Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҰҢҒЫШ РЕТ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

22.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ТҰҢҒЫШ РЕТ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын қосқан форум өтті.


Жиынның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді  бірлесіп ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу.

Басқосуға Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев және орынбасары Диас Есдаулетов, «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мади Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, басқарма басшылары мен аймақтағы 113  ауылдық окургтің әкімдері қатысты.

Алғаш ұйымдастырылған форум партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әкімдерінің сайлауы және олардың атқарар жұмыстарының негізгі мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Әлібек Жақанбаев қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету әкімдердің басты міндеті екеніне тоқталды.

«Облыс экономикасын одан әрі дамыту мен халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін біз бірлескен, тиімді жұмыстың арқасында өңірдің әл-ауқатын жақсартудағы міндеттерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», — деді облыс басшысының бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев форумның ашылу рәсімінде.

Осы орайда «AMANAT» партиясының аппарат басшысы Мәди Жарылқасынұлы  жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екенін тілге тиек етті.

«Ауыл әкімдерінің форумы қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында өтуде. Форумда айтылған ұсыныстар мен идеялар, тың бастамалар «AMANAT» партиясының атынан сайланған ауыл әкімдерінің табанды жұмысы мен кәсіби шеберлігіне жаңа серпін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізгеннен бері жыл сайын халық елді мекен басшыларына қатысты өз таңдауын жасап келеді. Өңірде 2021 жылдың шілдеден бастап 113 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде партиядан ұсынылған 111 (98%) кандидат жеңіске жетті. Бұл – біздің бағдарламаларымыз бен бастамаларымызға деген халық сенімінің айқын дәлелі», — деді Мәди Оспанов.

«AMANAT» партиясы елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық ахуалды арттыруға  баса назар аударуда.  Дәл осы мақсатта   форум барысында   «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек» жобаларының  және Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жетістіктер талқыланды.

Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру үшін облыс орталығында жобалық кеңсе ашылып, осы жылдың 5 ақпанынан бастап Жетісу облысының барлық аудан, қалаларында 7300 адам оқытылды.

Биыл өңірде 349,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, 8 айда 150,2 мың шаршы метр немесе 43% тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 4117 үй беріліп, тұрғын үй кезегі 14%-ға төмендейді. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,1%. Облыстық деңгейдегі 182 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп, Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жолдың 117 шақырымына асфальт төселген.

Ауылдық әкімдер форумның ұйымдастырылуы өздері үшін пайдалы болғанын айтады.  

— Халықтың партия мен атқарушы билікке деген сенімі сайлауалды уәделердің орындалуымен тікелей байланысты, сондықтан оларды уақытылы және сапалы орындау – баршамыздың басты міндетіміз. Шалғайдағы ауыл әкімдерінің жұмысына әртүрлі бағыттар бойынша әдістемелік қолдау қашанда қажет. Бүгінгі жиында өз жұмысымды жүйелі ұйымдастырудың тағы да бір қырын игердім,- деді Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов. 

Форум аясында панелдік сессиялары да ұйымдастырылды. Онда ауыл әкімдері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру,  партиялық жобаларды ілгерілету, қызметті кәсібилендіруге негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа принциптер мен қадамдар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік сатып алуды іске асыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдаудың қолжетімді тетіктерін қалыптастыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестиция тарту шаралары, қоғамдық-саяси ахуал және бұқарамен жұмыс істеу секілді түрлі бағыттарда арнайы мамандардан дәріс алды.

«Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалының мәліметі бойынша дайындалды.

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.