Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Саф өнердің cаңлағы

Еңбегі көрермен көзімен бағаланып, талғам таразысында өлшенетін актер мамандығы әу бастан-ақ мыңнан бірдің маңдайына ғана бұйырған. Сондықтан да сахнаны серік еткен өнер иелерінің өмірі – шын мәнінде аламан бәйге. Өйткені актерлік жол – бір- сарынды тірлікке көнбейтін, әр сәт сайын жаңа өрнек, тың серпін талап ететін қастерлі кәсіп.

06.09.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Саф өнердің cаңлағы
WhatsAppTelegramFacebook

Әр рөл – өз алдына бір тағдыр. Әр образ – жаңа өмір. Актердің жүрегі – түрлі мінез бен саналуан сезімге толы сахналық әлемнің тоғысқан мекені. Бұл – жұдырықтай жүрекке жүк артып, өзгенің жан дүниесін өзіне сыйғызу деген сөз.

Өнер жолы – оңай жол емес. Әсіресе актердің тағдыры талғам таразысына түскен бейнелермен өлшенеді. Сахнаға шыққан әртіс әр күн сайын жаңа қырынан танылып, көрермен жүрегіне жол табуы тиіс. Осындай қасиетке ие, жарты ғасырға жуық өнер айдынында жүзген Бикен Римова атындағы драма театрының әртісі Сағындық Жұмаділ.

Сағындық Айтмұхамбетұлы 1962 жылы 10 қазанда Қапал ауданының Қоңыр ауылында дүниеге келді. Мінезі туған жердің табиғатындай: жайма-шуақта жайдары, намысқа келгенде шарт кететін өткір. Оның алғашқы арманын ауыл-аймақтың той-думанында шырқалған әндер, сахнаға шыққан өнерпаздар оятқан еді. Бала күнінен өнерге құштар болғанымен ата-анасы мен ағайындары оның заңгер болғанын қалады. Осы ниетпен ол Алдабергенов ауылындағы Матай Байысов атындағы орта мектепті аяқтаған соң заң техникумына оқуға түседі. Бірақ, өнердің оты бала жүрегін өшірмей, өз арманынан айнытпайды.

1981 жылы Сағындық Айтмұхамбетұлы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтына қабылданады. Бұл – қазақ сахна өнерінің алтын ордасы. Оның жолы болып, дәріс берген ұстаздары – елге еңбегі сіңген тарландар еді. КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хадиша Бөкеева, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмұхан Жантөрин, ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ, КСРО халық әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ыдырыс Ноғайбаев пен Фарида Шәріпова сынды майталмандардың қолынан білім алды. Бұл – актер үшін үлкен мектеп, өнерге бағыт берер тағдырлы сәт болатын.

Сағындық 1988 жылы оқу ордасын тамамдап шықты. Дипломдық жұмысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен теріндегі» Тәңірбергенді және Карло Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметшісіндегі» Труфальдиноны ойнады. Екі түрлі жанрдағы екі бейнені қатар алып шыққан жас актердің шеберлігі ұстаздары тарапынан жоғары бағаланды.

Сол жылы жолдамамен Талдықорған драма театрына келді. Сахнадағы алғашқы рөлі – Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Жапал (режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір). Бұл бейнесін өнертану ғылымының докторы, профессор Бағыбек Құндақбаев жоғары бағалап: «Сағындықтың бүгінгі жасаған Жапалы маған Сейфолла Телғараевтың Жапалын еске түсірді», – деп жылы лебізін білдірген еді. Жас актер үшін үлкен сыншыдан осындай сөз есту – мәртебе әрі болашаққа сенім сыйлаған үлкен бағалау болатын.

Осы сәттен бастап Сағындық Жұмаділдің шығармашылық ғұмыры басталды. Театр табалдырығын аттағаннан бері ол бірқатар күрделі бейнелерді сомдап, көрермен жүрегін жаулады. Әр образды өзінше түлетіп, сахнаға шынайылықпен әкелді. Актердің басты ерекшелігі – әр рөлге жан бітіріп, оның ішкі иірімдерін айшықтай алуы.

Оның сомдаған бейнелері – қазақ драматургиясының классикалық туындыларынан бастап, әлемдік театр репертуарындағы шығармаларға дейін қамтиды. Сағындық Айтмұхамбетұлының өнері – театр тарихының бір бөлшегі, Жетісу сахнасының шежіресінде алтын әріппен жазылар із.

Сахнаға келген сәттен бастап Сағындық күрделі бейнелерді сомдады. Әр рөлін өзінше түлетіп, көрермен жүрегіне жеткізе білді. Оның кейіпкерлер галереясы – қазақ және әлемдік драматургияның інжу-маржандарынан құралған.

Мұхтар Әуезов шығармаларындағы бейнелері ерекше. Режиссер Хұсейін Әмір-Темір қойған «Еңлік-Кебекте» – Жапал мен Есен батырды, «Мен бір партия, сен бір…» пьесасында (Бәйбіше-тоқал) – Ғазиз бен Бейсетбайды, режиссер Сәулебек Асылханов қойған «Түнгі сарын» трагедиясында – Бойберместі, ал режиссер Қуандық Қасымов қойған «Абайда» ұлы ақынның өз бейнесін сахнаға алып шықты.

Режиссер Сәулебек Асылханов қойған Оразбек Бодықовтың «Ит өлімінде» – Алик, режиссер Хұсейін Әмір-Темір қойған Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбетінде» – Ілияс, Тәкен Әліпбайдың «О, Атилла, Атилла!» трагедиясында – Аэций, «Томирис» тарихи драмасында – Крез, Камал Әбдірахманның «Мұнар да мұнар, мұнар күнінде» – Жәңгірхан, Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» – Жантық, Думан Рамазанның «Керей – Жәнібегінде» – Керей хан, Алмахан Кенжебекованың «Абай туралы аңызында» – Жас ұры, Оспан, Ербол, Әмір, Қаратай бейнелерін сомдады.

Классикалық туындылардан режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған Уильям Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Люченцио, режиссер Айдын Сахаман қойған «Ромео мен Джульетта» трагедиясында – Верона князі Эскал образын әкелді. Режиссер Ұлан Ахметов қойған Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Жылкелді, Иран-Ғайыптың «Жамбылдың қызыл жолбарысы» драмасында – Сарыбай би, режиссер Базарбек Тоқымтаев қойған Баққожа Мұқайдың «Өмірзаясында» – Наполеон, Иран-Ғайыптың «Негізгі шаруасында» – Тұрсын, Базарбек Тоқымтаевтың «Шынар басындағы қоңырауында» – Мұқағали, Нартай Сауданбекұлының «Қоянкөз» тарихи драмасында – Тезек төре, Ә. Ақтайдың «Бал­пық биінде» – Балпық би, Ақылбек Шаяхметұлының «Шоқанның шерінде» – Шыңғыс Уәлиханов бейнесін сахналады.

Оның репертуарында режиссер Болат Ұзақов сахналаған Ақселеу Сейдімбектің «Қош бол, ардағымында» – Құдайберген, режиссер Талғат Көбеков қойған Иран-Ғайыптың «Гүл-Нәрінде» – Қызыр бейнелері де актерлік шеберлігінің кеңдігін дәлелдейді. Сонымен қатар, режиссер Қуандық Қасымов қойған Серік Әбікеннің «Аманат» тарихи драмасында – Жолбарыс би, режиссер Мұрат Ахманов қойған Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында – Хаким, Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашында» – Ерғали, өзі қойған Лидия Егембердиеваның «Ғашық жүрегінде» – Әуес бейнелерін ойнады. Режиссер Қамат Қасенов қойған Қалихан Ысқақовтың «Таңғы жаңғырық» трагедиясында – Жарасбай, режиссер Ерсайын Төлеубай қойған Ерсайын Төлебайдың «Алаштың Әлиханында» – Сталин, «Үзілген тамыр» Мұхамеджан Тынышбаев туралы драмасында – саясаткер, Тұрлыбек Мәмесейіттің «Құлқынның құлы» драмасында – Дәурен Елтаевич, режиссер Назым Өтеулинова қойған Мұрат Иманғазиннің «Ілияс» деректі драмасында – түрме тергеушісі болып көрермен ықыласына бөленді.

Бұл рөлдердің әрқайсысы Сағындық Айтмұхамбетұлының сахнадағы ізденісінің, өнерге адалдығының айғағы. Әр образды жүрекпен жеткізген актер еңбегі – Жетісу театрының тарихында алтын әріппен жазылар игілікті мұра.

Сағындық Жұмаділ тек театр сахнасында ғана емес, кино әлемінде де өзіндік із қалдырған өнер иесі. Студенттік жылдарында режиссер Ермек Шынарбаевтың «Выйти из леса на поляну», Тимур Арганчиевтің «Лейтенант С» фильмдеріне түсті. 1990-1991 жылдары Болат Шәріптің «Аманай мен Заманай» картинасында, кейіннен Талғат Теменовтің «Көшпенділерінде», Исламбек Тәуекеловтың «Махамбеттің қанжарында», Марат Қоңыровтың «Потерянный райында» ойнады. Одан бөлек, Досхан Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмінде – Көлбай, «Құнанбайда» – би бейнелерін сомдады. Ресейлік режиссер Александр Аравиннің «Пираньи» фильмінде Массами сан рөлінде көрінді. Батырхан Дәуренбековтың «Домалақ ана» туындысында – Ақтам Мағзомды, «Төле биінде» – Төле биді, Тимур Төлешовтің «Тамырында» – Қадырды, ал Сатыбалды Нарымбетовтың Ермұқан Бекмұханов туралы түсірген «Аманат» фильмінде Ержан сұлтанды бейнеледі. Сонымен бірге, Мұрат Бидосовтың «Қаламгерінде» – Қалтай Мұхаметжанов, «Тар заманында» – Шәкәрім Құдайбердиев, «Ақылдың кілтінде» – Ахмет бейнелерімен танылды. Бақыттас Санитастың «Тас өткелінде» тәжік шалын сомдаса, Абай Қарпықовтың «Құс жолы» (Мақсат) фильмінде зайыбы Сәуле Жұмаділовамен бірге өнер көрсетті.

Ал Болат Шәріптің Мағжан Жұмабаевтың «Күнәратсыз күнә» повесі желісімен түсірген «Шолпанның күнәсі» кинофильмінде Сағындық Жұмаділ продюсер бола жүріп, қосалқы кейіпкер рөлін ойнап, өзінің жан-жақтылығын тағы да дәлелдеді.

Актерлік қабілеті мол, сахналық тұлғаларды жасауға дайындығы да, шеберлігі де толығымен жететін Сағындық Айтмұхамбет- ұлы басшылық қызметте де өзінің іскерлігін таныта білді. Театрда кіші әкім, гастроль кездерінде бригада администраторы, бас әкім, көрермендермен жұмыс істейтін директордың орынбасары қызметтерін атқара жүріп, ол ұжым үшін еңбек етудің, сахна үшін қызмет жасаудың сан қырлы сырларын меңгерді.

Адамдармен тіл табыса білу, қоғам мүлкіне қамқорлық жасау, жоспарлы жұмыс жүргізу, ішкі тәртіпті сақтау, басшылыққа адалдық таныту сияқты қасиеттері Сағындықты өзгелерден даралап тұрды. Осы қабілетінің арқасында 1996 жылы театр ұжымы оны директор етіп сайлады. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс Сағымбек Рақышев та жастардың арасынан ең сенімдісі деп Сағындық Жұмаділге театр тізгінін табыстаған еді.

Кейіпкеріміздің өнер жолындағы үлкен бір белесі – театр басшылығына келуі еді. Өзі алғаш сахнада жастық жігерімен өнер көрсеткен ұжымға уақыт өте келе директор болуы – оның кәсіби абыройының, тұлғалық беделінің айғағы болатын.

Театр директоры болу – тек әкімшілік қызмет емес, бұл – тұтас шығармашылық орданың жүрегін соқтырып отыру, әрбір актердің тағдырына араша болу, сахнаға лайықты қойылым әкелу, көрерменнің рухани сұранысын өтеу деген сөз. Сағындық осы жауапты міндетті де өнерге деген адалдықпен атқарды. Ол әріптестеріне қамқор болып, жас актерлердің талабын демеп, театрдың шығармашылық тынысын кеңейтуге бар күш-жігерін салды.

Кезінде қатардағы актер болып жүргенде бірге ойнаған достары енді оның қолдауын сезінді. Театрдың болашағы үшін қажырлы еңбек еткен Сағындықтың басшылық кезеңі – ұжым тарихында айрықша із қалдырған уақыттардың бірі болды.

Ол директор ретінде де сахнаның қасиетін төмендетпей, керісінше, биіктете түсті. Өнердің өрісін кеңейтуге, шығармашылық ұжымның бірлігін сақтауға ұмтылды. Сондықтан да Сағындық Айтмұхамбетұлының есімі театрда тек шебер актер ретінде ғана емес, көреген басшы ретінде де есте қалды.

Осылайша, Сағындық Айтмұхамбет- ұлы – өнерпаз ғана емес, өнерге бағыт сілтеген тәлімгер, сахнаның сырын терең сезінген жетекші ретінде де тарихта қалды.

Бұл сенім ақталып, Сағындық Жұмаділ қазақ өнерінің қиын-қыстау кезеңінде театрдың туын жықпай, жұмысын тоқтатпай алып шықты. 1996-2003 жылдары ол театрдың директоры әрі актері ретінде қос міндетті қатар алып жүріп, екеуін де абыроймен атқарды.

– «Мұндай кезеңде ұлттық өнерді орта жолда қалдырмай, өрге сүйреу – нағыз азаматтық еді. Сағындық сол жауапты сәтте Талдықорған театрын фестивальдарға апарып, жүлделі орындар иеленіп жүрді. Елуді еңсерген бүгінгі еңбегі оның орда бұзар отызы мен қылыштай өткір қырық жасының аралығындағы жанқиярлық жұмысының заңды жемісі. Бұл еңбегі шын мәнінде еленуге, бағалануға лайық», – деп еске алады халық әртісі Есмұхан Обаев.

