Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Салт-дәстүр сабақтастығы

11.03.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Салт-дәстүр сабақтастығы
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың ежелден сүйгіне сіңіп, қанына тараған асыл қасиеттері аз емес. Өткеннен өнеге алып, өмірден өрелі ой түйген ата-бабалар жаратылыс заңдылықтарының өзін қалыптасқан дағдыға сай тура бағамдап, ақиқатына көз жеткізіп келген.

Бүгінде көненің көзі, дананың сөзі болып бізге жеткен ұлт құндылықтарының орны ерекше. Мәселен,  ұлтымыздың ескіше жыл санауы бойынша,  әр жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз сынды атаулары мен орналасу тәртібіне қарай ғасыр жасаған адамның жасын тура  есептеп шығаруға болады.

  Көнекөз қариялардың сөзінше, 12 жылда бір айналып келетін жыл атауы әр адамның неше мүшелге толғандығын анық  аңғартады. Тіпті,  осыдан сан ғасыр бұрынғы ел есінде қалған небір оқиғаларды жұрт осы бір қарапайым әдіс арқылы оның қай дәуірде, қай  жылдары  болып өткендігін дөп басып айта алады. Мысалға, арысын айтпағанда 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама  қоян жылына тура келсе, одан   кейінгі  қазақ халқының басынан  өткен ең ауыр күйзелістердің бірі – 1932 жылғы  ашаршылық. Бұл оқиға қазыналы қарттар есебінде мешін жылы басталғандығы дәлелденіп, оны ел «Мешін жыл, өтті-ау бастан есіл жыл» м деп еске алған.

Ал, сақталған дағды бойынша жаңа жыл әлем халықтары арасында әртүрлі деңгейде, ондағы жасап жатқан ұлттар мен ұлыстардың  салт-дәстүрлеріне сай аталып өтілуде. Мұны христиандықтар Иса пайғамбардың туған күні бірінші қаңтар етіп белгілесе, шығыстағы көрші Қытай елі өздері сенетін Будда дінінің шарттарымен әр жылғы ақпан айының бас шенінде «Шаған» мерекесі деген атаумен тойлайды. Бұл күні олар өздерінің дінбасы Сакиономидың тас және басқа да мүсіндерінің алдына барып шырақ жағып, табынып, еліне тыныштық, халқына береке-бірлік тілейді. Сағат тілі түнгі 12-ні көрсеткеннен бастап әр шаңырақтан аспанға түрлі-түсті отшашулар атып, үш күн бойы сәнді киініп, топ-тобымен жұбын жазбай бір-бірінің жанұясына бас сұғып хал сұрасады. Осыдан арада 15 күн өткеннен кейін Шағанды шығарып салу салтанаты өтеді. Іс-шарада қытайлар арасынан өздерінің ұлттық үлгіде киінген аяқтарына ұзынды-қысқалы ағаш сырықтар жалғаған бір топ кәрі-жас қыз-жігіттер шығады. Олар қала көшелерін бастан-аяқ аралап, дабыл қағып, айдаһар биін билеп, музыка шалып ән шырқайды. Өнерпаздар жүріп өткен жол бойында ораласқан әрбір мекеме, кәсіпорындар оларға лайықты тиын-тебен беріп, мерекенің аяқтау қорытындысына ортақтасады.

Қазақ халқы үшін жылдың  басы – Наурыз. Бір  жылдағы 12 ай  наурыз, көкек (сәуір),  мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан,  қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары мен қыс, жаз, көктем, күз сынды  4 маусымға  бөлінеді. Күн мен  түн теңеліп, жер бетінде тобықтай тоң, теңгедей қар қалмаған Ұлыстың  ұлы күнгі думан көпке мәлім. Мұнда жұрт сақталған салт-дәстүр сабақтастығына сәйкес өздерінің ағайын-туыс арасында болған араздықтарды ұмытып, айдан-аман жылдан-есен шыққанын тойлап, көпті береке-бірлікке шақырады. Қар кетісімен әр елдімекен тұрғындары тегіс арық-тоған  тұнбалардың көзін ашып, ағаш отырғызып, маңайды  күл-қоқыстан тазартады. Сонымен қатар,  әрбір отбасында жеті түрлі дәннен наурызкөже дайындалып, мерекені той-думанмен қарсы алып, әркім өз өнерін ортаға салады. Басқосуда қазақтың «Бәйге», «Жорға», «Көкпар», «Балуан түсу», «Қызқуу», «Аударыспақ», «Алтыбақан», «Асық ату», «Ақсүйек» сынды  ұлттық ойын түрлеріне ұласады. Дәл осы мезгілден арықарай біртіндеп  ұзарған  күн   маусым айының 22 күні тоқтайды.  Одан әрі күндізгі уақыт қайта қысқаруға бет алып,  22 қыркүйекте тағы  бір мәрте  теңеледі. Мұны жұрт «күн мен түннің күзгі теңелуі» деп атайды. Осылайша тоқтаусыз зымыраған уақыт  желтоқсан айының 22 күні уақыттың ең ақырғы қысқарып, тоқтаған  сәті болып саналады. Міне, осының барлығының  табиғат заңдылығына қарай орналасуы кешегі аттың жалы, түйенің қомында жүріп көшпенді тұрмыс кешірген ата-баларымыздың дала данышпандары атануының айқын айғағы екені даусыз.

 

                                                                  Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.