Талдықорған: +19°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

«NUR OTANDA» АЙМАҚТАҒЫ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ, ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

07.10.2021
МІНБЕР
"NUR OTANDA" АЙМАҚТАҒЫ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ, ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған аграрлық секторды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің бірнеше отырысы өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Құрылған бұл кеңестің негізгі мақсаты – «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген барлық нысандар мен көрсеткіштерге сапалы қол жеткізу. Сондай-ақ, жиында кеңестің негізгі міндеті, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламасы, кеңестің алдағы жұмыс жоспары қаралып, мүшелері таныстырылды.

Айта кетейік, қоғамдық кеңестің жұмысына төрағалық ету облыстық мәслихат депутаты Елдос Үшкемпіровке жүктелген.

Аталмыш кеңестің кезекті отырысында жер мәселесі қаралды. Шараға филиал төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев пен облыстық мәслихат депутаттары, кеңес мүшелері мен аграрлық сектор қызметкерлері қатысты.

Жалпы, суармалы жер мәселесі мен егіндік, дихандар жағдайы көтерілген жиында Ақсу, Ескелді, Талғар, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласында 13,4 мың гектар суармалы жерді пайдалануға, сондай-ақ, ылғал үнемдеу технологияларын пайдалану алаңын 152,3 мың гектарға дейін кеңейту және тамшылатып суаруды 12 мың гектарға дейін ұлғайту, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы «Rich Valley» ЖШС-мен 2 гектарға 1 жылыжай құрылысы арқылы жобаны іске асыру және 35 жаңа жұмыс орнын ашу тақырыптары талқыға түсті.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы М.Жапаров өз сөзінде бас партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясындағы «Ауыл тұрғындарының табыстылығын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» міндетінің тоғыз тармағына аталған басқарма жауапты екендігін атап өтті. Әр бағыт бойынша атқарылар жұмыстарды шолып, жоспарлар легімен бөлісті.

Атай кетсек, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде облыстағы 6 ауданда 9 су шаруашылығы объектісі жөндеуден өтуде. Нәтижесінде, 6692 гетарды сумен қамтуға мүмкіндік тумақ. Бұл нысандар Кербұлақ, Жамбыл, Райымбек, Іле, Талғар, Сарқан аудандарында орналасқан.

***

Аграрлық секторды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің келесі отырысында аймақтағы құрғақшылық, малды азықпен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Отырысқа облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев, аграрлық секторды дамыту бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Елдос Үшкемпіров, Алматы облысының ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары Коюмчан Омаров, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы Жомарт Әмірханов, «Қазсушар» РМК Алматы филиалы директорының орынбасары Бақыт Әбішев, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Д.Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы» филиалы директоры Серікқали Мұқатаев, облыстық мәслихат депутаттары мен кеңес мүшелері қатысты.

Маңызды мәселеге қатысты баяндаманы ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары Коюмчан Омаров жасап, өз сөзінде өңірде 27 мамырдан бастап жем-шөп дайындау науқаны басталғанын жеткізді. «Биылғы жоспар — 3,5 млн.тонна ірі жөп және 1,3 млн.тонна шырынды жемшөп, сондай-ақ, 684 мың тонна дәнді мал азығы. Қазіргі уақытта көпжылдық дақылдардың алғашқы шабуы аяқталды, 1 055,1 мың тонна шөп және 135,5 мың тонна пішендеме дайындалды. Сонымен қатар, азық дайындау, соның ішінде шабындық жерлерді анықтау мәселелерін жедел шешу үшін аудан және қала әкімдіктерінде штабтар құрылды, жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қолжетімді бағамен орталықтандырылған сату үшін негізгі азық дайындаушылармен меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізілді», — деді басқарма басшысының орынбасары Коюмчан Омаров.

Кеңес мүшелері азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты сауал қойды. Сауалға жауапты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы Жомарт Әмірханов жауап берді.

Ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары ауылшаруашылық тауар өндірушілерге өңірдің мемлекеттік табиғи қорықтары аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерінен шөп дайындау кезеңінде уақытша пайдалану құқығын беруге қатысты ұсынысын жеткізді.

 

***

Аграрлық секторды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің келесі басқосуында өңірдің бірқатар аудан-қалаларында мал бордақылау алаңдарының құрылысы, жаңа жұмыс орындарын құру, Ақсу ауданында, Қапшағай қаласында сүт фермасын салу жайында талқыланды.

Кеңес төрағасы Елдос Үшкемпіров пен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев аталған мәселелер бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Қаратал ауданы, облыстық жер қатынастары басқармасы мен жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы өкілдерінің баяндамасын тыңдады.

Ауылшаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, «Nur Otan» партиясының облыстық Жол картасының 13 тармағына сәйкес ағымдағы жалпы сыйымдылығы 10,3 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңын іске қосу жоспарланған. Бұл жоспар қазіргі уақытта 45 пайызға орындалып, 2400 басқа арналған 5 бордақылау алаңының құрылысы толық аяқталды.

Есепті кезеңге 2 сүт тауарлы ферма іске қосылған. Оның бірі — Қапшағай қаласындағы «Ағайындылар» ШҚ болса, екінші нысан — Ақсу ауданындағы «АқсуАгроХолдинг» ЖШС-нің 620 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысы ағымдағы жылы бастамасын алған, алайда өңірдегі жер мәселесімен жағдай тұрақсыз болуына байланысты, жобаны іске асыру мерзімі тоқтап тұр. Сала мамандарының пікірінше сүт тауарлы фермаларды іске қосу арқылы аграрлық секторға 2840 млн. теңге инвестиция тартылып, 23 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жалпы, Жол картасы аясында өңірде бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында құны 4,8 млрд.теңге болатын 15 инвестициялық жоба жоспарланса, тамыз айына – 8 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталған.

Жиын соңында комиссия мүшелері әлеуметтік желілерде таралған Қаратал ауданындағы жайылым жерлердің тапшылығына байланысты резонанстық жарияланымды талқылап, ауапты бөлім басшысына сауал қойды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Бабамның көзі, тарихтың сөзі

Бабамның көзі, тарихтың сөзі

29.03.2026
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026
Тұрсын аға тәлімі

Тұрсын аға тәлімі

28.03.2026
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.