Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ұшып келді. Бұл ақпаратты Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі растады.
Эмомали Рахмон 28 қарашаға жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады деп күтіледі. Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі





