Құрметті жерлестер!
Бүгін мен сіздерге өзімнің өмірлік және кәсіби тәжірибем, сондай-ақ қаламыздағы мәселелер негіз болған сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.
Менің негізгі мақсатым – “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, қала тұрғындарының әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуде көмек көрсету.
Маған сенім білдірсеңіздер, мен нақты қойылған мәселелердің және жоғарыда аталған міндеттердің шешімін табуға бар күшімді саламын.
Мен сіздердің сенімдеріңізді жоғары бағалаймын және біздің үлкен жетістіктерге бірге жететінімізге кәміл сенемін.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын дамытуға бағытталған.
Аймағымызды одан әрі дамыту туралы пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.
Біз біргеміз!
ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1. Экономикалық тұрақты аймақ.
2. Ыңғайлы аймақ.
3. Әлеуметтік бағдарланған аймақ.
4. Жастарға арналған аймақ.
5. Тарих пен мәдениетке бай аймақ.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7. Қауіпсіз аймақ.
Өңірді дамытудың нақ осы 7 басым бағытын «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау.
Біз қаламызды үнемі өркендеуші, бәсекеге төзімді экономикасы және адамдардың жайлы өмір сүруіне ыңғайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АЙМАҚ
Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын ашамыз
Алматы облысының әрбір тұрғынының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету, жұмыссыздықпен күресу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді шешу.
Ауыл тұрғындарының кірісін арттырып, ауылшаруашылық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз
Отбасылық бизнесті дамыту жағдайын жасау, соның ішінде партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында мал шаруашылығын дамыту.
Туризмді дамыту
Қапшағай көлінің жағалауында жаңа демалыс базаларын салу үшін және Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында қонақүй, ойын-сауық кешенінің құрылысына инвестицияны жұмылдыруға атсалысу, осылайша туристер ағынын арттыру жоспарлануда.
Кәсіпкерлерді қолдаймыз
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде инвестицияны жұмылдыру және тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
аталған шараларға облыс тұрғындарының тікелей қатысуын жүзеге асыру жолдарын табу, олардың экономикалық субъект ретінде жоғары мүдделерін және маңызды рөлін айқындау;
COVID-19 салдарынан көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, қолданыстағы мемлекеттік қолдау және «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құруға жағдай жасау.
Өмірбаян деректері:
Туған жылы: 11.07.1977 ж.
Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы
Тұрғылықты мекені: Алматы облысы, Қапшағай қаласы
Ұлты: қазақ
Білімі: Қазақстан Ұлттық аграрлық университеті, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы
Мамандығы: Электроэнергетика, топ-менеджмент
Еңбек жолы: 1993 ж. бастап 2016 ж. дейін «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларында, ЖТЭК электрмонтерден бастап пайдалануға алу бойынша Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне дейінгі жолды өткен. Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ Қапшағай ГЭС басқарушы директоры
2. ЫҢҒАЙЛЫ ҚАЛА – ЫҢҒАЙЛЫ АУЫЛ
Жолдардың сапасын арттыру
жолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, атап айтқанда 8-10 шағынаудандар көшелерін, «Гүлдер», «Қарлығаш» шағынаудандарының көшелерін күрделі жөндеуден өткізу.
Тұрмыстық жағдайды жақсартамыз
Қажеттілігі бар отбасыларды, мамандарды пәтерлермен, жеке тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алуларына мүмкіндіктер іздеу;
2021-2025 жылдарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қапшағай қаласында көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын қамтамасыз ету;
ардагерлерді, еңбек және тыл ардагерлерін қолдау, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ету;
ТҮКШ желілерін жөндейміз
Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін халықты жылумен, газбен және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек деп ойлаймын. Тұрғындарда ыстық су жыл бойы болуы керек;
Тозығы жеткен үйлерге, шатырларға, қасбеттерге бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу;
«Nur Otan» партиясы қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін газбен, жылумен, сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
8, «Восточный», «Гүлдер», «Арна» шағынаудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету.
3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚАЛА
Медициналық көмектің сапасын жақсартамыз
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындық әкелді. Осы бағытта жасалатын жұмыстар әлі бар.
Орта мерзімді кезеңде саланың басты басымдығы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және нығайту болады.
Жаңадан келген дәрігерлерге 16 пәтер сатып алу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету;
қалалық деңгейде емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтауға арналған медициналық жабдықтар сатып алу, оларды дер кезінде қаржыландыру, дәрігерлер мен мұғалімдерге тұрмыстық жағдай жасау мен олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Білім сапасын арттырамыз
Барлық деңгейде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету қаланың одан әрі дамуы мен оның тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартудың маңызды шарты болып табылады.
