2024 жылғы 16 ақпан күні сағат 10:38-де Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл жерге Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді.
Оқиға орнына келген соң, жолаушылар автобусының ашық жануы орын алғаны анықталды.
Өрт 10 сағат 58 минутта жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі





