Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАРАТУШЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕДІ

01.10.2023
КҮЛТӨБЕ
ЖАРАТУШЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН ДӘЛЕЛДЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрынғының ойшылдары: «Тіршілік иесінің алдында екі түрлі таңдау бар: сіз ғажайыптарға мүлдем сенбей де өмір сүре аласыз және бұл әлемдегінің бәрі ғажайып деп те өмір сүруіңізге болады» деп тұжырымдаған екен.

Жер бетіндегі тіршіліктің, жалпылама айтатын болсақ, жетпіс жеті мың ғаламдағы адам ойына сыймас құбылыстың бәрін бір-бірімен кереметтей қиюластырып, жымдастырып қойған Жаратушы құдірет пе, әлде қиял жетпес әлемнің бәрі уақыт өте келе кездейсоқ пайда бола қалды ма деген сұрақтың қарапайым адамдарды ғана емес, ғалымдарды да толғандырып келе жатқаны баршаға аян. Не нәрсеге болсын тәжірибе жүзінде көз жеткізбесе сене қоймайтын ғалымдардың біразы ондай күштің бүкіл ғаламды жоқтан бар күйге келтіріп, үйлестіріп отыруы мүмкін емес нәрсе, оны физика заңдарының өзі жоққа шығарады деп өзеуресе, оқымыстылардың келесі бір тобының уақыт өте келе табиғаттан тыс тұрған әлдебір құдіретті күштің бар екендігін мойындағаны белгілі.

Осы орайда әлемге әйгілі химик, Башқұртстан мемлекеттік университеті жалпы химиялық технология және аналитикалық химия кафедрасының профессоры болған Валитов Нажип Хатмулловичтің аты-жөні ойға оралмай қоймайды.  Қолданбалы ғылым түрлерімен айналысқан оқымысты өз кезінде мұнай химиясы мен химия, катализ, биохимия, физика, астрономия бойынша 129 ғылыми еңбек жазып, 23 патент пен авторлық куәліктің иегері атанды, Ресейдегі мұнай технологиясын қайта құрудың екі бағдарламасын жасады.

Көрнекті ғалымның Жаратушының бар екендігін дәлелдеген ғылыми еңбегі оқымысты қауымды таң-тамаша қалдырды. «Атомдарды, молекулаларды химиялық қоздыру кезіндегі вакуумдық тербелістер мен электрмагниттік және гравитациялық өрістердің күштік желілерінің кездейсоқтығы» деп аталатын бұл монография, ғалымның әріптестерінің есептеуі бойынша, термодинамиканың 12 заңы мен физиканың 28, механиканың 40, химияның 20 тарауын толықтай жоққа шығарады. 1998 жылдың бас кезінен бастап оның ғылыми еңбегі әлемдік қауымдастықтың ғылыми кітапханаларынан, соның ішінде АҚШ-тың 7, Англияның 2, Францияның 2 жетекші университетінің, Токио университетінің кітапханаларынан  орын алды.

Өз зерттеулерінде профессор бұған дейін ғылымға белгісіз болып келген көптеген жаңа ережелерді, теңдеулер мен басқа да теориялық формулаларды ғылыми тұрғыда түсіндіріп, дәлелдеп берді. Тұжырымдарының қай-қайсысы да нақты тәжірибеге негізделгендіктен ғалымның есептерінің дұрыстығы ешқандай күмән тудырған жоқ.

Сөз орайы келгенде сондай тұжырымдардың бірқатарына тоқтала кеткен жөн болар. Айтарымыз түсінікті болуы үшін алдымен жарық жылдамдығы жайына тоқтала кетейік. Осы күнге дейін қандай жылдамдық болсын жарық жылдамдығынан (секундына 300 000 километр) асып кете алмайды, өйткені жылдамдық шектеулі, түпкілікті деп тұжырымдалып келді. Ендеше ақпараттың да таралу жылдамдығы түптеп келгенде жарық жылдамдығынан асып кетпеуі тиіс болатын. Бұл тұжырым Жаратушы құдіреттің әлемнің қай нүктесінде болсын орын алып жатқан құбылыстарды сол сәтінде біліп отыру мүмкіндігін жоққа шығаратындай еді (мәселен, жарық сәулесіне келесі бір алыс Галактикаға жету үшін әлденеше мыңдаған, миллиондаған жыл қажет болады). Профессор Нажип Валитов өз зерттеулерімен бұл ертегіні жоққа шығарды.

«Негізгі әлемдік діндердің қасиетті кітаптарында Құдай бәрін сол сәтінде естіп, көріп, біліп отырады деп жазылған. Атеист ғалымдар бүгінге дейін нақ осы анықтаманы жиі сынға алып келді. Бір қарағанда олардың қисыны темірдей еді: жарық жылдамдығының шегі болатындығы себепті Жаратушы құдірет, егер ол бар болса, адамның әрбір ісін нақ сол сәтте естіп, көре алмайды. Әйтсе де біздің әрқайсымыздың ойымыз материалды болып шықты. Ми нейрондарын құрайтын молекулалардағы атомдар үдемелі, тербелісті және айналмалы қозғалыстар жасайды. Соған орай ойлау процесімен бір мезгілде міндетті түрде электрмагнитті және гравитациялық күштік өрістер туындап, сіңіріліп отырады. Бұл процесті Әлемнің кез келген нүктесінен нақ сол сәтте тіркеуге болады», – деп тұжырымдады профессор Валитов.

Ғалым осылайша жылдамдық шегінің болмайтынын, Әлем объектілерінің бір-бірінен қандай қашықтықта, қандай көлемде болсын қарама-қарсы зарядтар есебінен бір-бірімен қас-қағым сәтте әрекеттесетінін, мұндай әрекеттестіктің шексіз жылдамдықты тудыратынын ғылыми түрде дәлелдеп берді. Мәліметтердің қандай қашықтыққа болсын қас-қағым сәтте берілетіні теориялық жағынан негізделіп, тәжірибе түрінде дәлелденді. Мұның өзі Әлемде барлығына иелік етіп отырған жалғыз ғана Жаратушы күштің барлығын аңғартпай ма?

 «Демек Жаратқан біздің әр ойымыз бен ниет, мақсатымызды біліп отыратын болды ғой?» деген сұраққа Нажип Хатмуллович: «Иә. Дүниедегінің барлығы бағынатын бір құдірет бар. Біз оны Құдай дейміз бе, Алла тағала, Әлемдік сана дейміз бе, одан оның мәні өзгермейді. Мен Библия мен Құран, Тораның әдетте әрқилы оқылатындығына қарамастан олардың бір-бірінен айнымайтын постулаттары да көп деген тұжырымға тоқтадым. Қасиетті кітаптардағы іргелі ақиқаттар менің есептеулеріме де сай келеді. Демек, бұл формулаларда тың жаңалық жоқ. Адамзат баласына жоғарыдан мың жыл бұрын түсірілген ақиқаттар ғана дәлелденіп тұр», – деп жауап беріпті.  

Нажип Хатмуллович өз зерттеулерінде «Тепе-теңдік қайтарымды процестер жүрген жағдайда уақыт бірлігі масса мен энергияға айнала алады, содан кейінгі жерде кері процесті бастан өткізуі мүмкін» деп тұжырымдаған екен. Уақыт бірлігінің мұндай өзгеше қасиеті, барлық діни кітаптарда жазылғандай, өлген адамды қайта тірілту мүмкіндігінің де болатындығын көрсетеді.

Діни сенім жолындағылар мұны Жартқанның ғана қолынан келетін керемет деп санайды. Уақыттың түрленетіндігі мен қайтарымды процестің барлығын ғылыми жолмен дәлелдеген Нажип Валитов болса, атеистердің Құдайдың мұндай кереметті жасауы мүмкін емес деген тұжырымдарының тас-талқанын шығарды.