Болашақта білім саласында білім сапасын арттыруға және білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аудару, бюджеттік және демеушілік қаражаттың есебінен балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталықтарын, спорт, музыкалық және көркемөнер мектептерін ашып, жұмыс істеп тұрғандарын қолдау;
Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту мәселелерін шешуге белсене қатысу.
Тең мүмкіндіктер жасаймыз
Аймақта ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады.
«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және аға ұрпақтың белсенді, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталатын болады.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы:
ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кедергісіз қол жеткізуі мақсатында паспортталған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын 70% бейімдеу;
2021 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға дербес, онлайн режимінде, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, өтемдік көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу;
көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Қамқорлық», «Жақсылық себеті» жобаларын іске асыруды жалғастыру.
Бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаймыз:
Еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды өткізу;
Оқу орындарында және еңбек ұжымдарында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу тәжірибесін енгізу;
Көгалданбаған аулаларда таза ауада спортпен шұғылдануға арналған ворк-аут алаңдарының құрылысын жалғастыру.
Менің бағдарламамның негізгі бағыттары:
Алматы облысының әрбір тұрғынының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету;
Жұмыссыздықпен күресу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу және т.б.;
COVID-19 салдарынан көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, жаңа бизнестердің өркендеуіне жағдай жасау;
Мұқтаж отбасыларды пәтермен, жеке үйлермен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін табу;
Тозығы жеткен үйлерге, шатырларға, қасбеттерге бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Тұрғындарды газбен, жылумен, сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу;
Тұрақты, үздіксіз электроэнергиямен қамтамасыз ету;
Қапшағай қаласында ыстық судың әр маусымда берілу мәселесін көтеру. Тұрғындарда ыстық су жыл бойы болуы керек;
Шағынаудандарда тәртіп сақтау мақсатында кварталішілік бақылау камераларын орнатуды жалғастыру.
4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА
Жастар – мемлекеттің тірегі. Соған орай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысу және аталған бағытқа қосымша бюджет қаражатының бөлінуіне ықпал ету;
Қала жастары қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жастардың рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене мәдениетінің деңгейін көтеруге бағытталған мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Студенттік еріктілер қозғалысы және орта мектептерде полицияның жас көмекшілерінің отрядтары жұмыс істейді.
Ол үшін мына жұмыстар атқарылады:
жыл сайын кем дегенде 60 жасты жұмыспен қамту;
жастардың жұмыссыздығын 2,2% -дан 2% -ға дейін төмендету;
«Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге 200-ден астам жасты жұмыспен қамту;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білікті жас мамандарды тарту. 2025 жылға қарай ауылдық елді мекендерге 10 жас маман тарту жоспарланған;
Өз кәсібін бастауға және бизнесті жүргізуге арналған несие алуға барынша көмек көрсету.
5. ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТКЕ БАЙ ҚАЛА
6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР
7. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА
сыбайлас жемқорлық проблемаларын және қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін зерттеу үшін социологиялық зерттеулер жүргізу;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
тәуліктің қараңғы кездерінде жаяу жүргіншілер өтпелерін жарықтандыруды қамтамасыз ету;
халықтың және бюджеттік сала қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шараларды белсене жүргізу. Құқықбұзушылықтың алдын алу, учаскелік инспекторлардың белсенділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті, қоғам тыныштығын бұзушы азаматтарды қатаң бақылауға алу;
қала аудандарын полиция нарядтарының тәулік бойы патрульдеуін қамтамасыз етіп, бақылауын күшейту;
мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге оқулар өткізу;
мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды арттыру;
қала көшелері мен аулаларына 200 бейнекамера орнатуды жалғастыру;
сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту;
аймақ тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды өткізуде ҮЕҰ әлеуетін пайдалану.
Құрметті Қапшағай қаласының және ауылдық округтердің тұрғындары!
Біздің партия Сіздердің үміттеріңізді ақтап, арыз-шағымдарыңызды қанағаттандыру үшін барлық шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғайды және халық пен үкімет арасындағы дәнекер ретінде әрекет етеді.
Біз өз қаламызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және адамдардың өмір сүруіне қолайлы аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз.
Біз пікір алмасуға, сондай-ақ қаламыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастыққа дайын екенімізді және ашықтығымызды жариялаймыз.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігі, еліміздің өркендеуі және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмысын жалғастырады.
Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және мәслихаттар сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз!
Біз алдымызға сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қойдық.
Біз бірге әл-ауқат қоғамын құрамыз, онда әрбір қала тұрғыны жайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі қалыптастыруда барлық мүмкіндіктерге ие болады!
Устенов Бағдаулет
Қапшағай қаласы, 2020 жыл





