Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тұрғындар өтініші тыңдалды

19.09.2016
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарапайым халықтың әлеуметтік мәселелерін құзырлы органдарға жеткізу, билік пен бұқара арасында дәнекерлік жасау «Нұр Отан» партиясының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта облыстық мәслихат депутаты Әли Алпысбаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауына жазылған азаматтармен жүздесіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Алдымен Талдықорған қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс қыз­меткерлері кәсіподағының төрағасы Шәймұрат Шаяхметов соңғы уақытта коммуналдық қызметтердің тарифтері өскендігін, соған орай ел ішінде, әсіресе, кәсіподақ мүшелері арасында тариф бағасының өсуіне алаңдаушылық бар екендігін жеткізіп, тарифтің өсуіне қандай факторлардың ықпал ететінін сұрады. Қабылдауға келген азаматқа жылышырай танытып, «Нұр Отан» партиясы халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын арқау екендігін атап өткен Әли Демегенұлы кездесуге шақырылған осы саланың мамандары – Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов пен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің «Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу» бөлімінің басшысы Айжан Сәрсембайқызын таныстырды. Қос маман қойылған сауалға қатысты нақты жауап беріп, тариф құнының өсуіне қатысты түсінік берді.

– Жалпы Жетісу жұртшылығы электр қуатын Мойнақ, Текелі, Екібастұз, Жамбыл СЭС-терінен алады. Бәрі де өзімізден. Соның ішінде басым бөлігін Екібастұз ЖЭС-інен аламыз. Райымбек ауданындағы «Мойнақ» СЭС-інен 300 мегаватт электр қуаты алынады. Бірақ ол баламалы қуат көзі саналады. Көмір, мазут секілді жанармайларды жағу арқылы емес, табиғи жолмен, тау өзенінің суынан алынады, – деген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов жарық құнының өсу себебін түсіндіріп өтті. – «Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы» Заңына сәйкес 2014 жылы электр қуатының тарифін мемлекет бекіткен болатын. Оның өзіндік құны жоғары. Неге десеңіз, транзиті қымбат. Мысалы, Екібастұздан электр жарығын Жетісу жеріне жеткізуге қажетті желілерді жөндеу үшін тарифтен қаржы жұмсалады. Яғни, сонау Екібастұздан жеткенше тарифке 5 теңге 27 тиын қосылады. Тура тасымалдауға қосымша қаржы қосылатыны секілді. Ал, баламалы қуат көзінің құны өзге қуат көздерінен жоғары. Себебі, түзу жолы жоқ тау өзенінен электр қуатын жеткізуге әлденеше ондаған  километрге желі тарту керек. Сондықтан «Мойнақ» СЭС-нен өндірілетін электр қуатының мемлекет бекіткен бағасы 32 теңге. Қазір біздің өңірдегі шағын су электр стансыларын салу үрдісі тоқтап қалды. Өйткені, инвесторлар құрылғылардың қымбаттығына байланысты СЭС-ке қаржы салғысы келмейді.

Мамандардың айтуынша, суық су мен ыстық судың бағасы аса өспеген. Өйткені Жетісу жері суға бай. Таудан аққан өзендерді ауызсуға да, басқа да мақсаттарға пайдалануға болады. Бағасы тіпті төмен. Мысалы, дүкендердегі бір литрлік шөлмектегі ауызсу 200 теңге болса, біздің асүйіміз бен ваннамызда сарқырап жатқан, 150 метрлік тереңдіктен алынатын құбырдағы судың 1 мың литрі 68 теңгеге бағаланған. Сондықтан тұрғындар сапасы жақсы суды үнемдеуді ескеруі тиіс. Алайда суды үнемдеу мүлде ескерілмей жатқан мәселе.

Осындай өзекті мәселелерді жан-жақты талқылаған мамандар облыстық мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Ержан Дүйсенбаевты тыңдады. Соңғы кездері тариф құнының өсетіндігі жайлы деректердің шыға бастағандығын алға тартқан кәсіподақ жетекшісі мамандарға: «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтары – мүгедектер мен зейнеткерлерге жеңілдіктер бар ма?» – деген сұрақ қойды. Оның сауалына жауап берген Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің «Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу» бөлімінің басшысы Айжан Сәрсембайқызы мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға ондай жеңілдіктердің қарас­тырылмағанын жеткізді. Тек тапқан табысы коммуналдық төлемдерді төлеуге жетпеген жағдайда кез келген тұрғын әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіну арқылы қаржылай көмек ала алады.

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Асу Алмабаев UFC рейтингісінде бір сатыға төмендеді

18.03.2026
«Tasqyn» мен жасанды интеллект: Су тасқынын болжаудың жаңа тетіктері

«Tasqyn» мен жасанды интеллект: Су тасқынын болжаудың жаңа тетіктері

18.03.2026
Жетісудағы «Digital Nauryz»: ЖИ көмегімен тұрғындар өздерін қазақ батырларының бейнесінде көре алды

Жетісудағы «Digital Nauryz»: ЖИ көмегімен тұрғындар өздерін қазақ батырларының бейнесінде көре алды

18.03.2026
Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов

18.03.2026
Казинолар тек шетелдіктерге қызмет көрсетеді: Заңға өзгерістер енгізілді

Казинолар тек шетелдіктерге қызмет көрсетеді: Заңға өзгерістер енгізілді

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.