Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Заманауи білім шаңырағы күреңбелдіктерді өзгеше қуанышқа бөледі

08.11.2016
КҮЛТӨБЕ
Заманауи білім шаңырағы күреңбелдіктерді өзгеше қуанышқа бөледі
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл-аймақ күн санап гүлдене түсуде. Соның бір жарқын дәлелі – Сарыөзек кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан шағын ауданнан 900 орынды жаңа мектептің ашылуы. Бүгінгі заман талабына сай салынған Күреңбел қазақ орта мектебі шағын ауданның шырайына шырай қосып, көпшіліктің қуанышын еселей түскен. Әсіресе, жаңа білім ошағына алғаш қадам басқан оқушылар қуанышында шек жоқ. Ата-аналар да балаларының сәулеті келіскен жаңа білім шаңырағында оқитынына дән риза.

Кент тұрғындарының осынау қуанышын бөліскен облыс әкімі Амандық Баталов, мәслихат хатшысы Серік Мұқанов, білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова, Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиев мектептің ашылу салтанатына арнайы қатысты. Онда алғашқы болып көпшілікті құттықтаған облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы:
– Құрметті кент тұрғындары, ұстаздар, оқушылар! Жаңа мектептің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Облысымыздың уақыт өткен сайын гүлденіп, өркендеуінің арқасында зәулім мектептер мен балабақшаларды тұрғызуға мүмкіндік алып отырмыз. Бүгінде облысымызда 51 білім беру мекемесі салынып жатса, соның 41-і мектеп. Сонымен қатар биыл 85 балабақшаны іске қосу жоспарланған, оның 77-і жекеменшік. Білім саласына бөлінген қаржының өзі 144 млрд. теңгені құрады. Мұның бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасында мүмкін болуда. Тәуелсіздік алған 25 жылда еліміз кейбір мемлекеттер бір ғасырда қол жеткізе алмайтын істерді атқарды. Балаларымыз барлық жағдайлары жасалған зәулім ғимараттарда білім алуда. Мен әрдайым жас ұрпақ үшін жасалған дүниенің сапалы болуына, оның ешбір кем-кетігінің болмауына мән беремін. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз, мемлекетіміздің тірегі. Олар ең жақсыға лайық.  Осынау ашылып отырған жаңа мектеп балалар игілігіне қызмет етсін, – деп тебірене сөйледі.
Келесі кезекте сөз алған аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төленді Сарыбаев Сарыөзек кентінің өркен жа- йып келе жатқанын, мұнда соңғы уақытта спорт сарайы, балабақша, мектеп, мемориалдық кешен тұрғызылып, ел қуанышын еселей түскенін айтып өтті. «Қуанса, бала қуансын» демекші, өскелең ұрпақтың жаңа мектепте білім алуына мүмкіндік ашып отырған Елбасына, облыс әкіміне тұрғындар атынан алғысын жеткізді.  
Бұдан соң Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Жақыпбек қажы Өмірбеков бата беріп, білім шаңырағына құрылыс жұмысын жүргізген «Артемида ЛТД» ЖШС-нің директоры Сауман Асланов мектеп директоры Кәмшат Қыстаубаеваға алтынұяның символикалық кілтін табыс етті. Мектеп лентасы қиылып, жиналған жұртшылық мектеп ішін аралап көрді.
Үшауысымды мектептерді болдырмау мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен салынған Күреңбел қазақ орта мектебінің құрылысына 1 млрд. 416 мың теңге бөлінген. Сыртқы аулада балалар үшін баскетбол, волейбол ойнайтын алаңдар да қарастырылған. Облыс әкімі Амандық Баталов лингафонды-мультимедиялық, химия, биология, информатика, бастауыш сынып кабинеттеріне кіріп, шеберхана, кітапхана, асхананың дұрыс жабдықталуына мән берді. Соңғы үлгідегі компьютерлердің мүмкіндігімен танысып, оның ғаламторға қосылғандығына көз жеткізді. Мәжіліс, спортзалдарында болып, құрылыс жұмысына қатысты кейбір сын-ескертпелер айтып, оны мердігерлерге түзетуді тапсырды. Балалармен де тілдесіп, «жақсы оқып, білім алыңдар, сонда жақсы маман боласыңдар,  болашақтарың зор болады, ата-аналарыңды да қуантасыңдар, тек беспен оқыңдар», – деп ағалық ақ тілегін білдірді.
Екіқабатты оқу ғимаратының сынып бөлмелері кең, жабдықталуы да толықтай талапқа сай. Осындай барлық жағдай қарастырылған әсем білім шаңырағында оқуға мүмкіндік алған балалардың қуанышы қойнына сияр  емес. Оны өз сезімін өлеңмен өрнектеп, ән-биден шашу шашқан балалардың ақ көңілінен аңғардық.

Алма Есенбаева

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.