Профессор өзінің ғылыми оппоненттеріне жаңағыдай тұжырымдарын мұқият тексеріп, қатаң сүзгіден өткізуді ұсынды. Ең бір кереметі, бұл тұжырымдарды олардың ешқайсы жоққа шығара алмады. Керісінше, Ресей Ғылым академиясының академигі Андрей Трофимов әріптесінің бұл монографиясына тәнті болғанын мойындап, керемет пікір жазыпты.

Мұндай мойындаулардың қатары Трофимовпен аяқтала қоймайды. Ғылыми еңбек жарыққа шыққаннан кейін діни және мемлекеттік қайраткерлердің тәнті болған хаттары қарша жауды деуге болады.Сауд Арабиясының королі Фахд Құран ақиқатын дәлелдегені үшін шынайы алғысын жолдаса, Рим Папасы Нажип Валитовқа дұғасын арнап, ғалымның бұл монографияны жазуға себеп болған сезімдерін айрықша бағалайтынын білдірген. Хат соңында «мұқият зерттеп, беделді сараптамадан өткізгеннен кейін ғана Сізге алғысымызды жолдаймыз деп шештік» деген жолдар бар.

Мұсылман профессор бұдан кейінгі жерде Ресейдің Жоғарғы мүфтиі Талғат Таджуддинге жолығады. Дінбасы «Құранда Алла тағала бәріне куә» деген сөз бар. Сіз оның нақ солай екендігін дәлелдедіңіз» деп қасиетті кітаптағы басты ойды бірден тұжырымдайды.

Осыған дейін қолданбалы ғылымдармен ғана айналысып, жайнамазға жығыла қоймаған Валитов бұдан кейінгі жерде Библия мен Құран, Тора секілді қасиетті кітаптармен мұқият танысып, өзін Жаратушы Аллаға құлай сенетін адамдардың қатарына қосқан екен. Ғылыми жаңалықтарының мән-мазмұнының қасиетті кітап мәтіндерінде соншалықты дәл түйінделгеніне таңғалған ғалым кейінгі жазбаларында «Мен Құдайдың бар екендігін алғашында формулалармен дәлелдедім. Содан кейін ғана оны жан жүрегіме орнықтырдым», – деп жазыпты.

Профессор дүниеден өткеннен кейін оның қызы Лилия Валитова: «Әкем көрнекті ғалым болатын. Ол өз кезінде бірыңғай өріс теориясын, кезінде Альберт Эйнштейн аяқтай алмай кеткен теорияны жасауға күш салды. Оның қаншалықты дұрыстығына уақыт баға береді. Әйтсе де ол өз ізденістерінің нәтижесінде формулалары мен теорияларында жылдамдықтың шексіз екендігінің дәлелдерін таба алды», – деп толғаныпты.

Иә, әлемнің біз білмейтін, тылсым сырына бойлай қоймаған құпиялары мен жұмбақтары әлі де аз емес. Бұл орайдағы адамзат баласының білімін, жоғарыда сөз болған Эйнштейн тұжырымдағандай, автомобильдің құрылымымен таныс емес кішкентай баланың дүниетанымымен ғана салыстыруға болады. Әйгілі ғалым кезінде «Біздің шектеулі ой-санамыз шоқжұлдыздарды тербетіп тұрған жұмбақ күштерді ұғынуға қабілетсіз», – деген екен.

Ең бір қызығы, әлемге әйгілі физик өзін сол кездің атеистерінің де, дінге сенушілерінің де қатарына жатқызбапты. Әйтсе де табиғатта өзіміз түйсіне алмайтын, адамзаттың жаратылысынан үстем тұратын бір ұлы күштің барлығын да жоққа шығармаған. Соған орай бірде ол: «Адамдар, көкөніс немесе ғарыштың шаң-тозаңы болсын – біздің барлығымыз да дүниенің алыс бір түкпірінде көзімізге шалына қоймайтын музыкант ойнап отырған, түйсігіміз жете қоймайтын саз әуеніне билеудеміз» деп тұжырымдапты. «Құдайсыз қурай да сынбайды…» деген қазақы мәтелдің мәні де осыған саятын сияқты.

Нүсіпбай Әбдірахым,
«Жетісудың» ардагер журналисі

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.