«Жетісу» газеті бүгін жүзге толды. Газет осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни, 1918 жылдың 21 маусымы күні «Жетісу ісші халық мұхбыры» атауымен халыққа тарады. Содан бері оқырмандарымен бірге жасап, талай аумалы-төкпелі заманды басынан өткерді. Қазіргі кезде ата басылым ретінде қазақ руханиятында алар орны ерекше.
Мерейлі мерекемен облыстық «Огни Алатау» газетінің ұжымы арнайы құттықтап келіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Құшақ толы гүлдерін ұсынып, сый-сияпат тарту етті. Құстың қос қанатындай қос газеттің бас редакторлары Әміре Әрін мен Атсалим Идигов екі басылым арасында орнаған береке-бірліктің келесі жүз жылдықта да жалғасын таба беруін тіледі.






