісісі. Сондықтан ер тәрбиесі мен «тәйтті» қайтарар уақыт туғандай!

Мағмар МАҚСЫМ

Қатысты жаңалықтар

Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.