Талдықорған: +10°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

23.02.2022
МІНБЕР
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық «Nur Otan» партиясының кезектен тыс Саяси кеңесінің отырысы өтіп, алдағы наурыз айының 1 күні өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттарды анықтау мәселесі қарастырылды. Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған партияның облыстық филиалының төрағасы Қанат БОЗЫМБАЕВ кезектен тыс отырысқа қатысушыларға осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырып, межеленген міндеттерді дер кезінде орындау қажеттігін ескертті.

Алдағы ХХІІ съезге Алматы облысынан қатысатын 29 делегаттың алтауы «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңес мүшелері. Ұсынылған кандидаттарға депутаттар дауыс беріп, бірауыздан қолдау танытты. Бұдан соң «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына жазылған 7 адамды тыңдап, көпшілікті толғандырған мәселелердің шешімін іздеген облыс әкімі облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларына тапсырма жүктеді.

Алдымен Алакөл ауданы, Бұлақты ауылының 74 жастағы тұрғыны, Бескөл ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қанапиянов ауылдық округке қарасты Бұлақты ауылы тұрғындарының орталықтандырылған ауызсумен толық қамтамасыз етілмегенін айтып, сумен жабдықтау желілерінің жаңартылуына көмек беруін сұрады.

Бұл шамамен 800 үйді орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған орай облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары жауап беріп, Бұлақты ауылын ауызсумен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамасын жасау басталғандығын, биыл жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс жобаның құрылысына қаржы келесі жылы бөлінетіндігін жеткізді. Соған орай Бұлақты ауылының таза ауызсумен алдыңғы жылдың ішінде толық қамтамасыз етілетінін айтқан Қанат Алдабергенұлы тұрғындарды қуантып тастады.

Одан соң Іле ауданының Байсерке ауылдық округіне қарайтын Әли селосының тұрғыны Юрий Магай «Алматы-Жетіген-Қапшағай» бағытындағы күрежолдың бойында жатқан теміржолда ұдайы көлік кептілісі болатынын алға тартып, «ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталығының тұсынан автокөлік өтетін көпір-өткел салынса деген өтінішін жеткізді. Өйткені, тәулігіне 50 мың автотранспорт өтетін жолдағы кептеліс кейде километрге созылады. Бұл мәселемен таныс екендігін айтқан облыс әкімі өткел-көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесі қаралғанын, соған орай жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қаржы бөлдіруді қарастыратынын жеткізді.

Автокөлік жолдары облысымыздың қан тамыры іспетті. Кеген аудандық Жастар орталығының маманы Жақсылық Ыбырайымбай республикалық маңызы бар «Көкпек-Кеген-Түп» автожолының 53-68-і километр аралығында жатқан Қайқы асуындағы жолды жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуына көмектесуді сұрады. Бұл жолдың биыл жыл соңына дейін аяқталатынын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев жеткізді. Ал Көксу ауданы, Мәулімбай ауылының тұрғыны Ильяс Ұзақовтың Мұсабек және Мәулімбай ауылдарын жалғайтын жолдың жасалуына көмектесуді сұраған өтінішіне облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы бұл бағыттағы жолдың құжаттарын жасау енді қолға алынып жатқанын жеткізді. Осыған орай облыс әкімі Қанат Бозымбаев жобалық-сметалық құжаттарды жылдам жасатып, жолды жөндеу жұмыстарын келер жылға жоспарлауды басқарма басшысына тапсырды.

Бұдан соң Талдықорған қаласының тұрғыны, ұзақ жылдар бойы «Жетісу» телеарнасында сурдоаудармашы қызметін атқарып келе жатқан Айгүл Оқпаева 1400 мүшесі бар облыстық саңыраулар қоғамын толғандырған мәселені көтерді.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында 134 оқушы бар. Барлығы Алматы облысының балалары. Олардың кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуіне компьютерлік аудиометрияның қорытындысы талап етілуде. Адамның есту деңгейін толық тексеретін компьютерлік аудиометрия республикада Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ғана. Алдын ала 1-2 ай бұрын жазылуды талап ететін орталықтар ақылы қызмет көрсетеді. Тескеруден өтетін адам жалғыз бара алмайды, міндетті түрде ата-анасы немесе ым тілі маманының баруына тура келеді. Шығыны үлкен.

Осыған орай Талдықорған қаласындағы медициналық мекемелердің бірін компьютерлік аудиометриямен қамтамасыз етуге ықпал етуді өтініш ретінде жеткізген маманға облыс әкімі қолынан келген көмегін беретінін айтып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековті тыңдады. Ол компьютерлік аудиометрияны облыс орталығындағы бір ауруханаға биыл алдыратынын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы бір балабақшадан мүгедек балаларға арнайы топ аштыру мәселесін білім басқармасы басшысына тапсыратынын жеткізді.

Одан соң сөз алған «Алпамыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Г.Назырова 1995 жылдан бері мүгедек жандардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, арнайы жобалар ұсынып жүрген бірлестіктің «Қаратал» шағын ауданындағы 19 үйдің жертөлесін жалға алып отырғанын, оған келетін мүгедек жандар қоларбамен түсетін пандустың жоқтығын жеткізді. Осыған орай Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаевқа тапсырма берген облыс әкімі Қанат Бозымбаев пандусты қысқа уақыттың ішінде салдыру қажеттігін ескертті.

Қоғамдық қабылдауға соңынан кірген «Ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Марат Досыбаев тәжік-ауған шегарасындағы жауынгерлік қимылдарға қатысушыларға біржолғы қаржылай 100 мың теңге көлемінде жыл сайынғы көмек көрсетуді сұрап, сауықтыру орындарына жеңілдікпен демалуға жіберуге, медициналық жәрдем алуға, тәжік-ауған шегарасындағы жауынгерлік қимылдарға қатысушыларға ескерткіш белгі орнатуға көмек беруін сұрады. Оның өтінішіне жауап берген облыс әкімі Қанат Бозымбаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызына қосымша қаржы бөлуге ұсыныс жасауға тапсырма берді.

Жиын соңында Қарасай ауданының тұрғыны Қалдан Бөрібаев пен Талдықорған қаласының тұрғыны Арнұр Нұрахметов көтерген мәселелер де аяқсыз қалмайтын болды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026
Тұрсын аға тәлімі

Тұрсын аға тәлімі

28.03.2026
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

28.03.2026
Талап баршаға ортақ

Талап баршаға ортақ

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.