Талдықорған: +1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАМБЫЛ ЖЫРАУ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

24.05.2018
КҮЛТӨБЕ
ЖАМБЫЛ ЖЫРАУ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Аудан орталығында жыр алыбы Жамбыл жыраудың ескерткіші ашылды. Ұзынағаш ауылының кіреберісіне қойылған ақынның тастұғырдағы асқақ мүсіні ауданның атына заты сай екенін әйгілей түсіп, елді мекенге ерекше сән берді. Халық поэзиясының алып тұлғасына ескерткіш қою құрметіне ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.

 

    Ескерткіштің ашылу салтанатында өңір басшысы:
– Қазақ халқының біртуар перзенті, халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, ұлы ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Біз қашанда ұлылардың рухын қастерлей білген, «Өткенсіз бүгін жоқ, тарихсыз болашақ жоқ» дейтін халықпыз. Сондықтан елдің тұтастығы, бірлігі жолында қызмет еткен бабаларымызға тағзым ету – бәріміздің азаматтық борышымыз.
   Бұл орайда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әлеуметтік-мәдени салалардың тың серпінмен дамуына ерекше ықпал етіп отыр. Елді мекендер көркейіп, әлеуметтік нысандар ашылуда, тарихи орындар түгенделіп, өлкетануға  кең өріс ашылды. Әсіресе кәсіпкер азаматтар бағдарламаны жүзеге асыруға, туған жерін көркейтуге белсене атсалысып келеді. Бүгінгі шара соның айқын көрінісі. Меценаттардың экономиканың басқа салаларымен қатар мәдениетке қолдау көрсетуі руханияттың дамуына қызмет еткені деп түсінеміз.
   Бұған дейін Астанада, Сербияның Белград қаласында, Украинаның астанасы Киевте, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында жыраудың ескерткіштері қойылды. Ақынның рухына жасалған құрмет бүгін Ұзынағаш ауылында жарасымды жалғасын тауып отыр,  – деген облыс әкімі бұл ескерткіштің тәуелсіздіктің туындысы, елдіктің жемісі екенін атап өтті. Осындай игі істің атқарылуына мұрындық болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, бүгінгідей шараның жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңызы зор екенін баса айтты. Сөзінің соңында «Ғасыр жасаған Жамбыл атамыздың аруағы баршамызды желеп-жебеп жүрсін. Қашанда бірлігіміз жарасып, игі істеріміз мол болсын», – деді.
   Жиында «Жақсылық» шаруа қожалығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров, ауданда құрылған «Туған жерге тағзым» қоғамдық қорының төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Әскербек Абаев ескерткіштің ашылуына орай жылы лебіздерін білдірді. Одан кейін өңір жетекшісі бастаған құрметті қонақтар ескерткішті ашу рәсімін жасады. Ақ жамылғы сыпырылған сәтте қолына қазақтың қасиетті қара домбырасын ұстаған Жамбыл жыраудың асыл бейнесі биіктен жарқ етіп, ақжаулықты әжелер шашу шашты. Соңынан аудандық «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері ән мен жырды әуелетті.
   Биіктігі 10 метрлік ескерткіш қоғамдық қордың қаражатына салынған. «Ақындар мен батырлар елі» саябағында орнатылған оның жалпы құны 80 млн. теңгеден асады, аумағы 0,23 гектар. Мүсін авторы Қазбек Жарылғапов. Саябақты абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 60 млн. 368 мың теңге бөлініпті. Салтанатқа жиналған көпшілік тарам жолдың тоғысқан тұсынан орын алған еңселі ескерткішті тамсана тамашалап тарқасты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа нысан ауыл ажарына өзгеше көрік қосты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.