Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҰРЛЫМБЕТТІҢ ОТАУЫ     

21.01.2024
КҮЛТӨБЕ
ТҰРЛЫМБЕТТІҢ ОТАУЫ     
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірімізде тірлік кешкен Тұрлымбет шешенге қатысты ел аузында небір қызықты әңгімелер айтылады. Оның табан астында тауып айтатын тапқырлығы мен қандай мықтының болсын кемшілігін шыжғырып бетіне басатын өжеттігі аңыз болып таралған. Ол жайында кезінде Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде жан-жақты жазылды. «Jetisy» газеті осынау жақсы үрдісті алдағы уақытта жүйелі жалғастыратын болады. «Тұрлымбеттің отауы» аталатын арнайы бұрышта ділмәр жерлесіміз жайындағы аңыздармен қатар би, шешендердің тауып айтқан сөздері мен әзіл-оспақ, сын-сықақ бағытындағы шағын дүниелер жарық көріп тұрмақ.

ТҮЙЕНІҢ РЕНІШІ

Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сөйтсе әлгінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты.

Әбден мазалары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде:

– Әй, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе? – дейді.

– Білемін, – дейді Тұрлымбет.

– Білсең айтшы, бір шапан берейін, – дейді саудагер.

Сонда Тұрлымбет:

– Аш иттей ел қыдырған сен бір кезбе,

Үстіме таудай қылып арттың бөзді.

Тынысымды алдырмай жүргізесің,

Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге.

Құтылсам осы қудан, уа, құдайым,

Шалқақтап жүрер едім жапан түзде! – деп тұр, – деген екен.
 

САРЫ МАЙ ЕМЕС ҚОЙ…

Бекмағамбет Омбы еліне бара жатып, жолда Жауке дегеннің үйіне қонады. Тамақ ішіп отырғанда Жауке еттің майын Бекеңе қарай итере беріп: «Беке алыңыз, бұл жүрекке тиетін сары май емес қой»,— дей беріпті.

Олай дейтіні Бекмағамбет Сарымай дейтін әйелді аламын деп, көп әуреленіп, ақыры ала алмай қалған жайы бар екен. Бекмағамбет жауаптан тосылып қалыпты. Сонда Бекеңнің жанындағы жолдасы Хасен деген жігіт аңдып отырып:
—     Бәкең, әрине, майды талғап жейді ғой, көңіліне жақпаса құлағына сырға тақса да қайтсін ондайды,— депті.

Онысы — Жауке де «Сырға» деген әйелді алам деп ала алмай айрылып қалған екен.

Жауке сөзден тоқтап, үндемей қалыпты.

МЕЙМАН КЕЛСЕ ТОҚТАТПА

Құрмысы шешен өлерінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?», – деп сұрағанда: «Мен не айтайын, есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер, әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе тоқтатпа, өлген мені боқтатпа!», – депті.

АЙМАҚТЫҢ ҚҰТЫ

Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп: «Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал оларды хан жақтайды», – деп мәтел қылып халыққа таратыпты.

Мұны Абылай естіп бір күні күндеуші он биден: «Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?» – деп сұрапты.

Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай, Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер», – деп әлгіні айтыпты.

Нияз: «Меніңше, жердің құты жаңбыр, елдің құты – азамат, ауылдың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы», – депті.

СЕМІЗ БОЛДЫ ҒОЙ…

Жақайым Шекті Жетес би бір даумен Шектінің Назар, Жексей деген еліне барыпты. Ол елде Нияз деген кісі би екен. Өзі етженділеу адам болса керек. Ал, Жетес арық кісі екен.

Бір сөздің кезегінде Нияз Жетеске:

–    Уа, Жетежан, «дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң ұлтарақтай көн болады» дегендей, Жетес атың жер жаратын еді… – депті.

Сонда Жетес оның сөзін бөліп:

–    Уа, Ніке, оныңыз рас. Ерназар Бекетті айдатқалы арлы шекті арық болды да, арсыз шекті семіз болды ғой! – депті.

ЖАМАН ҚАРҒЫС 

Абылай қалмақтың қарғысшылынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда қарғысшыл бірінші: «Шөбің жапырылмасын!», – депті.

– Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса бір менің кедейлігім кемшілік емес, – депті Абылай.

Екінші, «Күлің шашылмасын», – депті.

– Бұ да қарғыс емес, балаң болмасын» дегенің ғой, өзім жақсы болсам халықтың бәрі де менің балам, – депті.

Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», – депті.

– Міне, жаман қарғыс осы! – депті Абылай.

МЫҚТЫ ЖАУ

Нұралыны шаппақ болғанда ағайыны бөгет жасай беріпті. Сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ», – деген екен.

АҚЫСЫН ЖЕУ – ҰРЛЫҚ

Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:

–    Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?! – дейді.

–    Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу – ұрлық, – деп бала жөніне жүре береді.

ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ…

Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», – деп өкпелепті.

Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:

–    Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! – депті. Сонда Сырым:

–    Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, – депті.

Дайындаған Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
ардагер журналист
Фото: alashainasy.kz

Қатысты жаңалықтар

Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026
«Болашақ ойындары 2026» басталды

«Болашақ ойындары 2026» басталды

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.