Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕЛТОҚСАН ЖАЙЛЫ ФИЛЬМДЕР НЕГЕ АЗ?

20.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖЕЛТОҚСАН ЖАЙЛЫ ФИЛЬМДЕР НЕГЕ АЗ?

Желтоқсан жақындаған сайын жүрек түкпірінде тығылған толқынысыңды шығарар, өн-бойыңды қозғап, ой-санаңды сілкіп алатын бейнелерді іздейсің. Сонау Желтоқсан көтерілісіндегі фото-видеоларды қарап отырып аға-әпкелердің ерлігіне бас иіп, істеріне рухтана қарайсың. Өкінішке қарай әр желтоқсан сайын арналардан көрсетілетін белгілі әрі санаулы кино, деректі фильмдердің түспей келе жатқанына да көп болды. Тың туынды өте сирек. «Аллажар», «Қызғыш құс» сынды кинолардың қатарына қосылып жатқандар жоқтың қасы.


Материалды жазар алдында 1991 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Әлем» творчестволық бірлестігімен түсірген Талғат Теменовтің фильмі «Қызғыш құстағы» (сценарий авторлары Олег Манджиев пен Талғат Теменов) басты кейіпкер Санжар Құдайбергеновты ойнаған Қанат Ақатовпен тілдесуге тырыстық. Алайда отбасылық жағдайына байланысты сұхбатты кейінге қалдырды. Егемендікті енді алған тұста қазақ жанын ұғынып, тарихтағы оқиғаны негізге ала отырып түсірілген бұл фильмнің алар орны айрықша. Әділетсіздікті көзбен көріп, оған жаны да, өзі де қас болған Санжардың образы әлі күнге дейін көптің көз алдында. Өзінің сұхбаттарының бірінде белгілі режиссер Талғат Теменов: «Желтоқсан көтерілісі кезінде мен Мәскеуде тұратынмын. Көтерілістің болғанын сол жақтан естідім. Елге келген соң көп жағдайға қанық болдым. Желтоқсан шындығының айтылмай жатқанын көрдім. Қазақ жастарының бұл ерлігінен шет мемлекеттер хабарсыз екен. Желтоқсанда қазақ жастары ешкімнен жасқанбай алаңға шықты емес пе? Ендеше, бұған неге қуанбауым, мақтанбауым керек?! Қазақ жастарының ерлігін неге басқаларға көрсетпеске?! Осындай оймен осы фильмді түсірдім» – дейді. Ал кейіпкерлерді режиссер әдетінше ел арасынан іздеп, икеміне, реңіне қарай ролді табыстаған. Басты рөлді сомдаған Қанат Ақатовты да Талғат Теменов ел ішінен тапқан. Рөлді ойдағыдай ойнап шыққанына дән риза. Көрермендер де бұйра шашты бозбаланы ұмытқан жоқ.

Желтоқсан жөнінде кең толғап, нысанасына дөп тигізе білген фильмнің бірі 1988 жылдан бастап 1996 жылға дейін түсірілген – «Аллажар». Фильм режиссері марқұм Қалдыбай Әбенов осыған дейінгі естеліктерінің бірінде: «Фильмді түсіру жұмысы 1988 жылдан басталды. Кедергілердің көбеюіне байланысты түсірілім ұзаққа созылды. Желтоқсанға қатысты ақиқаттың көбі жойылып кетті. Сондықтан да фильмді Желтоқсанға қатысқан, түрменің азабын шеккен жастарымыздың айтқан әңгімелері бойынша түсірдім. Осылайша, олардың сөздерін актерлік көріністермен реставрациялап шықтым», – дейді.

 Журналист Таңшолпан Бегалықызы: «Желтоқсан оқиғасының болғанына биыл 38 жыл толады. Бұл көтеріліс КСРО-да алғаш рет болған студенттердің жаппай шеруі еді. Бейбіт шеру қан-жоса болып басылды. Оны басу үшін Алматыға КСРО-ның 18 қаласынан әскер кірді. Тарихта үлкен орны бар көтеріліс туралы көркем фильм жоқтың қасы. Ең танымалдары — «Аллажар» мен «Қызғыш құс», – деген пікірді айтты. Келер ұрпақ айтып жүрер, намысын жанып, Желтоқсан туралы ойында сайрап тұратын фильмдер керек. 

Telegram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшамда осы жөнінде сол жердегі онлайн достарымнан сауалнама да жүргізіп көрдім. Басым көпшілігі екі фильмнен кейін тосылып қалып жатты. Ойландырады. Арнайы осы тақырыпты зерттеп жүрген, іздегендер табатын фильмнің бірі – «Жарияланбаған демонстрация хроникасы» деректі фильмі. Желтоқсан оқиғасы туралы басқа деректі фильмдерден ерте түсірілді (1991 жылы шықты). Режиссерлары – Әсия Байғожина мен Наана Чанкова. Фильм көтерілісті шеруге қатысқандар мен оны көргендердің сөзімен баяндайды, көтерілістен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы да айтылады. 

 Деректі фильмдер түсіріліп жатқанымен бәрі бірдей көрермен көңілінен шықты деу қиын. Оған себеп YouTube желісіндегі қаралым саны. Көрсеткіш басқа кинолармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мәселен, Желтоқсан оқиғасының 35 жыл толуына орай түсірілген «Желтоқсан жаңғырығы» деректі фильмді (2021 жылы шықты, режиссері – Үсіпхан Сейтімбет) екі жыл ішінде 38 мың рет көрген. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының сол кездегі студенті, қазір белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет көтеріліске шығуды насихаттағаны үшін тергеу изоляторында 6 ай жатқанын баяндайды. Ол Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен көрші камерада отырғанын айтады. 

Журналист Аршын Айдынбекұлы: «Желтоқсанға қатысты фильмдердің аз екені жасырын емес. Ал сол көтерілісті басқа қырынан көрсететін, өзгеше ракурс сыйлайтын режиссер кездеспей жатыр. Кино әлеміне алғаш «Аллажар» фильмінде басты рөлдегі Азатты сомдап енген, бүгінде табысты кинорежиссерлердің бірі Ақан Сатаевтан да келешекте Желтоқсанға қатысты бір туынды күтеміз. Жас режиссерлар да жарыққа шығар деген ойдамыз», – дейді.

Тарихтағы елеулі оқиғаны ұрпақ алдында насихаттап, сол ерлікті жаңғыртатын да, бүгін мен ертең арасына алтын көпір салатын да БІЗ!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.