Бүгінде Жетісу облысында «Таза қала» ақиясында ауыл-аймақтарды күл- қоқыстан тазартып, ағаш егу жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қолға алынған бұл шараға өңірдегі әрбір мекеме ұжымдарымен қатар зейнеткерлерге дейін атсалысуда. Тазалық жұмыстары басталған күні облыс орталығынан 300 тоннадан астам қоқыс шығарылып, қала ішіндегі бірнеше шақырымды құрайтын арықтар аршылған.
Мамандардың мәліметінше, облыс орталығы Талдықорған қаласында биылғы көтемде 1 мың, күзде 5 мың ағаш егіп, 50 мың түп гүл отырғызу жоспарлаған. Сондай-ақ, қазір шаһар тазалығына 800 жұмысшысы бар 8 кәсіпорын жауапты. Бұдан бөлек бұл жұмыстарға қала тұрғындары, еріктілер және әр саланың жетекші, мамандары да белсене қатысуда.
Осы орайда жұмыстарының қарбаластығына қарамастан Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың қызметкерлері де қала тазалығына өз үлестерін қосты. Олар аурухана аумағын, күре жолдардың бойын, ағаш араларын лас қалдықтардан тазартып, жұрттың ықыласына бөленді.
Жауаптылардың сөзінше, қазір елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған. Осыған байланысты әр апта сайын табиғатқа баса көңіл бөлініп, белгілі бір тақырыппен тазалық шарасы өткізілуде. Мәселен, бірінші аптада «Таза өлке» тақырбында тұрғындар, мекеме қызметкерлері өз аула-жайын тазартады. Екінші «Киелі мекен» апталығы. Онда қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің маңайы абаттандылады. Үшінші «Жасыл аймақ» апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Төртінші жас буын «Өнегелі ұрпақ» апталығы кезінде ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласы жинап, көмектесу көзделген. Ал, соңғысы «Мөлдір Бұлақ» апталығы. Бұл барысты өзен-көлдердің жағасы тазартылады деп жоспарланған.
Айдын КӘЛІМХАН





