Талдықорған: +32°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

Мәжіліс депутаты спорт саласына қатысты заңнамалық өзгерістерді талқылады

12.08.2024
МІНБЕР
Мәжіліс депутаты спорт саласына қатысты заңнамалық өзгерістерді талқылады

Мәжіліс депутаттары аймақтардағы жұмысын жалғастыруда.

Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Талдықорғандағы Орталық стадионның реконструкция барысымен танысып, сондай-ақ облыстың спорт қауымдастығымен кездесті.

Талдықорған Орталық стадионы қайта жаңартылғаннан кейін 1500 көрерменді қабылдай алады, бұл бұрынғыдан 500 орынға артық. Жаңартылған алаңда «Жетісу» футбол клубының 400-ден астам тәрбиеленушісі жаттығуларын жалғастыра алады. Ал алғашқы футбол матчы 18 тамызда өтеді.

«Қоғам әрқашан спортқа ерекше көңіл бөледі, әсіресе жақында өткен Олимпиада ойындары да оған сеп болды. Болашақта елімізді үлкен спортта көптеген жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Мемлекет пен «AMANAT» партиясы барлық қала мен ауылда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасауға күш салуда. Қазір «Жетісу» футбол клубында жаттығып жүрген балалардың ішінен болашақта әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өсіп шығуы әбден мүмкін», – деді Болат Керімбек.

Спортшылармен кездесуде депутат партияның кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі басымдықтары туралы айтты. Қазіргі уақытта Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы қаралуда. Егер қазір Қазақстанда 180 спорт түрі дамыған болса, енді Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиялық ойындар бағдарламасына енгізілген спорт түрлері басымдыққа ие болады. Сонымен қатар заң жобасы спорт резервін дайындауды жетілдіруге бағытталған, бұл үшін ұлттық спорттық даярлық стандарттары әзірленіп, бекітіледі.

Мемлекет пен партия өңірлерде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Мәселен, өткен жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Басши және Шанханай ауылдарында күрес залдары, Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылындағы орталық стадион, Алакөл ауданының Бескөл ауылында, Панфилов ауданының Пенжім және Үлкен Шыған ауылдарында, Қаратал ауданының Кәлпе және Ескелді ауданының Көкжазық ауылдарында спорт кешендері пайдалануға берілді. Сарқан қаласында жабық футбол манежі салынып, орталық стадион жаңартылды.

«Жетісу-Ақпарат» 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.