Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

Ақшасы бардың абақтыдада мұртын балта шаппайды деген рас екен-ау – Мақсат Толықбай

23.04.2025
МІНБЕР
Ақшасы бардың абақтыдада мұртын балта шаппайды деген рас екен-ау – Мақсат Толықбай
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Мақсат Мәлікұлы Толықбаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовке депутаттық сауал жолдап, қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп отырған жайттарға нақты шаралар қабылдауды сұрады.

Халық қалаулысы өз сауалында соңғы уақытта қоғамда күш қолдану, пышақтасу, арнайы жасаққа еліктеу сынды жалған пранк контенттердің көбейіп, ел ішінде үрей туғызғанына назар аударды. Депутат бұл әрекеттердің азаматтардың психологиялық қауіпсіздігі мен елдің халықаралық имиджіне айтарлықтай зиян келтіріп отырғанын айтты.

Депутат Шерзат Полаттың қазасы туралы айтты. 16 жастағы баланың жауыздықпен өлтірілуі елді дүр сілкіндірген еді. Депутаттың айтуынша, қаскөйлердің тергеу изоляторында жеңілдікпен отыруы қоғамда «ақшалы адам жазадан сытылып кете ме?» деген күмән тудырған.

«16 жасар баланы аяусыз өлтіргендер қатаң жазаға тартылуы керегін талап еттік. Ағайынның кеудесін ашу кернеп отырғанда Шерзаттың өліміне күдікті ретінде қамалғандардың уақытша ұстау изоляторында ән тыңдап, тәтті жеп, ұялы телефон пайдаланып, уайымсыз ойнап-күлгенін көрдік. Жұрт жағасын ұстады, артынша қызметкерлер жазаланды. Бірақ бұл «ақшасы бардың абақтыдада мұртын балта шаппайды деген рас екен-ау» деген ойға қалдырды. Жуырды аталған іс бойынша сот басталды. Айыптау актісін оқыған прокурор елдің есін екеу, түсін төртеу қылды. Қаскөйлер анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрек тұсына пышақ сұғып, артынша басынан мылтықтың дүмімен ұрған. Бұл сұмдықты көзімен көріп баласына көмектеспек болған ананы тағы екі қаскөй жібермей ұстап тұрған. Бұл сұмдық емес пе? Қауіпсіз қоғамды қауіп-қатердің ортасына айналдырғандар уақытында неге жазасын алмаған? Сұрақ көп. Шерзаттың қазасына қатысты сот онлайн өтсін деген талабымыз орындалды. Енді шешімнің әділ болуын жауапты органдар қамтамассыз етуі шарт», – деді депутат.

Ол сондай-ақ Жамбыл облысы Меркі ауданында болған тағы бір ауыр оқиғаны тілге тиек етті. Шетел азаматы – мотоциклшінің күндіз бейнекамералардың көз алдында екі мәрте пышақталуы – ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік деңгейіне қатысты үлкен сұрақ туғызды.

Толықбаев соңғы жылдары әлеуметтік желілерде тарап жатқан агрессивті «пранк» бейнероликтердің қауіптілігін ерекше атап өтті. Онда актерлер жалған пышақтасу, төбелес және арнайы жасаққа еліктеу арқылы қоғамда дүрбелең туғызатын көріністерді шынайы түсіріп, оны «әзіл» деп ақтап шығады.

«Жалған пышақпен ойнап жүргендер жұртты шошытып жүр. Енді біреу пышақ ала жүгірсе, бұл шын ба, әлде пранк па деп қарап тұруымыз керек пе? Ойыннан от шығады. Мұндай әрекеттер – заңмен қатаң реттелуі тиіс», – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, арнайы жасақтың киіміне ұқсас формаларды киіп, жалған құжат көрсетіп, адамдарды «құрықтап», кейіннен барлығын пранк деп түсіндіретін әрекеттер – қоғамдағы үрейді арттырып отыр. Мұндай әзілдер адам денсаулығына да қауіп төндіреді.

«Қалжыңдамақ болған адамның қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса, кім жауапты?» – деп сұрады ол.

Толықбаев ІІМ вице-министрінің пранк жасаушылар киімдерінің арнайы қызмет формасына ұқсамайтыны жөніндегі жауабымен келіспейтінін білдіріп, халыққа ондай айырмашылықты ажырату қиын екенін айтты.

Депутат министрлікке нақты ұсыныс айтты:

  1. Қауіпті пранк контенттердің авторларын анықтап, оларға қатаң ескерту беру;
  2. Олардың қолындағы жалған қару-жарақтарды тәркілеу;
  3. Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеттерді заңмен шектеу;
  4. Азаматтардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау.

«Адам қорқытуды, арнайы операцияға еліктеуді ойынға айналдырғандарды жүгендейтін кез келді. Бұл – елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қажет», – деді Мақсат Толықбаев.

сурет: parlam.kz

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.