Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ ҚУАНТАДЫ

29.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ ҚУАНТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл. Осыған орай 30 жыл бұрын қайда болғанымды, не істегенімді ойладым.


1994 жыл. Бұл еліміз тарихындағы өте ауыр кезең. Тәй-тәй басып тұсауы кесілген тәуелсіз мемлекеттің қалай қарай қадам бассам деп абдырап тұрған шағы еді. Дүкендер сөресі бос, жалақы, зейнетақы берілмей, елді мекендерде аласапыран болып жатқан кезде ауыл мектебінде мұғаліммін. Шынымды айтайын, мемлекет саясатына көңіл бөлмек түгілі өз отбасымның ұршығын оңдырып иіре алмай жүрген кезім еді. Мәслихат деп аталатын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы органның бар екенінен, оның көздеген мақсатынан хабарсызбын.
Уақыт өте келе телерадиокомпанияға жұмысқа тұрып, тілшілік қызметті атқарып жүрген кезде ғана мәслихат жайлы оқып, жақынырақ біліп, атқарар ісімен таныстым. Оның жергілікті өкілді орган, әр ауылдағы, аудандағы, қаладағы немесе аймақтағы шағын парламент, халық пен билік арасындағы алтын көпір екеніне куә болдым. Содан бастап жаңалықтар топтамасына мәслихаттың жұмысы жайлы көптеген түсірілімдер жасап, эфирге тұрақты түрде беріп отырдым. Мәслихат депутаттары жайлы бірқатар үлкен хабарлар дайындадым.

2023 жылы өзім де осы мәслихат депутаттығына үміткер екенімді білдіріп, «Respublica» партиясынан сайлауға түстім. Халықтың қалауымен Жетісу облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым. Аймақтағы құзырлы органның жұмысына тікелей араласқандықтан бүгінде мәслихаттардың қоғамдағы орнының дараланып, өкілеттілігінің өсе түскенін байқадым. Жыл өткен сайын мәслихат депутаттарының құзыреттілігі нығайып, аудандық мәслихат беделі арта түсті. Бұл дегеніміз – халық қалаулыларының ел игілігі жолында білек сыбана еңбек етуіне, өзіндік із қалдыруына толық мүмкіндік бар деген сөз. Тек ниет пен жауапкершілік, біліктілік пен білімділік болса межелеген іс те нәтижелі болмақ. Осы жолда әр депутат облыстың тыныс-тіршілігін қалт жібермей, өзекті мәселелерді шешуге барынша атсалысып жатыр. Бүгінде облыстық депутаттық корпуста беделді, сыйлы, сайлаушылардың мүддесіне жаны ашитын азаматтар топтасқан.

Халық қалаулылары өңірдің əлеуметтік-экономикалық, мəдени, жастар ісі, спорт, өндірістік, ауылшаруашылық саласындағы проблемалардың сəтті шешілуі үшін қолдан келгеннің бəрін жасауда. Тұрғындарды жұмыспен қамтуға, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған кешенді бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуына үлес қосу, басқа да өмірлік қажеті бар игіліктермен қамтамасыз етілуі, әлеуметтік жағынан қолдау табуы – депутаттар жұмысының басты бағытына айналды. Осындай жауапкершілігі жоғары міндетті мәслихат депутаттары абыроймен атқарып, халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға белсене араласып, өз құзыреті аясында келелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бюджет қаражатының да тиімді жұмсалып, атқарылуын қадағалап отыр.

Осындай үлкен істің басы-қасында жүргеніме, тек жүріп қана емес, нәтижелі жұмыс істеп жатқаныма өзім де қуаныштымын. Дәлел ретінде айтар істерім де аз емес. Мысалы, депутат ретінде Талдықорған қаласының №1-ші балабақшасының меңгерушісі Светлана Смағұлованы қабылдаған болатынмын. Ол кісі өзі басшылық етіп отырған мектепке дейінгі білім беру мекемесі ғимаратының қазіргі күрделі жағдайын айтып, барып көруімді өтінді. Сайлаушының сөзін жерге тастау депутатқа жат дүние ғой, бірден сол жаққа аттандым. Апаттық жағдайға түскен балабақша ғимаратының бір блогының керегесі жарылып кеткендіктен қауіпті деп жабылыпты. Ол жердегі бүлдіршіндерді басқа блоктарға көшіріпті. Барлығының жайы мәз емес екені тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұр. Бұрынырақта балабақшаның мәселесі көтеріліп, жобалық-сметалық құжаттары да жасалған. Бірақ күрделі жөндеу жүргізілмей қалған. Осыған орай бірден депутаттық сауал жазуға отырдым. Балабақша ғимараты жайлы жинақтап, қағаз бетіне түсірген толық ақпаратымды мәслихат тиісті орындарға жіберді. Көп ұзамай балабақша биыл күрделі жөндеуден өтетін ғимараттардың қатарына кірді. Шынымды айтайын, өзіме үй салатындай қуандым. Себебі, бұл менің алғашқы нәтижелі депутаттық сауалым еді.

Жалпы, Жетісу облыстық мәслихаты 2023 жылдың соңына дейін 100-ден астам депутаттық сауал жолдаған екен. Соның 50-ге жуығы оң нәтижесін тапты. Бұл үлкен жетістік деп санаймын. Депутаттардың жатпай-тұрмай атқарған еңбектерінің жемісі. Осылайша олар сайлаушыларының алдында адал қызмет етуді жалғастыруда. 

Гүлназия МҰСТАПОВА,
облыстық мәслихат
депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.