Талдықорған: +23°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕРДІ БӨЛІП БЕРУДЕГІ БЕЙҚАМДЫҚ. ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

04.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ЖЕРДІ БӨЛІП БЕРУДЕГІ БЕЙҚАМДЫҚ. ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Артынша халықпен кездесіп, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан шаруаларды толықтай баяндады. Сонымен қатар, аудан жұртшылығын толғандырған сауалдарға жауап берді.


Аймақ басшысы Алакөл ауданындағы мал басы 423 мың басқа, ет өндірісі 5 пайызға, сүт өндірісі 1 пайызға өскеніне тоқталып, сүт өндірісіндегі өсімнің аздығы «Жазылбеков и К» серіктестігі өз қызметін ет бағытына ауыстыруы себеп болғанын атап өтті. Жалпы, ауданда 92,9 мың бас ірі қара, 294,7 мың бас ұсақ мал, 34,9 мың жылқы, 751 бас түйе бар. Биыл жыл басынан 36 тонна ет өнімдерін өндірген «Қайыңды» ет өңдеу комбинаты жұмысын тоқтатып, жаңғырту шараларын жүргізуде. Алдағы күзде ірі қара мал бордақылауға қойылып, жаңа консервілеу желісі іске қосылады.

Ауданның ветеринарлық қызметін жақсартуға биыл 503 миллион теңге бөлініп, 2 автокөлік сатып алынды және жыл аяғына дейін Жағатал мен Екпінді ауылдық округтерінде 2 модульдік ветеринарлық пункт іске қосылады.

Ауданда 7 балық өсіру шаруашылығы мен 3 балық өңдеу кәсіпорыны бар. Биылғы 6 айдың ішінде «Болашақ Бастау», «Бақытбек Қаратал» ЖШСлар мен «Олжас» шаруа қожалығы 1,1 мың тонна балық өнімдерін өндірген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 338 тоннаға артық.

Өз сөзінде өткен кездесуде сүтті, майлы дақылдарды қайта өңдеуді қолға алу және көкөністерді сақтау нысандарын ашу бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін ешқандай шара қабылданбағанын мысалға алған Бейбіт Өксікбайұлы аудан әкіміне шикізатты, дәнді және майлы дақылдарды, ет пен сүтті қайта өңдейтін ірі кәсіпорындарды ашу бойынша инвесторларды тарту жұмысын белсенді жүргізуді тапсырып, аудандағы жер мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, былтыр ауданда 148,8 мың гектар пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері анықталған. Оның ішінде 3 ірі шаруашылық 19,6 мың гектар жерді пайдаланбай отырғаны белгілі болған. Осыған орай былтыр жер иелеріне берілген ескертуге сәйкес биыл қыркүйек айында жерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылданбақ. Одан бөлек, жыл басынан ауданда пайдаланылмай жатқан 27,2 мың гектар жайылым жер жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылып, жайылымдарды басқарудың жоспары бекітілген. Аудандағы Достық және Ынталы ауылдарының тұрғындарына 2 мың гектар жайылымдық жер жетпейді. Осы орайда аудан әкімдігі жер бөліп беру жұмысын дұрыс жолға қоймағанын, өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша бір ғана конкурс өткізіп, бар жоғы 255 гектар жер берілгенін сынға алды.

– Осыған байланысты, биыл көктемде аудан халқымен кездесуде ең алдымен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жер комиссиясының құрамын өзгертіп, жұмысын барынша ашық, әділ жүргізу туралы тапсырма бердім. Ал аудан әкімдігі жыл басынан бері бірде-бір конкурс өткізбеген. Оған қажетті қаражатқа сұранысты тек мамыр айында ұсынған. Алмас Сапарғалиұлы, менің тапсырмам неге орындалмады? Бұл жағдайды қалай түсіндіресіз? – деген облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан әкімі Алмас Абдиновті сұраққа алды. Одан соң жерге орналастыру жобасын тамыз айының аяғына дейін әзірлеп, қыркүйек айында ауыл шаруашылығы жерлерін табыстау үшін конкурс жариялауды аудан әкіміне тапсырып, жыл аяғына дейін жұмысты толық аяқтауды міндеттеді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.