Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

«ЕҢ ҮЛКЕН ЕМ — ЖАҚСЫ СӨЗ»: МЕДИЦИНА АРДАГЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

24.11.2020
МІНБЕР
"ЕҢ ҮЛКЕН ЕМ - ЖАҚСЫ СӨЗ": МЕДИЦИНА АРДАГЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
WhatsAppTelegramFacebook

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ғұмырын ел саулығы мен амандығына жұмсаған медицина саласының ардагерлерімен онлайн жиын өтті. Шараның мақсаты – Гиппократ антына адал қызмет етіп, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін есен-сау жүруіне саналы ғұмырын сарп еткен аялы да саялы жандарға құрмет көрсету.

— Әлемді жаулаған пандемия кезінде халық дәрігерлердің шынайы қамқорлығын сезінді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауын дәрігерлерге алғыс айтумен бастаған еді. Медицина сонша жерден заманауи жабдықтармен қамтылып, дами түскенімен, білікті маман болмайынша бұл саланың өрісі кең деп айта алмаймыз. «Науқасты жазатын ең үлкен ем – жақсы сөз» деген бар Батыстың медицинасында. Бұл ретте адами қасиеттерді кейінгі буынға сіңіріп, тәлім-тәрбие беруде аға буын қалыс қалып жатқан жоқ. Олар әрдайым құрметке лайық. Әдетте дәрігерлерге «ақ халатты абзал жан» деген тіркес қолданылады. Абзалдық – жанның мейірбандығы, қызметке адалдығы мен адамгершілігі. Міне, осындай қасиеттер ел дәрігерлерінің бойынан табылады. Себебі, аға буын, ардагер дәрігерлеріміз соған тәрбиелеп еді, — деді Ескелді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Сәуле Құсмолданова.

Соңғы жылдарда медицина саласы білікті һәм білікті жас мамандармен толығуда. «Жас келсе іске» деген бар, жастармен қатар салаға прогресс те келуде. Жаңашыл және талапшыл жастар заманауи медициналық техникаларды тез меңгеріп, сала тынысы ашылуда. Жиын барысында Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері, жас маман Мақпал Сұлтан сөз сөйлеп, аға буынға алғысын білдірді.

— «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелегі сонда бағыт алмақ» деген бар. Сала ардагерлерінен біліммен қатар, имандылықты, адамгершілікті, адамилықты үйрендік. Олар өмір тәжірибесінде алған мол білігін бізге үйретті. Бүгінде саланың майталманына айналған білікті жастар жетерлік. Сол жастар әрдайым медицина саласының ардагерлеріне алғысын білдіреді, — деді ол.

Жиын барысында аға буын мен жастар жан-жақты пікір алмасты. Сала ардагерлері жастарға сәттілік тілесе, жастар оларға алғысын білдірді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026
Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.