Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

7 қазан 2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында мектептердегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік желілерде сын пікірлер көбейді. Кейбір асханаларда тағамнан құрт табылған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты облыстық Білім басқармасы мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады.

Бірқатар білім ұйымдарында орын алған мәселеге байланысты Жетісу облыстық мәслихатының төрайымы Гүлнәр Тойлыбаева пікір білдіріп, санитарлық бақылаудың әлсіздігін атап өтті. «Бұл оқиғалар балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Кәсіпкерлердің жауапсыздығы мен тиісті бақылаудың жеткіліксіздігі осындай жағдайларға әкеліп отыр. Кінәлі мердігерлер мен жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қолданылуы тиіс», – деді ол.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттары бұл мәселені өз бақылауына алып  жергілікті білім басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бастамасымен қоғамдық мониторингтік топтар құрылып, олар білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасын, қауіпсіздік деңгейін және инфрақұрылым жағдайын жүйелі түрде тексеретін болады.

Мониторингтің басты мақсаты – әрбір баланың мектепте сапалы, қауіпсіз және таза тағаммен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету. Жетісу облысы әкімдігі мен білім басқармасы аталған бағыттағы жұмыстарды барлық мүдделі тараптармен бірлесе жалғастырып, мектеп асханаларындағы тағам сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстайтынын хабарлады.

Атап өтейік, 2025-2026 оқу жылында Жетісу облысы бойынша 315 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 280 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған, 13 мектепте  буфеттік қызмет көрсетіледі, ал бейімделген ғимараттарда орналасқан 22 мектепте тасымалды тамақтандыру жүзеге асырылады. Оқу жылының басынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 50 мыңнан астам оқушының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан 5-11 сыныптарда оқитын 15 784 бала да ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Жалпы алғанда, облыстағы 66 560 оқушы мектепте тегін ыстық тамақ ішіп жүр.

Биылғы жылы аз қамтылған және жекелеген санаттағы отбасылардан шыққан 25 229 оқушыны ыстық тамақпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Әр оқушының күнделікті тамағына 630 теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.