Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖОҒАРҒЫ СОТ ХИДЖАБ КИЕТІНДЕРДІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗБЕУ ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАПТЫ

25.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖОҒАРҒЫ СОТ ХИДЖАБ КИЕТІНДЕРДІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗБЕУ ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАПТЫ

Қазақстандық оқушы қыздар енді сабаққа орамалмен қатыса алады. Жоғарғы сот балалардың білім алу құқығы шектеліп жатқанын атап өтіп, білім беру ұйымдарына бұл тыйымды заңсыз деп тапты.


Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов Instagram парақшасында Жоғарғы сот облыстық соттың шешімін бұзып тастағанын айтты.

«Жоғарғы сот қыздардың мектепте орамал таққанына байланысты балалардың білім алу құқығы мен орамал мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы Соты облыстық соттың шешімін бұзып, оқушының орамалына байланысты шектеулер білім алу құқығын бұзады деп таныды. Балалардың құқықтарын қорғауға бірнеше заңгер мен белсенділер қатысты», – дейді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, мұндай шешімдерді бұған дейін төрт облыстың соттары да мойындаған.

«Министрлік орамалмен күресіп жатқанда, Қазақстанда балалар арасындағы суицид пен зорлық-зомбылық көбейіп кетті, бұл өте өкінішті. Қалай болғанда да, сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына қарайтыны жақсы», – деді ол.

Құқық қорғаушының жазбасы желіде дау тудырды. Біреулер Жоғарғы соттың шешімін қолдаса, енді біреулері қыздар өскенше орамал тақпауы керек деп есептейді.

«Балаға мектепте орамал тағып қажет емес деп ойлаймын. Қазір балалар өте қатыгез, олар мұны мазақ қылуы мүмкін. Екіншіден, бұл қыздың емес, ата-анасының қалауы. Қыз өссін, орамал таға ма, жоқ па, өзі шешеді”, – деді желі қолданушысы.

Тағы бір қолданушысы баланың есейгенін күтпей, көзқарасын қалыптастыра беру керек деп санайды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ошақтарында барлық оқушының мектеп формасын киюі маңызды екенін айтқан. Білім саласына қатысты мәселелерді басқа аспектілермен шатастырмау керегін түсіндірді.

Egov.kz мемлекеттік порталы мектеп қабырғасында хиджаб киюге тыйым салу ешбір дінге басымдық бермей, зайырлылық қағидаттарынп, ішкі тәртібін сақтау үшін енгізілгенін хабарлайды.

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.