Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЗИЯТКЕРЛІК ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ

14.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  халыққа арнаған Жолдауында  елді жаңаша ойлауға бағыттады. Той емес, ой қуатын уақыттың келгендігін айтты. «Заман өзгерді, сен де өзгер», деп туған халқына хакім Абайдың арнаған өсиеті есімізде. Сол Абай айтқан, Абай меңзеген өзгерістер уақыт өте келе арнасын кеңейтті. «Білімсіз бірді, білімді мыңды  жығар»  деген данышпан халқымыздың нақыл сөзі  дәлелденген.  Бүгінде жаһандық бәсекеге әр ел тек өзінің жер-суы, өндірісі, жалпы экономикасының деңгейі ғана емес, сол елдің азаматтарының дүниетанымы, білімі мен білігі, іскерлігі, жаңашылдық деңгейі, қорыта айтсақ, адами деңгейімен де түсіп отыр. Бұрын біздер адами капитал, оның сапасы, экономикаға әсері туралы көп ойлай қоймайтын едік. Заман өзгерді, қазір ел шаруашылығының қай саласын алсаң да оның бүгінгі, әсіресе, келешекте дамуы, бұрынғыдан да жедел, тиімді дамуы тек ғылым жаңалығы, оны іске асыра алатын білім, біліктілік негізінде ғана мүмкін. 


Жолдауда  негізгі міндет –  тұтас ұлт сапасын арттыру екені айтылады. «Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал боссөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр», – дейді Президент халыққа арнаған сөзінде.  Абай хакімнің «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз» деген ақылы  осыған саяды емес пе?!   «Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады», – дейді Президент.  Осы сөз еді ғой естігіміз келгені!   Білімді  ұлт қана  басқамен иық тірестіре алады. Асыл қасиеттерді жастар бойына сіңіру үшін ел көлемінде ілгерінді іс атқарылуы тиіс. Сапалы ұрпақ тәрбиелеу  болашағымызды баянды етпек.  Ол үшін  еңбекқор, білімді, әділ, табанды, тиянақты, кәсібін жан-жақты меңгерген, темірдей тәртіпті ұстанатын маман тәрбиеленуі тиіс.  Президент  «Ұлттың жаңа болмысы» деген бөлімде ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болуы керек екенін айтты.  Жасыратын несі бар, қоғамда шешілуі тиіс мәселені әділдікке жүгінбей,  пайдасын ойлап,  бұра тартатындар да кездеседі. Бармақ басты, көз қыстылықты доғарып, әділдікті ту ету керектігін де Қасым-Жомарт Кемелұлы назарға салды.  Жолдауда «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы» деген тарау бар. Сонда кейбір жауапсыз мамандардың кесірінен жергілікті жердегі мәселенің дұрыс шешілмей жататыны нақты айтылады. Мамандардың тыңғылықтылығы мен тиянақтылығының жоқтығынан мәселе ұзын арқан, кең тұсауға айналып кетеді.  Бұл орайда Мемлекет басшысы: «Ашығын айтуымыз керек, мемлекеттік органдарда әлі де болса формализм мен жайбасарлық кеңінен етек алып отыр. Азаматтарымыз өздерінің жергілікті деңгейдегі мәселелерімен орталық мемлекеттік органдарға жүгініп, Мемлекет басшысына шағымдануға мәжбүр. Сол үшін жергілікті жердегі басшылардың құзыреті мен жауапкершілігін арттыру керек. Әлеуметтік желілердің арқасында өңірлерде шешімін таппаған мәселелер бүкіл елге белгілі болып жатады», – деп талапты күшейтуді тапсырды.

Ол: «Әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет» дегенді Жолдауда қадай айтты.   Адалдықты ту етіп, ұқыпты,  тиянақты жұмыс істегенде басқаға қадіріміз артады.   Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.

Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болатыны да Жолдауда тайға таңба басқандай айтылыпты.  

Қазақтың тарихы  сан түрлі қилы кезеңнен құралады.  Ел басына күн туғанда  қандастарымыз адамдықты ту етті. Жауға туған жер топырағын  таптатпаймыз деп жігерін жаныды. Рухы мықты, ақыл-парасаты жоғары ұлт  ешкімге есесін жібермеді. Білектің күші, найзаның ұшы, жүректің рухымен қазақтың жері қорғалды.  Тәуелсіздік алып, халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткіздік.  Енді алпауыт елдермен тең дәрежеде өмір сүру үшін өзіміздегі барды айтып, жетістігімізді әйгілеу керек. Ол үшін ұлттың сапасы артқан үстіне арта түсуі тиіс. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алатынын санаға сіңірейік!

Әли АЛПЫСБАЕВ
Облыстық мәслихат депутаты

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026
Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.