Газбен жабдықтау жүйесі бойынша Жаркент қаласындағы көпқабатты 5 тұрғын үй ауласына газбен жанатын блокты-модульді қазандығын орнатуға 354,3 млн. теңге бөлінді.
Жаркент өңірінде жалпы 25 ауылға газ жеткізу құбыры мен газ тарату жүй-елерінің құрылысын бастауға 5,4 млрд. теңге қарастырылған. Солардың арасындағы Қырыққұдық, Ақкент, Нәдек, Ават, Ынтымақ, Қызылжиде, Ақарал, Сұптай, Аққұдық, Ақжазық, Керімағаш, Сарпылдақ, Әулиеағаш ауылдарындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға таяды.
Ақкент, Ават және Нәдек ауылдарының тұрғындары көгілдір отынды пайдалана бастады. Десек те бұл ауылдардағы кейбір тұрғынның үйіне табиғи газды кіргізуіне қаражаттары толық жетпегендіктен біртіндеп қосуда.
Сонымен бірге Тұрпан, Садыр, Сарыбел, Басқұншы ауылдарына газ жеткізу құбыры мен газ тарату жүйелерінің құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде көгілдір отынға өңірдің 61,0 мың ауыл тұрғыны қол жеткізеді. Бүгінгі таңда Жаркент қаласындағы жалпы 9782 абоненттің 7130-і табиғи газды пайдалануда.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы





