Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жұмыс сапасы басты назарда

27.10.2016
КҮЛТӨБЕ
Жұмыс сапасы басты назарда
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірімізде құрылыс жұмысы қызып тұр. Облыс аумағындағы түрлі нысанды салуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен қомақты қаражат қарастырылумен қатар өңірімізге жеке инвесторлар да қаржы құюға қызығушылық танытуда. Десе де саннан гөрі сапаны басты орынға қоятын жерлестеріміз нысандардың сәулетіне, өңірге сән беретін көркемдігіне, тұрғындардың тіршілік етуіне ыңғайлылығы мен сапасына ерекше назар аударады.  Сондықтан облыс әкімінің орынбасарлары апта сайын салынып жатқан нысандарды аралап, бағыт-бағдар берсе, облыс әкімі Амандық Баталов ай сайын бір күнгі уақытын бөліп құрылыс барысымен танысып шығуды әдетке айналдырды. Осы аптада облыс әкімі Амандық Баталов облыс орталығында салынып жатқан бірнеше нысанды аралады.

Өңір басшысы жұмыс сапарын Талдықорған әуежайынан бастады.  Иә, бұған дейін тапсырылуға тиісті болған әуежайдағы жұмысты бітіру уақыты сәл созылғанымен күрделі жөндеуі бірнеше кезеңге бөлінген нысандағы жұмыс жоспары орындалу алдында. Нысанның сыртқы қасбеті  су өтпейтін, отқа күймейтін материалдармен қапталып, ішкі безендірілу жұмысының дені біткен. VIP залдың көрінісі де көңіл көншітеді. Өңір басшысының алдыңғы реткі тапсырмасынан кейін құрылыс жұмысымен қатар ауланы абаттандыру жобаға сай жүргізілген. Әуежайдың қонақ залы мен көлік тұрағына кіретін қосалқы үлкен қақпаның құрылысы да аяқталған. Бірақ, нысанның сыртқы жарықтандырылуы өңір басшысының көңілінен шықпады. Ғимараттың төбесіне орнатылған шамдардың түнгі уақытта айналаны толық қуатта жарықтандыра алмайтыны белгілі болды. Жылу жүйесінің де толық іске қосылмағаны көрініп тұр. Ал әуежайдың көлік тұрағындағы құрылыс жұмысының қарқыны мен сапасы  өңір басшысының  ойынан шықты.
Келесі кезекте әкім бастаған топ өндірістік аймаққа бет алды. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы өндірістік аймақтағы инфрақұрылымды іске асыруға бағытталған жоспардың толығымен орындалу алдында тұрғанын жеткізіп, су, жылу, жарық желілері мен айналма жол құрылысының бүгінгі жағдайын баяндады. Бәрі де жоспарға сай атқарылып жатыр десек те, орын алған кемшіліктер өңір басшысының назарынан тыс қалмады. Амандық Ғаббасұлы қала басшыларына өндірістік аймақтағы бұрынғы жылдары салынып, құрылысы тоқтап қалған ғимараттарды қайта жөндеуден өткізу, болмаса сүріп тастау керектігін тапсырды. Ал өндірістік аймаққа баратын автожолдың бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың асығыс-үсігіс жасалғаны көрініп тұр. Қисық-қыңыр төселген асфальтты көргенде жауапты мамандар ақталатын сылтау таппай қиналды.
Осыдан кейін облыс басшысы «Қаратал» шағынауданында күрделі жөндеу жұмысы басталған шомылу алаңына ат басын бұрды. Осы жерде шомылу алаңының келешектегі келбеті жайлы әңгімелеген облыс басшысы шомылу алаңының ортасынан күндіз-түні атқылап тұратын субұрқақтың жобасын журналистерге  көрсетті. Бірақ, бұл жобаға жауапты қалалық мекеме мамандары облыс әкімінің «Жаңа нысан бой көтеретін аумақтағы көпжылдық ағаштарды мейлінше сақтап қалу керек», – деген тапсырмасын ескерусіз қалдырып, шомылу алаңы салынатын аумақтағы ағаштарды түбірімен қопарып тастапты. Осы жағдайды қала басшыларына ескерткен Амандық Ғаббасұлы келесі кезекте мұндай жағдай орын алатын болса, заңды жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Орталық алаңды қайта жаңғырту жұмысы да қарқын ала бастапты. Алаңға төселген плиталар, шағын субұрқақтар тозып, шіріп, сапасын жоғалта бастаған екен. Оның бәрін қайтадан жөндеуді «Шымыр» ЖШС қолға алыпты. Осыған дейін де облыс орталығындағы талай нысанды салып, жұмыс сапасымен жұртқа танылған құрылысшыларға облыс басшысы сенетіндігін білдірді. Бірақ, жұмыс сапалы жүру үшін облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқановқа бұл нысанды қадағалап отыруды тапсырды. 
Абай даңғылы мен Қабанбай көшесінің қиылысындағы облыстық әкімдікке қарасты бірнеше басқарма орналасатын ғимаратқа жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының да қарқын алғанын көрдік. Қаланың тарихи нысаны саналатын ғимарат өз келбетін жоғалтпай, жаңа технологияға сай жөнделуде. Әкім тапсырмасы бойынша 1940 жылдары салынған ескі ғимараттың сыртқы келбетін сақтап, ішін толықтай жаңарту жұмыстары қолға алыныпты. 
Қалалықтардың жайлы демалуы мақсатында жаңғыртылған «Арбаттың» жаңа бейнесіне көпшілік тәнті болды. Кезінде кез-келген жерінде қоқыс шашылып, электр бағаналары қисайып, орындықтары сынып жататын «Арбаттың» бүгінгі жаңарған бейнесі расында жанға шуақ шашады. Бірақ, оның бойындағы көпқабатты үйлерге жапсарлай салынған дүкендер мен дәмхананың, басқа да сауда-саттық орындарының жарнамасының ретсіздігі, шатырларының жайсыздығы, баспалдақтарының тозып, мүжілгені  облыс әкімінің көңілінен шықпады. Қала басшыларына орын алған кемшіліктерді алдағы аптада тұтастай қарап, жөндеуді тапсырды.
 Тағы бір айта кетерлігі,  өңірімізде құрылыс басталмас бұрын оған тапсырыс беруші және жобалаушы мекемелердің жұмысын осы шаруаға қатысты мекеме басшылары және құрылыс саласының мамандарынан, елімізге танымал сәулетшілерден құралған комиссия мүшелерінің қатысуымен әбден саралап, сараптап  алу дәстүрге айналды. Сондай сараптамадан өткен облыстық театрдың ғимараты мен Неке сарайындағы жұмыс қарқыны Амандық Ғаббасұлының көңілінен шықты. Бірақ  жаңа қонақүйдің айналасындағы жолдардың кейбір ретсіз тұстары мен Талдықорған – Алматы күрежолының ортасына егілген ағаштарды реттеуді тапсырды.
Облыс әкімі жарты күндік жұмысын осылайша қаланы аралауға арнап, көптеген жетістіктерді көріп, жақсы бағасын берсе, орын алған кемшіліктерді тез арада жөндеу керектігін де тапсырды.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.