Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі қызметіне Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді. Бұл шешім Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қабылданды.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Осылайша Жұлдыз Сүлейменова жаңа министрлік қызметін ресми түрде атқара бастайды.





