Талдықорған: +25°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАРКЕНТТЕГІ ТҮРМЕДЕ ТОҚАШ БОКИН ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН

18.03.2023
КҮЛТӨБЕ
ЖАРКЕНТТЕГІ ТҮРМЕДЕ ТОҚАШ БОКИН ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Панфилов филиалының архиві 1966 жылы қазан айында құрылды. Аудандық архивте 1916 жылдан бастап өңірге қатысты мемлекеттік, тарихи маңызды құжаттар сақталуда. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы және бұрынғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалардағы басты бағыттарды іске асыруға ерекше назар аударылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мағызды мақала бағыттары бойынша архивте 3 жоба әзірленді. «Архивтер сөйлейді», «Электрондық архив», «Тарихи тұлғалар» атты жобалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың қараша айынан бастап филиалда мемлекеттік сақтауда жатқан құжаттарды бірыңғай «Электронды архивке» енгізу бойынша құжаттарды сканерден өткізу жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге дейін 1 қор, 2 тізімдеме, 365 сақтау бірлігі, 41407 парақ беттері сканерден өткізілді. Мемлекеттік архивте өткен жылда ведомстволық архивтерге ұйымдастырушылық-әдiстемелiк 8 көмек берілді. 
Қорымыздың қоржынында сақталған өңірге қатысты тарихи деректерге үңілсек, 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу губерниясы халықтық комиссариятының қаулысымен уезд таратылып, Жаркент ауданы құрылған. Қазақ АССР Жоғарғы атқару кеңесінің Жарлығымен 1942 жылдың 7 мамырынан Ұлы Отан соғысы басталғанда Алматыда жасақталған, Мәскеу түбінде ерлікпен шайқасқан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының Батыры, гвардия генерал-майоры Иван Васильевич Панфиловтың есімі аудан мен оның орталығына берілген. 
1928 жылы Жаркент ауданы болып құрылған аймақтың тарихи мән-маңызын тереңірек түйсіну үшін алдымен XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы тарихи жағдай туралы деректерге жүгінсек, 1856 жылы Шоқан Уәлиханов атақты Қашқар сапарында қазіргі Сарыбел ауылының солтүстігіндегі бұрынғы ескі жолмен өтіп бара жатқанда «Жаркент қаласының шамдары жарқырап тұрғанын көрдім» деп жазған тарихи деректер кездеседі. Қазақтың соңғы ханы Кенесарыдан кейін орыс империясы отарлау мақсатында шұрайлы қазақ жерлеріне әскери бекіністер, ғимараттар салып, қара шекпенділерді Ресей губернияларынан көшіріп орналастырып, өз билігін орнатуға белсенді әрекеттер жасады. Уез орталығы болған соң Жаркентке үлкен түрме ғимаратын салды. Сол жылдары облыстық партия комитетінің жауапты қызметкері, белгілі революционер Тоқаш Бокин де осы түрмеде жазасын өтегені туралы тарихи дерек бар. Оны да «Кеңестік саясатқа қарсы келдің» деп қамағаны белгілі. Архивте осы түрмеде 229 адам атылғаны туралы тарихи дерек сақталған.
Филиалда Жаркент уезі бойынша 1916-1956 жылдарды қамтитын 22 қорда аса құнды құжаттар сақталуда. Онда Жаркент уезіндегі елді мекендердің тізімі, уезд тұрғындары санағының есебі, көшпенді тұрғындардың есебі, Бүкілодақтық халық санағының араб харпіндегі мәліметі, Жаркент уезіндегі мектептер мен мәдени-ағарту мекемелерінің тізімі сақталғанын ерекше атап өткен жөн.
1922 жылы Жаркент қаласында сабын қайнататын, ұн өнімдерін дайындайтын, бал, крахмал әзірлейтін, тері илейтін тағы да басқа зауыттар жұмыс істесе, 1925 жылы мұндай жұмыс орындарының саны 135-ке жеткен. Бұл мекемелер жалпы саны 209 жұмысшыны қамтыған. Бір қызығы әрі сүйсінтерлігі, сол бір сындарлы сәттерде де елді мекендердің тарихи атауларына ерекше мән берілгені байқалады. Есімдері белгісіз ел тізгінін ұстаған ұлтжанды, рухты аға ұрпақтардың ықпалымен 1923 жылы Жаркент өңіріндегі Николаевское – Қорғас, Голубевское – Көктал, Кутузовское – Тышқан, Вишневское – Қоңырөлең ауылдары болып қайта аталған екен. Сонымен бірге Жетісу облысының статистикалық бюросы Жаркент уездік басқару және санақ бөлімінің әкімшілік бөлініс туралы бұйрықтары, Жаркент уездік басқару бөлімінің болыстық ревкомдар, елді мекендер тізімі бойынша бұйрықтары, Жаркент қаласындағы кеңестік мекемелердің және оларда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдері бойынша материалдар, Жаркент уезі болыстықтарындағы тұрғындардың саны бойынша мәліметтер, тағы басқа қажетті көрсеткіштерді қамтитын ақпараттар жинақталған архивтік құнды құжаттар сақталуда. 

Жәмилә ҚОЖАХАНОВА,
«Жетісу облыстық мемлекеттік архиві» КММ Панфилов филиалының директоры
Жаркент қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Үздік футболшы, қамқор әке

Үздік футболшы, қамқор әке

16.08.2026
Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
Қиындыдан құндылық жасаған шебер

Қиындыдан құндылық жасаған шебер

16.08.2026
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

16.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.