Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕР БЕТІНЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ҰЯЛАҒАН ШАҚ

21.03.2018
КҮЛТӨБЕ
ЖЕР БЕТІНЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ҰЯЛАҒАН ШАҚ
WhatsAppTelegramFacebook
     Наурыз мерекесі – түркі халықтарына ортақ, дәстүрге сіңіп кеткен,  ежелден келе жатқан  мейрам. Тіліміздегі «Жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұзақ ұшып |келген күн», «Наурызек келген күн», «Көк құт көзін ашқан күн», «Жылдың жерге түскен күні», «Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» деген орамдар – жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі. Дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше мерекені жақсылықтың нышаны, жаңарған күн деп танимыз. Тіпті, оған әзиз атауын беріп, әз Наурыз деп қастерлейміз. Алайда Ұлыстың ұлы күні ұлттық деңгейде қаншалықты шынайы тойланып жатыр деген сауалға келгенде түрлі ой, тіпті, теріс пікірлер де айтылып қалатыны жасырын емес. Осыған орай қазақтың маңдайалды жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім ТАРАЗИМЕН аз-кем әңгімелескен едік. 

 

– Ұлыстың ұлы күні әлімсақтан түркі халықтарына ортақ мейрам. Десе де, дәстүрлі тойды туысқан ұлттар әрқалай атап өткен. Соның елеулі ерекшеліктерін тарқатып айтып бересіз бе?
– Түркі күнтізбесімен келетін Жаңа жылдың түп-төркінін біреулер парсы жұртынан іздесе, біреулер басқаша жорып жатады. Біз ұлық мейрамның астарын түркі тарихынан іздейміз. Бірақ қалай болғанда да Наурыз – ұлан-ғайыр даланы мекендеген көшпелілер мен оларға қоңсылас жұрттарға ортақ қазына. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұлық күннің тарихын тіпті тереңнен тартып, Нұх пайғамбардың заманына апарады. Естіген құлақта жазық жоқ деп көнекөз қариялардың сөзін жазған ол.
Мерекені түркі халықтары қалай атап өтті дегенге келсек, Осман империясы кезінде түріктер Наурызды тойлағаны туралы деректер бар. Олар Ұлыстың ұлы күнін жылдың басы санап келіпті. Одан бөлек, қызықты салт-дәстүрлері болған. Мәселен, Осман империясы кезінде мерекенің алдындағы үш аптаның жұма күндері «кептірілген жеміс» мерекесі болыпты. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Жаңа жылда жеміс-жидек те жаңадан шығатындықтан, кептірілген, өткен жылдан қалған бақша өнімдерін ысырап етпеу үшін Наурызға дейін жеп қою қажет. Сонымен қатар, Анадолы түріктері «жеті син», яғни, араб тіліндегі «син» әрпінен басталатын жеті түрлі тағам қосылған арнайы ас әзірлеген. Ал сұлтандар мен ханзадалар, уәзірлер ордасында бұл тағамға қосылатын дәмдердің саны 40-қа жеткізілген. Рас, қазір түріктердің арасында бұл дәстүр толық сақталған жоқ. Алайда Анадолының түкпір-түкпірінде Наурызға қатысты түрлі салт-дәстүр мен аңыз-әпсаналар әлі бар. Наурыз мейрамына қатысты қызық бір дәстүрді әзербайжандар сақтап отыр. Олар түркі жаңа жылына ақпан айынан бастап әзірленеді. Тойға төрт апта қалғанда «төрт сейсенбі» деп аталатын шара өтеді.
Наурыз мейрамының көп салт-дәстүрі түркінің біраз жұртына ортақ. Түркімен жұрты бұл күні неғұрлым мол тағам әзірленсе, жыл бойы молшылық болады деген сенімде. Әрине, мерекені олардың сән-салтанатынсыз елестету қиын. Ал өзбек ағайын мейрамды «Невруз байрам» немесе «Невруз» деп атайды. Самарқанның көк тасының жібитіні туралы аңыз осы өңірден тараса керек қазаққа. Бірақ, қазір айта ма, жоқ па, білмеймін. Таным өзгеріп, құндылықтар шайылып жатқан заманда көне ұғымдарды іздеудің өзі оңай емес. Дегенмен, мерекелік дастарқанда 7 түрлі тағамның болуы шарт. 