Әріптестері оны «тыным таппайтын жан» деп атайтын. Шынында да, ұжым басқарып, күнделікті шаруаны күйттеп жүріп сахнаға дайындалып, кейіпкер бейнесін сомдау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ, Сағындық Айтмұхамбет-ұлы ең әуелі – өнер адамы. Әртіс бола тұра басшылық қызметті де қатар алып жүру оның адамдық болмысының айқын көрінісі.

Ұжым тізгінін ұстаған шақта ол әріптестерінің жандүниесін түсіне білетін, театрға деген шынайы сүйіспеншілік пен жанашырлық қасиетімен ерекшеленді. Қай істің де басынан табылып, жауапкершілікті мойнына алатын Сағындық Айтмұхамбетұлы бұл қызметте де қабілетін аямады. Ұжым жұмысын дұрыс бағыттап, шығармашылық мекеменің негізгі мақсатын айқындады – ол мақсат әрқашан өнер арқылы биік жетістіктерге жету болатын.
Сағындық Айтмұхамбет- ұлының азаматтық бейнесін айшықтайтын тағы бір жайт – оның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бел ортасында болуы. Ұлт намысы үшін алаңға шыққан қайсар жастардың қатарында ол да бар еді. Жазықсыз жазаланған, құрбан болған аға-әпкелердің ерлігі ел жадында. Сағындық солардың ішінде бүгінгі күнге жүзі жарық, ұрпақ алдында абыройлы жүр.

 «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Талдықорған қаласының және Ескелді ауданының Құрметті азаматы, сондай-ақ, фестивальдердің жеңімпазы Сағындық Айтмұхамбетұлының өнер жолындағы бір қыры – оның тек актерлік шеберлікте ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетте де ерекшеленуі. Ол кезінде өзі еңбек еткен сахнада актер ретінде өсіп, талай көрерменнің жүрегін жауласа, уақыт өте келе сол ордаға көркемдік жетекші болып оралуы – тағдырдың берген үлкен сынағы да, үлкен сенімі де еді.

2025 жылдың 21 мамыры Талдықорған театры тарихында айрықша күн болып қалды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мәдениет саласының дамуына зор үлес қосқан өнер майталмандарын марапаттап, ерекше құрмет көрсетті. Сол күні сахнада сан алуан бейне жасап, көрермен жүрегін жаулаған, бүгінде театрдың көркемдік жетекшісі болып отырған Сағындық Айтмұхамбетұлы Жұмаділге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Бұл – жеке актердің еңбегіне ғана емес, тұтас ұжымның шығармашылық жетістігіне көрсетілген зор сенім еді. Өйткені дәл осы сәтте Президент Жарлығымен жартығасырлық тарихы бар қасиетті өнер ордасы – Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына «Академиялық» мәртебе берілгенін ресми түрде жариялады.

Марапаттың мәні ерекше болатын. Театрдың 50 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай жоғары атақ пен мәртебенің берілуі – ұжымның ұзақ жылғы еңбегіне берілген лайықты баға, болашаққа деген зор сенім еді. Әсіресе Сағындық Айтмұхамбетұлы үшін бұл күн шығармашылық жолының шыңы, ел алдындағы еңбегінің еленген сәті болып есте қалды. Ол бұл марапатты тек өзінің ғана емес, сахнада тер төккен барша әріптестерінің еңбегіне берілген құрмет деп қабылдады.

Өмірде де өнердегі ізгілікті жолын жалғап келе жатқан актер отбасында да бақытты әке, мейірімді ата. Сүйген жары Сәуле екеуі Аяулым мен Арайлым атты қыздарын тәрбиелеп өсірді. Бүгінде Аяулым өз теңін тауып, Тимур Байжұманұлымен бірге Гауhар, Інжу, Асмира есімді үш қызын мәпелеп отыр. Кіші қызы Арайлым да Әркен есімді жарымен шаңырақ көтеріп, Әзім мен Сәлім атты ұлдарын өсіріп жатыр. Артынан ерген жиендерін еркелеткен Сағындық – ұлағатты ата, өнегелі әке.

Жетісу жерінің топырағы мен суынан нәр алған өнерпаз азамат бүгінде 63 жасқа толып отыр. Бикен Римова атындағы қазақ драма театрының ұжымы әріптесі, актер, театр қайраткері Сағындық Жұмаділді мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Өнеріңіз өрлей берсін, еңбегіңіздің жемісі молайсын!

Зәмзәгүл ӘМІРҒАЛИЕВА

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.