Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Конституциялық сот – Ата заң үстемдігін орнатады

30.08.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Конституциялық сот – Ата заң үстемдігін орнатады
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл еліміздің мемлекеттік және құқықтық жүйесінің негізіне айналған Ата Заңымызға 30 жыл. Оның қағидалары мен нормалары елдің стратегиялық дамуын айқындап, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын белгілейді. Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда мақұлдаған Конституция уақыт талабына сай бірнеше рет жаңартылды. 1998, 2007, 2017 және 2022 жылдардағы конституциялық реформалар Ата Заңымызды қоғамдық және саяси дамудың жаңа талаптарына бейімдеудегі маңызды кезеңдер болды.

Қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың жаңа кезеңін Президент Қасым- Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен 2022 жылғы конституциялық реформа ашты. Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдум халық ойын еркін білдірудің жоғары нысаны ретінде тарихқа енді. Нәтижесінде Ата Заң мәтінінің шамамен үштен бірі жаңартылды. Реформаның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін күшейту. Өзгерістер мемлекеттік құрылыстың түбегейлі негіздерін қамтып, қоғам тарапынан кең қолдау тапты.
2022 жылғы реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Соттың қайта құрылуы. Ол өз қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастады. Конституциялық Сотты қайта құру және оған азаматтарға жүгіну құқығын беру Конституцияның үстемдігіне қол жеткізудің маңызды құралы. Азаматтың, Бас прокурордың және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы конституциялық бақылау мүмкіндіктерін кеңейтті.

Конституциялық Сот – дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз ерекше орган. Ол Конституцияны және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңды басшылыққа алады. Сондай-ақ, заңның немесе оның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексереді. Егер заң немесе оның жекелеген нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп танылса, онда олар күшін жояды және қолданылмайды. Сонымен қатар, Конституциялық Сот заң нормасының өзі дұрыс екенін, бірақ оны құқық қолданушылардың дұрыс түсінбей, тиісінше дұрыс қолданбай отырғанын анықтай алады. Мұндай жағдайда ол осы заң нормасының Конституция тұрғысынан қалай қолданылуы тиіс екеніне түсіндірме береді.

Конституциялық Соттың басқа да өкілеттіктері бар, мысалы, ол Президенттің, Парламент депутаттарының сайлауын және республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы дауларды шешеді, Конституция нормаларына түсiндiрме береді, жыл сайын Парламентке еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi.

Конституциялық Сот жалпы юрисдикциялы сот жүйесіне кірмейтінін атап өткен жөн. Ол Жоғарғы Сот басқаратын соттарға жатпайды. Нақты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарамайды. Осы істерді шешуге негіз болатын заңдардың немесе олардың жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексереді. Заңдардың Ата Заңымызға сәйкес болуын қадағалайды. Сондықтан азамат Конституциялық Сотқа жүгінген кезде сот шешіміне баға беруді емес, тек заңның және өзге де нормативтік құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап ете алатынын нақты түсінуі қажет. Яғни, дауланып отырған норма нақты өмірлік жағдайда өтініш берушінің құқықтарына қатысты болуы керек. Осы норманы қолдану нәтижесінде жалпы юрисдикциядағы соттың заңды күшіне енген шешімі шығарылуы қажет. Өтініш аталған іс бойынша сот шешімі қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 45-бабында айқындалған.

Конституциялық Сот қазақстандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің негізгі буыны болып, Конституция тұрғысынан адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конституциялық Соттың шетелдік конституциялық бақылау органдарынан бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ. Екіншіден, жүгіну үшін қаржылық кедергілер жоқ. Үшіншіден, адвокаттар, заң консультанттары, сондай-ақ аудармашылар мен ымдау тілі маманының қызметтерін мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ақысыз көрсету қамтамасыз етілген. Бұл тәсіл мемлекеттің сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі басты міндетіне негізделген және тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың үміт-тілектеріне толық сай келеді.

Мәселен, бүгінгі таңда Конституциялық Сотқа 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл цифрлар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі болып табылмайды, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Салық, Азаматтық, Азаматтық процестік, Жер және Әлеуметтік кодекстердің нормаларына қатысты болды. Істерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот 400-ден астам қаулы, оның ішінде заңдар нормаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 73 қорытынды шешім қабылдады. Нәтижесінде қолданыстағы заңнаманың 20 құқық нормасы Конституцияға сәйкес емес деп, 25-і Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылды. Конституциялық Соттың 41 нормативтік қаулысы толығымен іске асырылды, басқалары орындалу үстінде, тиісті заңдардың жобалары Парламентте қаралуда. Конституциялық Сот өзінің қорытынды шешімдерінде мынадай мәселелер бойынша құқықтық ұстанымдар берді: қылмыстық, әкімшілік және азаматтық процестерде азаматтардың құқықтарын қорғау, жиналыс бостандығы мен пікір білдіру кепілдіктерін қамтамасыз ету, әлеуметтік және еңбек салаларында құқықтық реттеуді жетілдіру.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерінде баяндалған құқықтық ұстанымдар заңнамаға белсенді енгізілуде. Олардың негізінде заңдар, кодекстер, сондай-ақ Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары мен орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары қабылданды және өзгертілді.

Зере УТЕБАЕВА,
ҚР Конституциялық
Соты аппаратының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.