– Сіз әңгімелеген өзге жұрт салт-жоралғыларынан қазақ ұлтының дәстүріне жақыны, ұқсасы қайсы? Қазақтар қалай тойлаған ертеректе?
– Наурызды қазақ сияқты атайтын – қырғыз және ұйғыр халықтары. Алғашқысы нооруз десе, кейінгісі норуз дейді. Еділді өрлей қоныстанған татар бауырлар ішінара Науруз деп атайды. Бұлғарлардың тілінде осылай аталған екен. Бұрын татарлар Наурыз бәйітін айтқан екен. Шамасы, біздің жарапазанымызға ұқсас болса керек. Мұндай жыр-дастандар түркі халықтарында аз болмаған. Ұйғырлар да «Норуз нахшилири», «он икки муқам» деген ән-жырлар айтқан. Өзбектер кейде «Невроз лапалары» деп қыз-жігіттер арасында айтыс өткізеді екен. Қалай десек те, түркі дәуірінен, атам заманнан бастау алған мерекені ендігі буын дамытып, өркендетпесе, өшірмейді. Тіпті, түп-тұқиянымызға дейін тойлайтынына сенімім кәміл.
– Қазақ жыл бастауы санайтын айда қандай салт-жоралғылар жасалуы керек? Байырғы дәстүр бүгінде де жалғасып келе ме? Өзгеріске ұшырап немесе ұмытылып кеткендері бар ма? 
– Наурызнама ойын-сауыққа арналған шат-шадыман мереке ғой. «Абай жолы» романынан хакімнің: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша болады екен» дегенін оқимыз. Ал Мәшһүр Жүсіп еңбегінде: «Ол күні қожаларға оқытатын Наурызға арналған кітап болады. Оны «Салдама» деп атапты», – деген дерек бар. Бұл – қариялардың ақ батасымен басталып, 3-9 күнге созылатын, ұлт дәстүрі мен әдет-ғұрпы кеңінен орын алатын үлкен той.
Мерекеде бойжеткендер шолпысын сыңғырлата жүріп «ұйқы ашар» әзірлеген. Ал бозбалалар қыз-қырқынға сақина, сырға, айна, тарақ секілді жылтырақ тарту етіп, «селт еткізер» дәстүрін ұйымдастырған. Қарт-кәріге арналған «бел көтерерде» тіске жұмсақ тағамнан дәм тартылыпты. Бұл наурызкөжеге жалғасады. Айта кетерлігі, мерекелік асты халық арасында «тілеу көже», «көпкөже» деп те атаған. Наурызкөжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген, «Ақ мол болсын!» деген тілек айтып тарқасқан көпшілік. 
Ал бүгінгі той-думанын айтсақ, бәріміз көріп жүргендей, ән-жырдың көрігін қыздырамыз. Ат шаптырып, палуан күрестіру, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойындар көрініс табады. Соңғы жылдары байырғы дәстүрлерді жандандыруға ұмтылыс бары байқалады. Әйтеуір жыл санап мерекенің салмағы да, сәні де артып келеді. Мәселен, тек батыс өңірінде мерекеленетін байырғы дәстүрлердің бірі – Көрісу күні күллі қазақтан қолдау тауып, 14 наурыздан Ұлыстың ұлы тойын бастап кеттік. Бұл шара биыл, әсіресе Әулиеата жерінде жанданғанын естимін. Бұған біз қуанамыз, әрине.
– Әз Наурыз мейрамының ислам дінімен байланысы бар ма? 
– Қазақ мәдениетінің ұлы нышандарының бірі – Наурыз мерекесі жөнінде кейбіреулердің әртүрлі пікірлер айтып жүргенінен хабардармын. Олардың пайымынша, бұл той көне зороастризм сенімінің сарқыншағы-мыс, ислам дініне жат көрінеді. Осы секілді өзге де әңгімелер бар. Мен айтсам, ата дініміз ұлттық ділімізге, тарихымызға, әдет-ғұрпымызға шектеу қойған емес. Олай теріс ойладық екен, онда өзіміз отырған бұтақты өзіміз кескеніміз. Наурыз – ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, қазақ халқының дәстүріне сіңіп кеткен ұлық мейрам.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 
Асхат РАЙҚҰЛ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.