Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЫҢ ТУЫНДЫЛАР ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

12 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ руханияты тағы 14 кітаппен толықты. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қолдауымен жарық көрген тың туындылардың тұсаукесер рәсімі Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өтті. 


Рухани шара шымылдығын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев құттықтау сөзімен ашты. Өз кезегінде игілікті жиынға арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековті таныстырып өтті. Сонымен қатар, халық қалаулысы Сәкен Жүнісбекұлы, облысымыздың Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев, қоғам қайраткері Өмірәлі Жалайри аталмыш жинақтардың тұсаукесер рәсімін өткерді.
 Тың туындылары жарық көрген авторлардың және өңіріміздегі зиялы қауымның қатысуымен өткен жиында алғашқы болып «Жаңаталап жастары» мемуарлық шығармасының авторы Наурыз Қылышбаев сөз алды. Өткенді танудың болашаққа деген аршынды қадам екенін, тарихымыз бен әдебиетіміздің тамырын көктету, өркениетімізді өркендету екенін атап өткен ол әдебиетке, ақын-жазушыларға қолдау білдірген облыс басшыларына деген алғысын білдіріп, тың туындылардың авторларына шығармалары оқырман олжасына айналсын деген ақжарма тілегін жеткізді. 

Өз кезегінде сөз алған «Батыр балалар ізімен» кітабының авторы Өмірәлі Жалайри бабалар рухын аспандата сөйлеп, туындыға аз-кем шолу жасаса, «Қос құбылам» жинағының авторы Аршагүл Тойбаева туынды мазмұнын баяндап өтті. Сондай-ақ, рухани шарада сөз алған авторлар өз шығармашылығы мен ізденісінен туған тың туындылар тұрғысында ой тербеді. Айта кетелік, рухани шарада «Ертегілер әлемі» кітабының авторы Жұмабала Қарақанова, «Арша жұпары» кітабының авторы Серік Әбікенұлы, «Жүрегімнің хаттары» – «Жүрегіңнің хаттары» жинағының авторы Гүлбақыт Қасен,  «Қаражұрт» – «Мінездегі мен» туындысының авторы Жұматай Оспанұлы сөз алып, руханият қоржынына қосылған шығармалар жайлы сөз қозғап, жарық көруге қолдау білдірген облыс басшысына, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына деген алғысын жеткізді.

Шара соңында кітаптың сапасы, мұқабасының безендірілуі, ішкі мазмұнға сай көркемделуі сынды баспа жұмысы мен талабы тұрғысында белгілі журналист, баспагер Ырым Кененбай ой қозғап, авторларға ақсақалдық ақ батасын жаудырды. Өз кезегінде облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның әншілері әннен шашу шашып, шара көрігін қыздырды. 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.