Жетісу облысында құтқарушылар аттан құлап жарақат алған азаматты тікұшақпен эвакуациялады.
Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жарақат алған 21 жастағы ер адам Ескелді ауданының Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы маңындағы тауға мал бағуға шыққан. Алайда ол аттан құлап, арқасынан жарақат алғандықтан таудан өз бетінше түсе алмаған.
– «Жедел шақырту орнына көмекке келген құтқарушылар зардап шеккен азаматты ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен таудан түсіріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», –дейді төтенше жағдайлар мекемесі баспасөз қызметінің басшысы.
Айдын КӘЛІМХАН