Талдықорған: +5°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСҚАН ҮМІТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

06.10.2020
МІНБЕР
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСҚАН ҮМІТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Праймериз сайлауында озық шығып, көпшіліктің ықыласына бөленген үміткерлермен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ кездесіп, жаңа саяси додадағы алғашқы қадамдарына құтты болсын айтты.

Жаңа форматтағы кездесуді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында сөз алған облыс басшысы алдымен Жетісу жерінің жетістіктеріне тоқталып, соңғы жылдардың нәтижесін алға тартты. Сондай-ақ, үміткерлерге көпжылдық тәжірибесінен сыр шертіп, ақыл-кеңесімен де бөлісті.

– Қазір жұртшылық ашықтықты, жариялылықты талап етеді. Сондықтан, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауын «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп атап, негізгі жеті бағыт бойынша дамудың жолдарын көрсетіп берді, – деген Амандық Ғаббасұлы өткен жылдардағы қиындық пен ауыртпалықтың ұмытылмайтынын атап өтті. – Биылғы жазда құрғақшылық белең алып, түн суық, күндіз қапырық қысты. Бір ғана Бартоғай су қоймасындағы судың мөлшері айтарлықтай азайып кетті. Соған қарамастан қант қызылшасының әр гектарынан 250-300 центнерден аламыз ба деп отырмыз. Одан бөлек, жүгері, астық сынды дәнді дақылдардың түсімі жаман емес. Мал шаруашылығы өз деңгейінде өсіп келеді. Өйткені, Жетісу жерінің негізгі кәсібі — ауылшаруашылығы. Сол себепті осы саланың жұмысына баса назар аударамыз. Оның үстіне облысымыз ел бойынша халық санымен де алдыңғы орында тұр. Жыл сайын 50 мың нәресте дүниеге келеді. Шамамен 40-45 мыңға жуық бала бастауыш сыныпқа барады. Әр жылы оқушылардың саны 20 мыңға артып отырады. Осы орайда жаңа мектеп салуды тоқтатпақ емеспіз. Биылдың өзінде жыл соңына дейін 8 жаңа мектеп беріледі.

Өз сөзінде әкім праймеризге қатысқан 1047 үміткердің әрқайсысы «Nur Otan» партиясы артқан міндетке жауапкершілікпен қарап, облыс тұрғындарының үміті мен арманын ақтауы тиістігін атап өтті. Алдағы уақытта өтетін сайлауда озып шығатын кандидат Жетісу жерінің қажеттілігі мен әлеуметтік мәселелерін қамтамасыз етуге күш салуы керектігін жеткізді.

Шарада белсенділік танытқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде «Jetisy» газетінің тілшісі Мақпал Мыса да бар. Аймақ басшысының құттықтауынан соң мінберге кезекпен көтерілген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Uzyn.kz сайтының редакторы Әлия Әбсеметова, «Хильниченко» шаруа қожалығының басшысы Александр Хильниченко ризашылық білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады.

Көпшіліктің алдында өлең оқыған ақын Мақпал Мыса:

– Менің праймеризге қатысудағы басты мақсатым – еліміздің жаңа даму кезеңіне Қазақстан сынды қасиетті елдің бір қызы ретінде үн қосқым келді. Бұған бей-жай қарауға тиісті емеспіз. Біз қазір ауқымды міндет пен меже, түйінді түйткілдер шешілетін кезеңде тұрмыз. Сондықтан, еліміздің жаңа тарихи даму кезеңіне жастарды шақырып отыр деп түсініп, кешегі Парламент Мәжілісінде отырған ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың жолын үлгі-өнеге ретінде алып отырмын, – деп өз бағдарламасын таныстырып өтті. – Менің бағдарламамның басты бағыты — ауылды көтеру, ауылдағы жастардың әлеуетін арттыру. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биылғы пандемия кезінде ауылға ағылдық, ауылдың қадірі артты. Табиғи өнімдерге деген сұраныс та көбейді. Дәл сол сынақ кезінде көп нәрсенің беті айқын көрінді. Сондықтан ауылды жерлерде отандық туризмді дамытудың қажеттілігі белгілі болды. «Осыған орай ол үшін не істеуіміз керек? Жастардың әлеуетін арттырудың жолын қалай табу керек?» деген сауалдардың төңірегінде ой қорытып, бағдарлама дайындадым.

Праймеризге қатысқан тағы 1032 үміткерді «Nur Otan» партиясының қалалық, аудандық филиалдарының төрағалары да қабылдап, саяси доданың алғашқы кезеңімен құттықтайды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.