Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы қытайда өтіп жатқан «Worldskills China» чемпионатына қатысуда. Додаға әлемнің 15 елінен, соның ішінде Қазақстаннан сарапшылар мен қатысушылар жиналды.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының орынбасары Бақтияр Сатқұлов чемпионатта тәуелсіз халықаралық сарапшы ретінде қатысуда. Сондай-ақ, жетісулық педагог «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша тапсырмаларды әзерлеген еді.
Жарыстан бөлек чемпионат аясында ғылыми конференциялар мен семинарлар өтуде, онда Бақтияр Бағланұлы «Мобильді қосымшаларды әзірлеудегі тестілеудің рөлі» туралы баяндама жасады.
Қатысушылар арасында WorldSkills International жоғары лауазымды өкілдері, Қытай мен Кореяның әлеуметтік қолдау және адам ресурстары министрлері мен өзге елдердің техникалық делегаттары бар.