Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

24.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Ұстаздар мен оқушылардың  алаңсыз білім теңізіне кірігуі үшін қажетті жағдай жасалған ба? Осыған айрықша мән берген Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының басшысы Садық Әбдіқадыров Көксу ауданындағы бірқатар мектепті аралап, жаңа оқу жылына дайындық барысын саралап қайтты. 

Кәсіподақ ұйымының басшысымен бірге аудандық комитеттің төрайымы Сағымбала Төкенова, білім бөлімінің басшысы Тілеумұрат Сетниязов мектептерді аралады. 
Садық Нұрсапаұлы алғашқы кезекте Еңбекшіқазақ ауылындағы орта мектепке бас сұғып, мектептің сұйық отынмен қамтылу жайына назар аударды. Мектеп директоры Төлеген Абилов жылыту маусымына қажетті 27998 литр сұйық отын түгелдей дерлік жеткізіліп, арнайы ыдыстарға құйылып, сақтауға қойылғандығын көрсетіп, мектептің қыс маусымына дайындығы ойдағыдай жүзеге асып жатқанынан хабардар етті.
2010 жылы салынып, қолданысқа берілген мектепке биыл ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, барлық кабинет, мәжіліс, спорт залдары, кітапхана әктеліп, сырланған. Оқу шаңырағында жаңа оқу жылында 151 бала білім алмақ. 18 оқушы 1-сыныпқа, 10 бала мектепалды даярлық тобына қабылданбақ. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 6 оқушыға демеушілер, 20 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек көрсетілуде. 
Келесі кезекте Садық Нұрсапаұлы бастаған топ Мәмбет ауылындағы Ж. Егінбаев атындағы орта мектепке бас сұқты. Бұл Көксу ауданындағы интернаты бар жалғыз білім ошағы. Онда тұрмысы төмен отбасы мен малшылардың балалары жатып білім алады. Оқу ошағына 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, биыл мектеп пен интернат ағымдағы жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. 
Садық Нұрсапаұлы білім ошағының қауіпсіздігі жайына ерекше мән беріп, өрт, басқа да зілзала кезінде қолданылатын құрал-саймандардың толық болуына жіті назар аударды. Арнайы орындар мен химия, физика, технология кабинеттерінде қауіпсіздік ережелері тақтасы мен асханада дұрыс тамақтану қағидаттарының ілінуіне айрықша көңіл бөлді. Жаңа оқу жылынан 480 оқушы білім алатын мектеп-интернаттың материалдық-техникалық жағдайына да мән берді.
Мұнда 24 оқу кабинеті, оның ішінде 2 информатика, лингофонды-мультимедиялық және жаңа модификациялы физика кабинеттері бар. Жалпы компьютерлер саны – 58. Барлығы интернет желісіне қосылған. Onlain режиміндегі сабақтарға қатысу мүмкіндігі 100 пайыз.  Сонымен қатар мектепте бір интерактивті тақта, экранымен 7 проектор бар. Спорттық құрал-жабдықтармен де толық қамтамасыз етілген. Мектеп-интернаттың жаңа оқу жылына дайындығы ойдағыдай жүзеге асуда.
Кәсіподақ саласының қызметкерлері бұдан соң аудан орталығы Балпық би кентіндегі Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектепте де болды. 2013 жылы пайдалануға берілген жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталған. Бүгінде мұнда 53 ұстаз еңбек етеді. Мектептің жаңа оқу жылына дайындық барысы, қауіпсіздік шараларымен толықтай танысқан соң Садық Нұрсапаұлы мұғалімдермен шағын жиын өткізді.
– Біздің мақсатымыз – тексеру емес, ұстаздардың қауіпсіз орында жұмыс істеуін, еңбегіне сай марапатталуын, құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Осы орайда мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы барысымен танысып шықтық. Өйткені, ұстаздарымыз жайлы да жылы орында еңбек етуі керек. Денсаулығы, отбасы жағдайы бәрі де қалыпты болуы тиіс. Биыл ұстаздарды қолдау мақсатында кәсіподақ 700-ден астам білім саласының ардагерлері мен мұғалімдерге шипажайларға жолдама берді. Облысымыздан 36 ардагер, 25 оқушы «Экспо – 2017» халықаралық көрмесіне барып қайтты. Ұстаздардың еңбегіне қарай марапатталуы, басқа да жағдайларына мейлінше мән берудеміз.  Осы орайда айтар өтініш, тілек, ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға дайынбыз. Қандай мәселе болса да шешеміз, – деп ұстаздарды еркін әңгімеге шақырды. 
Өз кезегінде ұстаздар қауымы жаңа, жылы да жайлы мектепте еңбек етіп жатқанын алға тартып, әзірге алаңдайтын ешбір мәселе жоқтығын жеткізді. Мұғалімдердің жан-жақты қорғалуына баса мән берген кәсіподақ басшысына алғыстарын айтты. 
Жалпы Көксу ауданы бойынша 25 орта білім ошағы, 14 балабақша, бір музыка мектебі бар. Биыл ағымдағы жөндеу жұмысына 4 млн. 210 мың теңге қаражат бөлінген. Жылыту маусымына қажетті сұйық отын толықтай мөлшерде алынған. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар алынып, оқушыларға үлестірілуде. Осының бәрін саралай келе Көксу ауданындағы мектептер мен балабақшалар жаңа оқу жылына дайын деуге болады.

Алма ЕСЕНБАЕВА.
Көксу ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.