Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӨРТ-ТҮЛІК ЖАЙЫ НАЗАРДА

22.11.2021
КҮЛТӨБЕ
ТӨРТ-ТҮЛІК ЖАЙЫ НАЗАРДА
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығынан ең шалғай орналасқан Кеген ауданындағы ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық стансысы шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын 2018 жылдан бері білімді азамат, білікті маман Қабыл Төкенов басқарып келеді. 


Сала басшысы Қабыл Ясын- ұлы Кеген ауданындағы Тасашы ауылының түлегі. Ауылындағы орта мектепті, одан кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетін ветеринариялық-санитариялық дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, Жылысай ауылдық округінде мал дәрігері болып еңбек жолын бастады. Білімді жас маман Райымбек аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімі басшысының орынбасары, одан соң «Ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық стансысы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында эпизоотолог-ветеринариялық дәрігер болып нәтижелі жұмыс істеді. 2018 жылдан бері қарай өз алдына қайта құрылған Кеген ауданы ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық КМК-ның директоры болып қызмет етуде. Ең бастысы қырыққа тола қоймаған азамат өз жұмысын жақсы біледі. Әр маусымдағы жоспарлы жұмыстың жүйелі, тиянақты атқарылуын назарда ұстап отырады. Әріптестеріне орынды талап қояды. Ортасына ғана емес, көпке сыйлы, беделді. Қарапайым мінезімен жерлестерінің жүрегіне ұялаған жан. Үлгілі отбасы  иесі. Зайыбы Айнагүл Сәрсенбаева К. Нұрпейісов атындағы мектеп-лицейде физика пәнінен дәріс береді. Олардың отбасында Қажынәби, Ерсұлтан, Інжу және Жансая атты ұл мен қыз өсіп келеді. 

 Қабыл басқарған ветеринариялық стансының ұжымы өз ісін жақсы біледі. Аталған салада қазіргі таңда 10 маман, 11 ветеринариялық пункт меңгерушісі, 54 санитар, 9 вет. дәрігер, 18 фельдшер, барлығы 106 маман еңбек етеді. Биылғы наурыз-тамыз айларында 43756 бас іріқара, 93900 бас қой-ешкі тексеріліп, меже 100 пайызға орындалды. Тексеру нәтижесінде 26 бас ірі қара, 8 бас қой-ешкі оң реакция көрсетті. Ветеринария саласының мамандары жеке тұрғындардың үйін аралап, жаңа туған төлдерін сырғалап, дерекқорға енгізіп отырады. Жарты жылдың ауқымында 16643 бас бұзау, 80922 бас қозы-лақ 1100 құлын сырғаланып, чип салынды. Аудан аумағынан 3246 бас ірі қара, 8408 бас қой-ешкі, 1243 бас жылқы сыртқа шығарылып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 1608 дана ветеринариялық анықтама берілді. Өңірдегі қаңғып қалған иесіз иттер де назарда. Жарты жыл ішінде 550 ит ауланып, жойылған. Статистикалық мәлімет бойынша ауданда 61089 бас ірі қара, 241841 бас қой-ешкі, 36811 бас жылқы бар. Жоспарға сәйкес аталған малдың бәріне көктемде жұқпалы аурудың алдын алуға бағытталған алғашқы тегін екпе салынды. Күзде екпенің екінші кезеңі сәтімен жүргізілді. Мұның бәрі аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып отырады. Бұл төрт түлікті бағып, өсіріп отырғандардың да денсаулығына оңды әсерін тигізеді. Әрі алаңсыз еңбек етіп, өмір сүруіне негіз қалайды. 

– Біздің салаға жұрттың реніші жоқ десек, артық айтпаймыз. Қайта еңбекқор, өз жұмысын жақсы білетін мамандар көпшіліктің алғысын арқалап, ақ батасын алып жүр. Жүзден аса маман жыл сайын облыстық «Jetіsý» және аудандық «Қарқара» газеттеріне бір жылға бір-ақ жазылып келеді. Жалпы, жанымызға жақын басылымдарға деген ықыласы бөлек. Келесі жылға да бір кісідей жазылатын боламыз, – дейді Қабыл Төкенов.

Рас, аталған сала таулы өңірдегі оқырманымыз көп ортаның бірі. Біздің Қабылмен бірге ол басқаратын саланың жүгін көтеріп жүрген азаматтарға ел алғысына бөлене беріңіздер деген ақжарма тілегіміз де бар.

Қанат БІРЖАНСАЛ 
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.