Талдықорған: -1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

22.05.2018
КҮЛТӨБЕ
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

    Жер жаннаты Жетісудың рухани азығына, тыныс-тіршілігінің айнасына айналған ғасырлық ғұмыры бар «Жетісу» газетінің мерейтойлық іс-шараларының бірі – оқырмандармен кездесу болатын. Мәні мен мазмұны бөлек бұл басқосуды талғарлық оқырмандарымыз да асыға күтті. Руханияттың қара шаңырағына айналған Талғар аудандық кітапханасында ұйымдастырылған кездесуге «Жетісу» газетін жата-жастана оқитын көнекөз қариялар бастаған қалың оқырман жиналды.

 

    Ғасырлық мерейтойды арқау еткен жиынға «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам Жанәділов, редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар, аудан әкімі Рыскелді Сатбаев, аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаев, жергілікті ақындар мен журналистер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және жастар қатысты. Келелі кездесуді аудан әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы тізгіндеді.
– Шежірелі 100 жыл ішінде газеттің атқарған жүгі ауқымды. Өңірдегі әрбір игі істі халыққа жеткізуге, жаңалыққа жақындастыруға, еңбекке ұйымдастыруға белсене араласуда. Елбасының сарабдал саясатын, әр жылғы халыққа Жолдауын да жан-жақты түсіндіріп, қарапайым жұртшылыққа жеткізуде журналистер қауымының еңбегі зор. Газеттің сапалы да сауатты шығып, оқырман жүрегінен жол табуы, әрине, ондағы қаламгерлердің іс-тәжірибесі мен шеберлігіне, білімділігіне тікелей байланысты. «Журналист – қоғамның қоңырауы», – деп тегін айтпаған. Сондықтан бүгінгі кездесу газеттің ғана емес, аудан жұртшылығының да қуанышы десем артық болмас, – деген аудан басшысы оқырмандарды және «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
    Сонымен қатар, Р. Сатбаев өзі тағайындалған аз уақыт ішінде ауданда атқарылып жатқан істер жайын, әлеуметтік-экономикалық маңызға ие бағыт-бағдарлар жөнінде де құлағдар етті. Екі жүз мыңнан астам халқы бар ауданның ырысын арттырып, тұрмыс-тіршілігін түрлендіруде атқарылып жатқан нақты істер мен алғашқы қадамдар сөз болды.
– Алматыдай ірі мегаполиспен іргелес жатқан ауданның экономикасының нығайып, әлеуетінің жақсара түсеріне сенімдіміз. Осы жолда атқарылып жатқан жұмыстар жайы қос газеттің бетінен жиі орын алып келеді. 100 жылдық тарихы бар газеттеріміз қандай қиыншылық кезеңде де жұмысын тоқтатпағаны белгілі. Дей тұрғанмен, заман талабына орай соңғы жылдары біраз өзгерістер орын алды. Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен екі газеттің бір серіктестікке біріктірілуі соның көрінісі, – деген «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы бұдан әрі 100 жылдық мерейтой аясында жүзеге асып жатқан мәдени іс-шаралар жөнінде хабардар етті.
    Еліміздегі беделді басылымдардың біріне айналған «Жетісу» газетінің 100 жылдығы бір газеттің ғана емес, қазақ халқының бүтін бір тарихы екендігін тілге тиек еткен редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар 1918 жылдың 21 маусымында тұңғыш жарыққа шыққан «Жетісу ісші халық мұқбірінің», яғни, бүгінгі «Жетісу» газетінің таралу тарихын, мазмұнын және онда қолтаңбасы қалған Алаш арыстарының мақалалары жайлы егжей-тегжейлі баяндауы оқырманды ұйытты.
– Ғасырмен құрдас «Жетісудың» облысқа ғана емес, республикаға, одан асып алыс-жақын шетелге таралып жатқанына қуаныштымыз. Жарыққа шыққалы бері халықпен бірге жасасып келеді. Өзім 1962 жылдан бері осы газеттің штаттан тыс тілшісімін. Содан бері 55 жыл өтіпті. Менің журналистік қаламымды ұштап, шығармашылығымды шыңдаған да осы басылым. Сондықтан, мен өзімді «Жетісудың» шекпенінен шықтым деп айта аламын. 47 жыл  газетте еңбек еттім. Корректорлықтан бастап редакторлыққа дейін барлық сатысынан өттік, – деген ақын, драматург Мұса Жанәділов шежірелі «Жетісудың» ұлылардың көзіне, даналардың сөзіне айналғанын айрықша атап өтті. Ақын ағамыз газеттің алдағы жаңа ғасырында да өміршең әрі оқырманының көп болуына тілектестігін білдірді. Мұндай ақжарма тілекті Тұздыбастау ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Раушан Қабылжанова да ақтарды.
   Ерекше әсерге бөлеген кездесу соңында 100 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  ең белсенді штаттан тыс тілшілері мен тұрақты оқырмандары М. Жанәділов, Б. Көлбаев, М. Сихымбаева, Н. Қожахметов және Т. Нұрмұхамбетоваларға  «Өлке тынысы» ЖШС-нің Алғыс хаты мен тұрмыстық техникалар тарту етілді.

Ұлбосын ИСАБЕК.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.